Есімдікті қайталау (ашық сабақ)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Есімдікті қайталау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік- есімдік туралы алған білімдерін пысықтау,
есімдіктің түрлерін ажырыта білуге үйрету;

Дамытушылық- сөйлеу тілдерін жетілдіру,ойлау

белсенділіктері мен шығармашылық
қабілеттерін дамыта түсуге ықпал ету, ой

мен іс- әрекеттегі жүйелілік, қиял мен

сезімнің ұшқырлығы сияқты қабілет-

қасиеттерді дарыту;

Тәрбиелік - талдауға,адалдыққа, сауаттылыққа,
жылдамдыққа, ұшқыр ойлауға тәрбиелеу,
адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.

Сабақтың түрі: қайталау сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, сатылай кешенді талдау, қайталау,.

Пән аралық байланыс: әдебиет.

Сабақтың көрнекілігі: тест сұрақтары, сатылай кешенді талдау үлгісі.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру бөлімі.Оқушылардың сабаққа қатысуын қарап, зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.

110- жаттығу, бір ақынның бір шумақ өлеңін жазу, есімдікті табу.

Сабақтың тақырыбымен таныстырып сабақты «Біліміңді байқап көр» тапсырмасынан бастаймын.

І тапсырма

  1. Есімдік дегеніміз не?

2. Етікшінің аспабының бірімен ұқсас есімдіктің қай түрі? ( Біз- жіктеу
есімдігі)

3. Жіктеу есімдігінің неше жағы, қандай түрі бар?( 3 жағы, жекше, көпше
түрі бар )

4. Сілтеу есімдігі дегеніміз не?

5. Сілтеу есімдігі қандай сұраққа жауап береді? (қай?)

6. Басқаның бәрін өзі сұрайды, өзінен ешкім сұрамайды? (сұрау есімдігі)

7. Өздік есімдігіне қандай сөз жатады? ( өз )

8. Көпшіл және көңілшек,

Ештеңені бөліп жармайды.

Көптік ұғым беріп,

Көпшілікті қармайды. (жалпылау)

9. Құрамындағы сөздің бәрін біреуден сұрап алыпты,

Алдына бір буын қойыпты да, есімдіктің бір түрі болып тұра
қалыпты.(Болымсыздық)

10.Болымсыздық есімдігі қандай сөйлем мүшесінің қызметін атқарады?

( пысықтауыш)

11 Белгісіздік есімдігі қай сөз табының орнына жұмсалады? (Зат, сын

есім)

12.Есімдікті нешеге бөлеміз? ( дара, күрделі)

ІІ тапсырма. «Кім жылдам?»

Берілген есімдіктерді өз қалташаларына жинау.

Есімдікті қайталау (ашық сабақ)Есімдікті қайталау (ашық сабақ)Есімдікті қайталау (ашық сабақ)Есімдікті қайталау (ашық сабақ)Есімдікті қайталау (ашық сабақ)Есімдікті қайталау (ашық сабақ)Есімдікті қайталау (ашық сабақ)


Сол, сен, мен, қанша, ешкім, мынау, біз, өзім, өзгеге, әрқашан, ешуақытта, қандай, сонша, біреу, әлдекім, дәнеңе, барша, ол, одан, ешбір, әне.

111- жаттығу. Есімдікті табу, мағыналық түрлеріне қарай ажырату.

ІІІ тапсырма. Сатылай кешенді талдау.

* Сөзіме ешкім құлақ аспады.

* Есенейдің асына бүкіл ауыл қатысты.

Есімдікті қайталау (ашық сабақ)Есімдікті қайталау (ашық сабақ)Есімдікті қайталау (ашық сабақ)Есімдікті қайталау (ашық сабақ)Ешкім Бүкіл

Есімдікті қайталау (ашық сабақ)Есімдікті қайталау (ашық сабақ)негізгі негізгі

Есімдікті қайталау (ашық сабақ)Есімдікті қайталау (ашық сабақ)дара күрделі

жЕсімдікті қайталау (ашық сабақ)Есімдікті қайталау (ашық сабақ)алпылау болымсыздық

Есімдікті қайталау (ашық сабақ)Есімдікті қайталау (ашық сабақ)қай кім

Есімдікті қайталау (ашық сабақ)Есімдікті қайталау (ашық сабақ)анықтауыш бастауыш

ІҮ тапсырма

* Әркім, әлдене есімдіктерін септеу.

* Ол, өз есімдіктерін тәуелдеу.

Ү тапсырма. Сурет бойынша әңгіме құрау.

Әр ,кей, әлде, қайсы, еш, бір есімдіктерінің сөз таптарымен тіркесіп қолданылатынын ескеру.

ҮІ тапсырма. Көру диктанты.

Өлеңге әркімнің- ақ бар таласы,

Сондада олардың бар таңдамасы.

Іші алтын , сырты күміс сөз жақсысын,

Қазақтың келістірер қай баласы.

ҮІІ тапсырма Қанша есімдік бар?

Бір оқушы мәтінді оқиды, қалған оқушылар есімдіктерді санап отырады.

Қорытынды.

Тест тапсырмасы

1.Күрделі етістіктердін қатарын көрсет.

а) күллі, барша, тегіс;

б) өзім, өздеріңіз;

с) әркім, қайсыбір, ешқашан;

д) мынау, осыңыз, соным;

2 .Жалпылау есімдігі қатысқан сөйлемді көрсет.

а) еріншектік- күллі дүниедегі өнердің дұшпаны;

б) Саған тай сатып әперемін,

с) Ешкімге тіл қатушы болма;

д) Өзің үлкен, қылығың, бала-шаға

3. Емлеге сай жазылған есімдіктер қатарын көрсет.

а) еш уақытта, еш қашан;

б) әлде кім, әр адам;

с) бүкіл, еш теңе;

д) әркім, ешқайда;

4. Болымсыздық есімдігін көрсет.

а) бірнеше,

б) саған;

с) дәнеңе;

д) түгел;

5. Дұрыс септелген есімдікті тап.

а) менге;

б) сенмен;

с) сода;

д) бұдан;

Жауабы.

1

2

3

4

5

с

а

д

с

д

Өзін-өзі бағалау.

«5» - 5

«4» - 4

«3» - 3

Үйге тапсырма: «Менің досым» тақырыбына мәтін құрау, есімдіктерді табу.

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Сарыөмір ауылы

Х.Есенжанов атындағы ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Мусагалиева Анаргүл Айдынқызы






Есімдікті қайталау (ашық сабақ)

Есімдікті қайталау (ашық сабақ)Есімдікті қайталау (ашық сабақ)

Есімдікті қайталау (ашық сабақ)

Есімдікті қайталау (ашық сабақ)Есімдікті қайталау (ашық сабақ)


© 2010-2022