Поурочный план по математике на тему 3 санын қосу және азайту

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Поурочный план по математике на тему 3 санын қосу және азайтуПоурочный план по математике на тему 3 санын қосу және азайтуПоурочный план по математике на тему 3 санын қосу және азайтуПоурочный план по математике на тему 3 санын қосу және азайтуПоурочный план по математике на тему 3 санын қосу және азайтуПоурочный план по математике на тему 3 санын қосу және азайтуПоурочный план по математике на тему 3 санын қосу және азайтуПоурочный план по математике на тему 3 санын қосу және азайтуПоурочный план по математике на тему 3 санын қосу және азайтуПоурочный план по математике на тему 3 санын қосу және азайтуПоурочный план по математике на тему 3 санын қосу және азайтуПоурочный план по математике на тему 3 санын қосу және азайтуПоурочный план по математике на тему 3 санын қосу және азайтуПоурочный план по математике на тему 3 санын қосу және азайтуПоурочный план по математике на тему 3 санын қосу және азайтуПоурочный план по математике на тему 3 санын қосу және азайтуПоурочный план по математике на тему 3 санын қосу және азайтуПоурочный план по математике на тему 3 санын қосу және азайтуПоурочный план по математике на тему 3 санын қосу және азайтуПәні: Математика

Сыныбы: 2

Мұғалім: Жылкайдарова М.Б

Тақырыбы: «3 санын қосу және азайту»

Мақсаты: 1) 3 санын қосу және азайту әдістерімен таныстыру.

2) Әр түрлі тапсырмаларды орындата отыра оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.

3) Тәртіптілікке, шапшандыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Көрнекілігі: тақырыпқа сай суреттер, карточкалар, кестелер.

Кезеңдер

Өту барысы

Ұйымдастыру

Үй тапсырмасын тексеру

Математикалық диктант

Миға шабуыл «Жұбын тап» ойыны

Жаңа тақырып

Оқулықпен жұмыс



Көрнекілікпен жұмыс



Дәптермен жұмыс



Тапсырма «Бос тор көздерді толтыр»



Сергіту сәті

Оқулықпен жұмыс





Үйге тапсырма

Бекіту

«Сызық арқылы жауабын қос»

Қорытынды

Сәлеметсіздер ме балалар!

Отырыңыздар.Көңіл күйлерің қалай?

Қанеки, үйге қандай тапсырма берілді, кім айтады?

Дәптерлеріңді ашып қойыңдар, мен тексеріп шығамын.

Жарайсыңдар, барлықтарыңда үй жұмысын орындап келіпсіңдер.

Балалар, енді дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазамыз. Дәптердің шетіне «М.д.» (математикалық диктант) деп қысқаша жазамыз. Мен сендерге қазір сандарды оқимын, ал сендер сол сандарды цифрмен жазуларың керек. Мысалы: жиырма алты деп айтсам, сендер оны 26 деп жазасыңдар.

Он екі; он алты; жиырма алты; жиырма екі; он бес; он жеті.

Жақсы.

Енді назарымызды тақтаға аударайық. Қазір біз жұбын тап ойынын ойнаймыз. Яғни мұнда сендер мына сандардың жұбын табуларың керек.

9 2 ? 3 8 3

11 ? 11 ? 12 9 12 ? 11 ? 11 ?

Өте жақсы, жарайсыңдар.

Біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз «3 санын қосу және азайту». Енді барлығымыз оқулығымыздың 70 бетін ашып, 1-ші есепке назар аударайық. Балалар 3 санын қосу және азайту кестесін еске түсірейік. Мысалы: + 3

Жазуындағы әйнекшеге біртіндеп 3; 4; 5; 6; 7 сандарын қойып, 3 санын қосу кестесін шығарып аламыз. Енді қосу кестесінің осы теңдіктерін пайдаланып,азайтудың сәйкес жағдайларының нәтижесін табамыз.Егер 3-ті қойсақ, онда 3+3=6 демек 6-3=3, ал 4-ті қойсақ, онда 4+3=7, демек

7-3=4 , ал 5-ті қойсақ, онда 5+3=8, демек 8-3=5, ал 6-ны қойсақ, онда 6+3=9, демек 9-3=6, ал 7-ні қойсақ, онда 7+3=10, демек 10-3=7. Келесі таңба бұл 8. Ал 8+3 жазуы мына қосу кестеде жоқ. Сондықтан біз суреттің көмегімен түсініп аламыз. Мысалы 8 және 3 шаршыны қосу үшін, алдымен 8 шаршыны 10 шаршыға дейін толықтырамыз, яғни 8 шаршыға 2 шаршыны қосамыз, сонда бірінші қатарда 10 шаршы болады. Егер он шаршыға қалған тағы бір шаршыны қоссақ, барлығы он бір шаршы болады, яғни 2-ші қатарға 1 шаршы қоямыз.

Ал енді 11-ден 3-ті азайту үшін, алдымен екінші қатардағы бір шаршының үстінен бастырып сызамыз. Содан соң 1-ші қатардағы екі шаршының үстін сызамыз. Сосын осыған сәйкес сол жақтағы есепті оқимыз,жазады. Енді келесі кестеге қараймыз. Онда тоғызбен үштің қосындысының мәнін табамыз. Содан соң мына мысалға назар аударайық.

9+3 12-3

  1. 2

Енді 2-ші есепке қарайық. Мұнда тура теңдік құру қажет. Тақтадағы пілдің, яғни көрнекілікке назар аударайық. Қане енді тура теңдік құрайық. Осыны дәптерлеріңе жазып алыңдар.

8+3=11 11-3=8

Өте жақсы.

Қазір біз бос тор көздерді толтыр атты тапсырмасын орындаймыз. Қазір мен сендерге карточка үлестіріп беремін. Бұл екі нұсқадағы тапсырма. Яғни, біріншіден қосылғыштардың қосындысының мәнін табу болса, ал екіншісінде азайғыштардың айырмасының мәнін табу керек.

Қосылғыш

43

52

26

29

Қосылғыш

7

8

28

34

39

Қосындының

Мәні

60

70

64

Азайғыш

80

90

48

65

Азайтқыш

19

34

63

9

Айырманың мәні

26

8

7

8

Жарайсыңдар, барлықтарыңда дұрыс орындадыңдар. Шаршаған шығарсыңдар. Қане бір серігіп алайық. Орнымыздан тұрайық.

Орнымызда жүреміз

Ойнақтап секіреміз

Қос аяқтап секіреміз

Қайтадан орнымызға жүреміз.

Енді 3 есепке қарайық.

Асханаға түске дейін 20 кг, түстен кейін 15кг картоп әкелінді. Кешкі тамаққа 5кг картоп жұмсалды. Қане бұл

Есепті кім шығарад.

Берілгені:

Қапта - 11 кг ұн бар

Жұмсалғаны - 2 кг

Салынды - 3кг

Қалды - ?

Ш: (11-2)+3=12кг

Жауабы: 12кг ұн қалды

Өте жақсы.

Қане, балалар, орнымыздан тұрайық.

Орнымыздан тұрамыз

Қолымызды созамыз

Бір отырып, бір тұрып

Алақанды соғамыз

Орнымызға қонамыз.

Енді 6 тапсырмаға назар аударайық.Біз бұл тапсырманы тақтада орындайық.(Оқушылар тақтаға шығып орындайды)

Барлығымыз күнделігімізді ашып, үй жұмысын жазып алыңдар.

Үйге: 71 беттегі 5 есеп. (Балаларға ол есептің қалай шығарылу керектігін қысқаша түсіндіріп өтем)

Қазір біз сызық арқылы жауабын қос атты тапсырмасын орындаймыз.Сендерге сол тапсырманы таратып беремін. (біреуін қалай орындау керектігін көрсетіп кетемін)

Жарайсыңдар, дұрыс орындадыңдар.

Балалар, біз бүгін қандай тақырып өттік? Қандай тапсырмалар орындадық? Бүгінгі тақырыпты түсіндіңдерме? Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?

Осымен сабақ аяқталды сау болыңыздар!

Сау болыңыз!









© 2010-2022