На тему Дені саудың-жаны сау

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қызыләуіт ауылы, М.Қыстаубайұлы атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қалымбетова Эльмира Букебаевна Тақырыбы: Дені саудың - жаны сау Мақсаты: Денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуғатәрбиелеу. Дене, жеке бас гигиенасын сақтау және жаман қылықтардан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Мақал -мәтелдер,суреттер. Барысы: І. Ұйымдастыру барысы ІІ.Кіріспе

«Денсаулық - зор байлық» деген мақал тегін айтылмаса керек. Денсаулық болса бәріде болады. Денсаулық - табиғаттың адамға сыйлаған құнсыз сыйлығы. Әйтсе де денсаулық адамға өмірлік болып берілмеген, сондықтан оны сақтау керек. Адамның денсаулық жағдайы адамның тамақтану әдетіне, кәсібіне, өмір сүру салтына, өзіне тікелей байланысты. Әр адам дені сау, күшті, сергек, бақытты болуға ұмтылады. Балалар, бүгінгі тәрбие сағатының «Дені сау ұрпақ - жарқын болашақ» аталуы тегін емес екенін енді түсінген боларсыңдар (мақсатына тоқталу). «Ас - адамның арқауы» дейді халқымыз, балалар, қалай ойлайсыңдар, дұрыс тамақтанудың денсаулыққа пайдасы бар ма?

- Ал, дұрыс тамақтану дегенді қалай түсінесіңдер?

- Тамақты уақытында ішу;

- Ақ нанды мүмкіндігінше сирек жеу;

- Дастарханға тамақ ішерде ғана отыру;

- Тамақты асықпай әбден шайнап жеу;

- Тамақ мәзірі әртүрлі болуы керек;

- Суды мөлшерден тыс ішпеу керек.

- Қолды жууды ұмытпау керек.

- Жемістер мен көкөністерді жумай жемеу керек.

Сонымен қатар қауіпті ауырулардың бірі қант диабеті.

Диабет - гректің сузгіден өту, яғни сүзілу деген ұғымды білдіреді.
Қант диабеті - ұйқы безінің бетта-клеткаларының инсулинді аз мөлшерде шығаруымен осы инсулин гормонының жетіспеушілігінен пайда болатын және осы себепті барлық зат алмасу түрлерінің, айрықша қант алмасуының бұзылуымен сипатталатын ауру.

Қант диабеті инсулинге тәуелді (инсулин зависимый), инсулинге тәуелсіз
(инсулин не зависимый) болып 2 түрге бөлінеді.

Ең басты себептердің бірі - тамақтану салтының өзгеруі,атап айтқанда қантқа тез қайнатлатын көміртегі бар тағамдарды шектен тыс пайдалану болып табылады. Сол сияқты қажеттен артық тамақтану және дене еңбегімен шұғылданбау және

Сырқатқа шалдығудың көп себептері тұқымдық бейімдеушілік екенінде айтып өткен жөн .Тұқым қуалаушылықтың әсерінен қант диабеті балалар арасында өте көп таралып отыр.Тағы бір себебі экологиялық жағдайдың бұзылуы,химиялық өндірістің (фофор,қорғасын) зиянды әсері.Бұл ауру жас талғамайды.Әйтседе бұл сырқат егде адамдар арасында көп кездеседі,оның басты себебі организмді қоректендіретін қан тамырларының, әсіресе ұйқы безіне келетін тамырлардың қан жүргізу қабілетінің азаюы. Қант диабетінің кең таралуына - ұйқы безінің қабынуы,зақымдануы және ісіктердің пайда болуы да әсер етеді
Ғалымдар осы уақытқа дейін ауру қоздырғыштарды таппай отыр. Олар қант диабетінің пайда болу себебі генетикалық бұзылыстар немесе вирустық инфекция деп санап отыр. Алайда көп зерттеу барысында осы жауыз ауру туралы бірнеше деректер анықталынды:


• Тұқымқуалаушылық бейімділігінен пайда болады. Ата аналарының біреуінде осы ауру болған жағдайда балаларында бірінші типтегі диабет 10 % екінші типтегі диабет 80 % болуы мүмкін.
• Азық түлікке тәтті тағамдарды көп пайдалану диабет туғызбайды, бірақ ауру туғызатын қаупті көп көтеретін семіртеді.

Факторлары: жүйке күйзелісі, өмір салтында аз қимылдау, дене салмағының төмендеуі, тағы басқа аурулар. Егер Сізде осы факторлардың бірнешесі қосылса ауру қаупі жоғарылайды.

Қант диабетінің балалардағы ерекшелігі:
-Ауру қатты екпінді басталады.
-Балаларда аурудың жеңіл түрі кездеспейді.
-Асқынуға бейімді.
- Бұл қауіпті асқынулар- гипергликемиялық және гипогликемиялық комалар.

• Екі типтегі диабетте де қанда қант деңгейі жоғарылайды, гиперкликемия пайда болады. Қант диабетінің бірінші белгілері пайда болады: ауыздың құрғауы, қатты шөл, тез несеп шығару (полиурия).
Қант диабетіне шалдықпау үшін дұрыс тамақтанып, таза жүру керек. Сонымен жаңғақтардың құрамында пайдалы заттар көп. «Ол адам өмірін ұзартуға оң ықпалын тигізеді», - дейді зерттеу авторлары. Олардың айтуынша, күніне бір уыс жаңғақ жеп тұрғанның өзі де жеткілікті. Сондай-ақ олар жаңғақтың барлық түрі де пайдалы екенін атап өтті.

Зерттеу авторлары жаңғақтардың қант диабеті мен жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдығу қауіпін 20 пайызға төмендететінін мәлімдеді. Зерттеуге 120 мың адам қатысқан екен. Ғалымдар ұзақ уақыт бойы бақылау жүргізіп, мынадай деректерді келтірді: аптасына екі рет жаңғақ жеген адамның қант диабеті мен жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдығу қауіпі 13 пайызға, ал аптасына жеті реттен көп жеген адамдікі 20 пайызға төмендейді. Жалпы жаңғақты жиі жеген адамдардың қан құрамындағы холестерин мөлшері мен қан қысымы төмен болып шықты.

Дені сау ұрпақ - елдің ертеңгі жалғасы. Сондықтан адам ағзасын улайтын әдеттерден аулақ болыңдар. Енді денсаулық жайлы мақал-мәтелдер айтып көрейік.

Мақал-мәтел айту.

- Дені саудың - жаны сау.

- Денсаулық зор байлық.

- Шынықсаң шымыр боларсың.

- Ас адамның арқауы.

- Тазалық - денсаулық кепілі.

- Дана көптен шығады,

Дәрі шөптен шығады.

- Ішің ауырса, аузыңды тый.

Көзің ауырса, қолыңды тый.

- Ауырып ем іздегенше,

Ауырмаудың жолын ізде.

- Ыдысы тазаның - ырысы таза.

- Қотыр қолдан жұғады.

- Ластың досы - шыбын.

- Емнің алды - еңбек,

Еңбек бәрін жеңбек.

- Аурудың жақсысы жоқ,

Дәрінің тәттісі жоқ.

Қортыту.

- Балалар, бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?

- Денсаулық сақтау үшін немен шұғылдану керек?

- Денсаулықты әлсірететін қандай жағдайлар?

Мақсатымыз - салауатты өмір сүру,

Үлкенге ізет, кішіге көмек қылу.

Әдеттен жаман жиреніп,

Жақсыны тек үйрену, таза жүру.

Салауатты өмір салтын біздер сақтаймыз,

Жас ұландар ерініп бос жатпаймыз.

Болашақтың жарқын тұрған төріне

Дені сау ұрпақ салтанатпен аттаймыз


© 2010-2022