Поурочные планы по казахскому языку

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Поурочные планы по казахскому языку

Поурочные планы по казахскому языку




9-сынып

Пән мұғалімі: Умбетова Ж. Н







Алматы 2014-2015 оқу жылы





САБАҚ ЖОСПАРЫ

Пәні: қазақ тілі сыныбы: 9 «А» Күні:

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тіл білімінің негізін салушылар Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қазақ тіл білімінің негізін салушылардың өмірі мен еңбектері туралы мағлұмат алады. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын,түрлерін меңгереді. Тәрбиелік: қазақ тіліне,еліне, жеріне деген сүйіспеншілік, құрмет сезімдерін оянады; Дамытушылық: оқушылардың қазақша ойлау қабілетін, тілдік қоры жетіледі, осы тақырып бойынша өтетін сөздер мен сөз тіркстерін дұрыс айта білуге үйренеді; Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдісі: Аралас. (сұрақ-жауап, түсіндіру. баяндау, әңгімелеу.) Өзара сөйлесу, сұхбат құру. Сабақтың көрнекілігі: кестелер,сызбалар,интерактивті тақта.

Қазақ тіл білімінің негізін салушылардың портреттері


Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі: а) сәлемдесу в) оқушылар дайынықтарын бақылау,назарын сабаққа аудару. г) Сабақтың мақсатын, барысын айту. ІІ Грамматикалық тақырып

Құрмалас сөйлем

Екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып,күрделі ойды білдіретін сөйлем құрмалас сөйлем деп аталады.

Мысалы : Бартольд - ірі ғалым , ол шығыс халықтарының мәдениеті мен тарихын зерттеген.

Құрмалас сөйлем құрамына қарай үш түрлі болады: салалас, сабақтас, аралас.

ІІІ. Сөздік жұмыс

Оқушыларды жаңа сөздермен таныстырып,аудару. Сөздерді дұрыс айтуға,сауатты жазуға дағдыландыру.

  • Мұғалім мәнерлеп оқиды
  • Оқушылар дауыстап қайталайды.
  • Жаңа сөздерден сөз тіресін құрайды.
  • Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырады

ғылыми-зерттеу - научно исследовательская

жетекшілік етті - руководил

мәселе - вопрос

шұғылданды - занимался елеулі із-заметный след қалдырды- оставил саяси-әлеуметтік -соционально -политический
ІV.Лексикалық тақырып: Қазақ тіл білімінің негізін салушылар (Оқулықпен жұмыс) Мәтінмен жұмыс. Топпен жұмыс.

  • Мұғалім мәтінді мәнерлеп оқиды


  • Тізбекпен оқып шығады.


  • Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді,мәтінді аудару

Қазақ тіл білімінің негізін салушылар

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар.

Сөздіктен кейін берілген сызбаларды пайдаланып, мәтіннің мазмұны

бойынша жоспар құрыңдар.

Поурочные планы по казахскому языкуСауранбаев Нығмет Тінәліұлы (1910-1958)

Н. Т. Сауранбаев - қазақ тіл білімінід негізін салушылардың бірі, түрколог, филология ғылымының докторы, профессор.

1932 жылдан бастап ол жоғары оқу орындарында сабақ берді, оқулықтар жазды, студенттер мен аспиранттарды

ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік етті.

Н. Сауранбаев 1950 жылдардан бастап қазақ тілінің тарихы мен диалектологиясы туралы мәселелермен шұғылданды. Әдеби тілдің тарихы жөнінде еңбек жазып, артына елеулі із қалдырды: «Қазак әдеби тілінің дамуындағы Абайдың рөлі» (1954), «Қазак тілінің жасалуы туралы» (1954), «Қазіргі қазақ тіліндегі диалектілер» (1955), «Қазақ әдеби тілінің

тарихын зерттеу туралы» (1960).

Н. Сауранбаевтың білім беру, мәдениет, тарих пен әде-

биетке және саяси-әлеуметтік өмірімізге байланысты жаз-

ған мақалалары да өте көп.

(Қазақ .эциклопедиясынан)








(Сызбаны дәптерлеріне жазып алу.)

Поурочные планы по казахскому языку

Ғалым

казақ тіл білімінід негізін салушылардың бірі.

жоғары оқу орындарында сабақ берді.

оқулықтар жазды.

ғылыми жұмыстарға жетекшілік етті.

әдеби тіл тарихы жөнінде еңбек жазды.

елеулі із қалдырды.

Поурочные планы по казахскому языку

білім берумен

Мақалалары

мәдениетпен

тарихпен байланысты

әдебиетпен

саяси-әлеуметтік өмірімізбен

2-тапсырма. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.

Айдаров Ғұбайдолла

(1921)

Ғұбайдолла Айдаров - ғалым, профессор, филология ғылымының докторы, 250-ден астам ғылыми-зерттеу еңбектер, оның ішінде 10 монография мен жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулықтар жазған. Оның еңбектері, негізінен, түркі жазба ескерткіштерін зерттеуге арналған. Ол көне түркі ескерткіштерінің мәтіндерін жан-жақты талдаған, ескерткіштер тілінің қазіргі қазак тіліне жақындығын зерттеп, дәлелдеген.

Сұрақтар


1. Ғұбайдолла Айдаров кім?

2. Оның қанша ғылыми-зерттеу еңбегі бар?

3. Ол кімдерге арнап оқулықтар жазған?

4. Оның еңбектері неге арналған?

5. Ғалым көне түркі ескерткіштерінің мәтіндерін қалай талдаған?

6. Ғ. Айдаров нені дәлелдеген?

V Жаттығу жұмыстары

3-тапсырма. Екі жай сөйлемнен құрмалас сөйлем құрап жазыңдар. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің астын сызындар.

1. Н. Сауранбаев 1932 жылдан бастап жоғары оқу орындарында сабақ берді. Ол көп оқулықтар жазды.

2. Ғ. Айдаровтың 250-ден астам еңбегі бар. Олар түркі жазба ескерткіштеріне арналған.

3. Академик В. В. Бартольд - әйгілі тарихшы. Ол Орта Азияның тарихын зерттеген.

4-тапсырма. Үлгі бойынша сөйлемдерді тұрлаусыз мүшелермен толықтырыңдар

Ғ. Айдаров - галым.

Ғ.Айдаров - гылыми-зерттеу еңбектерін жазган ғалым.

Ғ.Айдаров - гылыми-зерттеу еңбектерін, монографиялар мен оқулықтар жазган ғалым.

1. Ғ. Айдаров - ғалым.

2. Н. Т. Сауранбаев - профессор.

3. В. В. Бартольд - шығыстану ғылымының өкілі.

І топ

Сауранбаев Нығмет Тінәліұлы (1910-1958) тақырыбына жоспар құрып әңгімелейді.

ІІ топ

Айдаров Ғұбайдолла(1921) мәтіні бойынша жоспар құрып әңгімелейді.

Тақтамен жұмыс

2 топта өздерінің мәтіндерінен құрмалас сөйлемді тауып, синтаксистік талдау жасайды.

VІ.Білімдерін бағалау.

Міндеттері: Өзара бақылау; жеке оқушының және сыныптың жұмысы мен қабілеттілігіне сапалы баға беру(ынталандыру,мадақтау, ескерту, т.б.)

VІІ.Рефлексия кезеңі:

Міндеттері:

  • Оқушының көңіл-күйін, іс-әрекетін, оқушылар мен мұғалімнің өзара қатынас рефлесиясына жағдай жасау;

  • Оқушылардың өзін-өзі ұстай білуі және ынтымақтастық қағидаларын түсінуін қамтамасыз ету;

VІІІ.Үйге тапсырма: Құрмалас сөйлем жазып, синтаксистік талдау жасау. Қосымша мәлімет қарау. Жаңа сөздерді жаттау


© 2010-2022