Әліппе білім бастауы 1 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әліппе білім бастауы 1 сыныпӘліппе білім бастауы 1 сынып` Әліппе -білім бастауы

Мақсаты: Оқушылардың әліппеден үйренген білімдерін ортаға салу, тиянақтау , ата-аналарға өнерлерін көрсету.Мәнерлеп өлең айта білуге, берілген сұраққа, жауап беруге,білім-білік дағдыларын шыңдауға баулу.

Көрнекілігі: Әліппе,Ана тілі макеті, нақыл сөздер,плакаттар,шарлар, т.б.

Барысы: Мұғалімнің құттықтау сөзі.

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі қуанышты күн - Әліппемен қоштасу мерекесі құтты болсын. Балалардың алдағы шығатын биік белестерінің ең алғашқысы - Әліппемен қоштасу.Білім жолындағы белестерге балғындарымыз қанаттары талмай көтеріле берсін деп тілек білдіргім келеді. Мерекемізге қош келдіңіздер дей отырып, мерекемізді бастайық.

Асылым:Қайырлы күн,халайық! Армысыздар,ата-ана,ұстаздар!

Әліппемен қоштасу тойы құтты болсын!

Қанағат:

- Армысыздар, аналар!
Бармысыздар балалар!
Сөзіме құлақ салыңыз,
Бір серпіліп қалыңыз
Әліппеге арналмақ.
Бүгінгі жыр әніміз!

Армысыздар, мұғалімдер , әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар,
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп,әнде бүгін шырқалар.

Кеше ғана қадам басқан мектебің,

Білім берді,санаң өсіп көктедің.

Бойыңды да өсті,ойың да өсті,қарашы,

Осы емес пе бір белеске жеткенің.

Асылым:

Құрметті ұстаздар,ата-аналар,

Кез келді сіздерден бата алар.

Көрсетпекші өнерін, ұл-қыздарың

Бар қауым тамсана таңдай қағар.

Қанағат:

Өсті міне ойларың,

Өсті міне бойларың

Қуанышқа ортақпыз

Құтты болсын тойларың.

Асылым:

Әріптерді таныған

Өңкей білгіш балдырған.

Өсті білім,ойларың,

Құтты болсын тойларың!- дей келе бүгінгі қуаныш иелері 1а- сынып оқушыларын қошеметпен ортаға шақырайық.

Қанағат:

Ұрпағы,ұландары текті жердің,

Білімге бейім болсын деп тіледім.

Келешек ғалымдар да,даналар да

Шығады өздеріңнен деп білемін

Сүлеймен Мадияр:

Бала шақта болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге

Армысыздар ұстаздарым қымбат

Іңкәр :

Армысыздар аталар мен аналар,

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен Фарабидей бабалар.

Әбілқайыр:

Армысыздар өр тұлғалы әкелер,

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне Әліппемен қоштасады

Азамат боп кешегі ерке сәбилер.

Әмина:

Армысың сен алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мақтан етем сені мәңгі мектебім.

Шынар

Алтын ұя -мектеп,өзіңсің мақтаным,

Сенен артық құтты қадам таппадым.

Сен арқылы білім деген отаудың

Қасиетті босағасын аттадым.

Оспан:

Мектеп деген білім кені,жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені

Мектеп деген тәрбие

Мектеп деген даналардың мекені

Қанағат:

Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен:
Болашаққа жол ашар-
Ол сүйікті- Әліппе!
Ол сүйікті -Әліппе!
Мұғалім:
-Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Әліппе:

Армысыздар, жас достар!

Армысыздар, ата-ана!

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға

Білім деген ғажаптың

Әліппесін меңгерген,

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден

Таудай болса талабың

Айтары көп әріптің

Қуанышы баланың

Жақсы білім-көрімдік

Болсын сізге халайық!

Не үйреніп, не білдік

Қане, ортаға салайық

Әліппе:
- Осы сендер қандайсындар?
-Талабы биік таудаймыз.
-Мың бұралған бишіміз.
-Біз шеберміз.
-Ақылдымыз.
-Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз.
-Көп оқимыз.
^ Барлығы: Біз - қазақ елінің болашағымыз.

Асылым:

Ендіше әннен шашу шашайық
Ән: «Қош бол әліппем»

Исмайл

Бүкіл қазақ баласы дәріптеген,

Қоштаспақпыз сүйікті Әліппемен

Ризамыз бәрәмәздә таныстырған

Сөз бен дыбыс,әр түрлі әріптермен.

Рахымжан

Әліппе даңғыл жол ашты,

Жаңадан пәндер жалғасты.

Әліппе сырын ұқтырған

Рахмет ұстаз алғашқы!

Асылжан

Балалық шақ бүгінгі

Қайталанбас асыл шақ.

Ойға тоқып білімді

Есейеміз асыр сап.

Қанағат:

Қазақ халқы ежелден балаларын тазалыққа,кішіпейілділікке,инабаттылыққа тәрбиелеген.Әліппе, ендіше біздің балаларымыз әдіптілік жайында не білер екен?

Күлімкөз

Сыйлап үлкен ағаны,

Сәлем берген баланы

Кім дейміз?

Хор: Әдепті екен бұл дейміз

Іңкәр

Кітап, дәптер, қаламы,

Кір шалмаған баланы

Кім дейміз?

Хор: Ұқыпты екен бұл дейміз

Қыздардың орындауында би

-Қанағат: Балалар, ең алғаш әліппені кім жазды?

Оқушылар: Ахмет Байтұрсынұлы

Қанағат: Ең алғашқы ұстаз кім?

Оқушылар: Ең алғашқы ұстаз Ы. Алтынсарин

Оқушылар:

  • Ыбырай ата

1-жүргізуші:

  • Ыбырай аталарың туралы не білесіңдер?

Тоғжан:

Жырын жаттап аламыз,

Жалықпастан қыс-жазы.

Ұлы Ыбырай атамыз-

Ұстаздардың ұстазы.

Іңкәр:Ұран тастап көп елге,

«Кел,балалар,оқылық!»

Деген сөзін көңілге

Ықыласпен тоқылық

Нұрас :

Әліппе:
-Балалар! Сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге математика оқулығымен де таныстыңдар.
Мұғалім:
-Математика - ғылымдардың атасы деген. Ендеше математикадан алған білімдерін тексерейік. ( ауызша есеп)

Бес асықтың үшеуін,

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі,

Өз қолыңда қалады.5-3═2

Ағаштағы төрт алмұрт,

Піскен екен тимей құрт.

Самат алып екеуін,

Қалдырған екен нешеуін?4-2═2

Қазып жүр құмды бес мысық,

Үшеуі жатыр күн ыстық.

Екеуі жүр шомылып,

Барлығы қанша санап шық.5+3+2═10

Әліппе:- Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық.
Ана тілі:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Туған елдің тілімін,
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.
Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін.

Ғани:

Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық

Өсер балаң ,байтақ елің тұрғанда,

Ана тілі жасау керек мәңгілік.

Мадияр:

Ана тілі ұраным

Ана тілі құралым

Ана тілі болмаса

Мықты болмас тұрағым

Асылым:

Бізде көп- ақ өнер бар

Соның бірі тіл өнер

Қанағат:

Дұрыс айтасың біз әріптерді үйрене отырып ертегіні де ұғып үйрене бастадық

Автор: Әбілқайыр-

Анасы қошақанға «әріптер» ойнын әкеліп береді.Оның қуанышы қойнына сыймай,оны алаңға әкеліп,үй жануарларына мақтана көрсетеді.

Нұрас:

-М әәәә қараңдар анам маған қандай ойыншық әкелгенін...

Әбілқайыр:

Деді қошақан

Рахымжан:

-ия ия ол қандай ойын

Әбілқайыр:

Деді құлын

-Мө ө ө бұл әріптерге ұқсайды екен

Әбілқайыр:

Деді бұзау

  • Ку ка ри ку мұнда менің суретім бар екен..

Әбілқайыр:

Деп әтеш қуанып кетеді

Әтеш :

-Ал жанындағы қандай әріптер екен келіңдер мысық мұғалімнен сұрап көрейік

Мысық апай,мысық апай мынау қандай әріп қараңызшы

Мысық (Шынар):

-Балалар кімнің суреті?

Барлығы:

-Атаның суретіғой

Мысық:

  • Демек «Ата» сөзі А дыбыстан басталып тұр,яғни бұл А әрпі

Мысық:

  • Мынау ненің суреті ?

Барлығы:

-Әтешқой

Мысық:

-Бұл біздің екінші әріп «Ә» дыбысы, әтеш сөзі «Ә» дыбысынан басталады

Әбілқайыр:

Сөйтіп, мысық жан-жануарларға барлық 42 әріпті үйретеді

Мысық:

Біз неше дыбыс пен таныстық?

Барлығы:

-42 әріп

-Олардың нешеуі дауысты ?

-15

-Нешеуі дауыссыз?

-27

-Сөз неден құралады?

-Ал сөйлем неден құралады?

Мысық:

-Біз дыбыстарды үйреніп болдық,енді сендер әр түрлі кітаптарды өздерің оқи аласыңдар.

«Әріптер »ойыны үшін Қошақанға рахмет айтайық?!

Барлығы:

-Рахмет қошақан

Мысық:

  • Ал балалар осымен біз сабақты аяқтадық енді әліппемен қоштасайық әріптерді жан-жануарлар да оқығысы келет екен, сабақты жақсы оқың сау болыңдар !

Қанағат:

Ән мен күйден жаралған,

Мына кештің қызығы.

Шақырайық ортаға,

Әншілерді қол соға.

Ән : «Оқуда озат боламын»

Әліппе: Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!

Абылайхан

Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!

Маржан

Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың.

Ақ сүт беріп өсірген ол да сенің анашың,

Тіл алмасаң кешірген,ол да сенің анашың,

Мәпелеген баласын,аман болсын анашың.

Мұғалім:

-Балалар, біздің әліппені жақсы меңгеріп, сауатты жазып, оқуымызға ата-аналарымыздың да қосқан үлесі мол. Қане, бәріміз ата-анаға рахмет айтайық.

Оқушылар: Бақытты балалық шағымыз үшін, рахмет, саған ата-ана.

Ән: «Ана тілегі»

Мұғалім:

Қымбатты балалар! Мен сендердің жақсы оқып, өнегелі тәрбие алатындарыңа сенемін. Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!

Осымен «Әліппе -білім бастауы» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз ,назарларыңызға рахмет.

Сөз кезегін мектебіміздің директоры Қаламқас Қалиқызына береміз.

Ақшұқыр мектеп-лицейі









Әліппе білім бастауы 1 сынып





Дайындаған:

Бастауыш сынып мұғалімі Каракулова Салима

2014/2015 оқу жылы



Әліппе білім бастауы 1 сыныпӘліппе білім бастауы 1 сыныпӘліппе білім бастауы 1 сыныпӘліппе білім бастауы 1 сынып

Әліппе білім бастауы 1 сынып

© 2010-2022