Сабақ жоспарлары 1-сынып 14. 12. 2015-19. 12. 2015

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тексерілді: Каличенко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 14.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Алфавит (жазба)

Сабақтың мақсаты: Алфавит туралы түсінік беру, көркем, әдемі жазуға баулу, әріптерді дұрыс жазуға және дәптерде қатесіз жазуға оны оқуға үйрету. Балалардың есте сақтауын, танымдық қабілетін, әліппе оқулығына деген құштарлықтарын оята отырып дамыту. Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыруға, дұрыс өзін сабақта ұстауға, еңбексүйгіштікке, бір-бірімен сабақ үстінде үнемі қарым-қатынаста болуға, тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелесу, сыни тұрғыдан ойлау, АКТ, ойын техналогиясы.

Көрнекілігі: баспа және жазба әріптердің үлкейтілген түрі және кеспе әріптер, дауысты, дауыссыз дыбыстардың бөліну кестесі А4 форматында, қулық, әдістемелік құрал, №3 жазу дәптері, жәй дәптер

Сабақты барысы

І. Ұйымдастыру:

-Саламатсыңдарма балалар

-Қалдарың қалай?

-Көңіл күйлерің қалай?

-Сабаққа дайынбыз ба?

Психологиялық дайындық
Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

Бесігінде бақыттың,

Ән-жырымен уақыттың,

Қанатындай арманның,

Шыршасындай орманның,

Өсіп келе жатырмын!

ІІ Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау.

Балалар біз өткен сабақта қандай тақырыпты өттік. Енді сол алфавиттің баспа әріптерін бір қайталап шығайық.

ІІІ. Мақсат қою.

Алфавит туралы түсінік беру, көркем, әдемі жазуға баулу, әріптерді дұрыс жазуға және дәптерде қатесіз жазуға оны оқуға үйрету. Балалардың есте сақтауын, танымдық қабілетін, әліппе оқулығына деген құштарлықтарын оята отырып дамыту. Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыруға, дұрыс өзін сабақта ұстауға, еңбексүйгіштікке, бір-бірімен сабақ үстінде үнемі қарым-қатынаста болуға, тәрбиелеу.

ІҮ. Жаңа сабақ

Балалар біз бүгін ендермен бірге алфавиттің жазба түрін еске түсіріп соны толығырақ білетін боламыз.

Әліпби немесе Алфавит - тілде оның құрылмсын жазу үшін пайдаланылатын белгілі бір тәртіп бойынша орналасқан таңбалар жиынтығы;

Есептеу жүйесінде пайдаланылатын барлық символдар жиынтығы;

Есептегіш техникада - берілген жиында өзгермейтін болып қабылданған, берілген тілде кез келген хабарды құрастыруға болатын символдардың жиынтығы;

Алфавитақпаратты кодтау үшін пайдаланылатын таңбалардың шектеулі жиынтығы. Қазіргі заманғы ақпараттық жүйелерде пайдаланылатын алфавит мысалдары ретінде мыналарды атап өтуге болады.:

  • әр әріпті дұрыс дыбыстау. 42-әріпті өз орнымен дыбыстап айту.

  • Хормен оқытып жаттықтыру

  • Ретімен айтып, жаттату

  • Берілген сөздерді алфавит ретімен айту

  • әр дыбысқа жеке-жеке сөз ойлату

Оқулықпен жұмыс:

-әріптерді жаттатқызу;

-Балалар қазақ әліпбиінде неше әріп бар?

-42

-Олардың ішінде қазақ әлібиінің дыбыстары нешеу?

-9

-Нешеуі орыс тілімен ортақ әріптер?

-33

-Дыбыс нешеге бөлінеді?

-дауысты, дауыссыз

-Жарайсыңдар балалар.

Сергіту сәті

Бір дегенім-...

Екі дегенім-...

Үш дегенім-...

Төрт дегенім-...

Бес дегенім-...

Алты дегенім-...

Жеті дегенім-...

Сегіз дегенім-...

Тоғыз дегенім-...

Он дегенім-...

Ү. Жаңа білімді бекіту

Дәптермен жұмыс.

№16 өзіндік жұмыс жалғастыру.

№1 Алфавит ретімен қайсысы бұрын жазылады? Бақыт, балғын, балауса, береке, бостандық, білім, би, бірлік.

Шашу, шапағат, шарапат, шаттық, шаһар, шындық.

№2 Сыныптағы достарыңның атын алфавит ретімен жаз.

Айбатбек, Данабек, Қазыбек, Нұрбек, Шахноза.

ҮІ. Қорытындылау.

  • Балалар дыбысты нестейміз?

  • Таымал не үшін қажет?

  • Ол не арқылы жүзеге асады?





Тексерілді: Каличенко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 15.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Қайталау.

Сабақтың мақсаты: Өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың алған білімдерін пысықтау, логикалық ойын, есте сақтауын дамыту. Дұрыс жазуға, буындап оқи алуға үйрету.

Сабақтың түрі:бекіту, саяхат, ойын сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелесу, сыни тұрғыдан ойлау, АКТ, ойын техналогиясы.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру:

Түгендеу

Оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

Психологиялық дайындық
Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

Бесігінде бақыттың,

Ән-жырымен уақыттың,

Қанатындай арманның,

Шыршасындай орманның,

Өсіп келе жатырмын!

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау, қайталау

Өтілген дыбыстар мен әріптерге сөздік диктантын алу. Сабақтың мақсатын айқындау. Өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың алған білімдерін пысықтау, логикалық ойын, есте сақтауын дамыту. Дұрыс жазуға, буындап оқи алуға үйрету.

ІІІ. Әріптер еліне саяхат

1.Дыбыстар дауысты дауыссыз болып екіге бөлінеді


дыбыстар

дауысты

дауыссыз

жуан

жіңішке

қатаң

ұяң

үнді

2. Сөздер құрастырып, буынға бөлдіру, сөйлем құру.

Кітап, оқулық, қалам, терезе, дәптер, қарындаш, жұлдыз, мектеп, математика, әліппе, т.б.

3.Жұмбақ, әріптерге байланысты

Алма да бар, Құста жоқ,

Кітапта бар, доста жоқ. (а)

Әтеш келді даладан

Әндетіп ол сайрады

Осы сөздің басында

Қай әріптен басталған. (ә)

Балалар әрі қарай өз жұмбақтарын бір-біріне жасырады.

Сергіту сәті

Бір дегенім-...

Екі дегенім-...

Үш дегенім-...

Төрт дегенім-...

Бес дегенім-...

Алты дегенім-...

Жеті дегенім-...

Сегіз дегенім-...

Тоғыз дегенім-...

Он дегенім-...

4. Жаңылтпаш

Есет атам ет асатар

Ет асатса бес асатар.

Шеше шеше

Неше кесе

Сынды кеше

Ү.Сабақты қортындылау: Оқығанымыз бойынша не білдік?

Біз бүгінгі сабақта не істедік?


Тексерілді: Каличенко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 15.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Қайталау.

Сабақтың мақсаты: Өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың алған білімдерін пысықтау, логикалық ойын, есте сақтауын дамыту. Дұрыс жазуға, буындап оқи алуға үйрету.

Сабақтың түрі:бекіту, саяхат, ойын сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелесу, сыни тұрғыдан ойлау, АКТ, ойын техналогиясы.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру:

Түгендеу

Оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

Психологиялық дайындық
Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

Бесігінде бақыттың,

Ән-жырымен уақыттың,

Қанатындай арманның,

Шыршасындай орманның,

Өсіп келе жатырмын!

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау, қайталау

Өтілген дыбыстар мен әріптерге сөздік диктантын алу. Сабақтың мақсатын айқындау. Өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың алған білімдерін пысықтау, логикалық ойын, есте сақтауын дамыту. Дұрыс жазуға, буындап оқи алуға үйрету.

ІІІ. Әріптер еліне саяхат

1.Дыбыстар дауысты дауыссыз болып екіге бөлінеді

Дыбыс екіге бөлінеді

Дауысты дыбыс екіге бөлінеді жуан, жіңішке

Дауыссыз дыбыстар үшке бөлінеді қатаң, ұяң, үнді.

Сергіту сәті

Бір дегенім-...

Екі дегенім-...

Үш дегенім-...

Төрт дегенім-...

Бес дегенім-...

Алты дегенім-...

Жеті дегенім-...

Сегіз дегенім-...

Тоғыз дегенім-...

Он дегенім-...

2. Сөздер құрастырып, буынға бөлдіру, сөйлем құру.

Кітап, оқулық, қалам, терезе, дәптер, қарындаш, жұлдыз, мектеп, математика, әліппе, т.б.

3.Жұмбақ, әріптерге байланысты

Сырты жасыл,

Іші қызыл. (қалам)

Қабат қабат қаптама,

Ақылың болса аттама. (Кітап)

Жазу жазып жалықпаған,

Жаза-жаза арықтаған. (бор)

Алты қырлы,

Алтын сырлы. (қарындаш)

Үйреткен ілімді

Қырық екі білімді. (алфавит)

Балалар әрі қарай өз жұмбақтарын бір-біріне жасырады.

4. Жаңылтпаш

Шілікті шапты,

Жілікті астым.

Шілікті жақтым,

Жілікті шақтым.

Есет атам ет асатар

Ет асатса бес асатар.

Шеше шеше

Неше кесе

Сынды кеше

Ү.Сабақты қортындылау: Оқығанымыз бойынша не білдік?

Біз бүгінгі сабақта не істедік?

Тексерілді: Каличенко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 18.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Әліппе. Алфавит сыры. .Жарқын жүзді ұстазым. Санамақ.

Сабақтың мақсаты: Жаңа тақырыптар бойнша толық түсінік беру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Оқу жылдамдығын арттыру. Ұқыптылыққа,тазалыққа тәрбиелеу. Адамгершілік тәрбие беру. Сабақтың түрі: аралас сабақ Көрнекіліктері: оқулықтағы және тақырыпқа байланысты суреттер Сабақтың әдіс-тәсілі:сұрақ-жауап

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсіңдерме балалар!

-Құрал -жабдықтарын түгендеу

-Партаға дұрыс отыру.

-Зейіндерін сабаққа аудару

Психологиялық дайындық: - Көңіл - күйлерің қалай?
- Сабаққа дайынсыңдар ма?
- Өте жақсы, балалар.

ІІ. Өткенді қайталау: Оқушылардың өтілген тақырып бойынша түсініктерін анықтау

-Алғаш сауатымызды ашқан, әріптермен таныстырған қандай кітап?

-Қазақ алфавитінде неше әріп бар?

-Алфавитте алғаш тұратын қандай әріп?

-Қандай өлеңдермен таныстық?

-Әліппе өлеңін жазған кім?

ІІІ.Сергіту жаттығуын жасату

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Беске бесті қосқанда

Болады екен он саусақ.

Жаза-жаза саусағым

Әлсіреді шаршады.

Оңға, солға бұрамыз,

Сосын қайта жазамыз.

ІV.Жаңа тақырып:

Кіріспе сөз

-Біздің сауатымыз ашып, оқып, жазуға үйреткен кім?

-Мұғалімді тыңдап, айтқанын орындап отыру керек.

-Мұғалім ол қандай адам?

-Мектепте оқымаған, мұғалімнің алдынан өтпеген адам жоқ. Әр адам өзінің алғашқы ұстазын құрметтеп, есінде сақтау керек.

-Біз бүгін Ш.Смаханұлының «Жарқын жүзді ұстазым» өлеңімен танысамыз.

V. Оқулықпен жұмыс:

«Жарқын жүзді ұстазым» өлеңін мәнерлеп оқу

Өлең кім жайлы?

Қ.Мырза Әлидің «Санамақ» өлеңін оқыту.

Біз санауды қай пәнде үйренеміз?

Кәне, 10-ға дейін санайықшы.

Сергіту сәті

Бір дегенім-...

Екі дегенім-...

Үш дегенім-...

Төрт дегенім-...

Бес дегенім-...

Алты дегенім-...

Жеті дегенім-...

Сегіз дегенім-...

Тоғыз дегенім-...

Он дегенім-...

VІ. Дәптермен жұмыс:

Мұғалім туралы сөйлемдер жазғызу

Диктант жазғызу:

Алма, тоқаш, торғай, мал, торай, арман, мектеп, сана, жайна.

VІІІ.Сабақты пысықтап,бекіту

Бүгінгі сабақта не өттік?

Қандай өлеңдермен таныстыңдар?

Ұстаз деген кім?

Санауды біз қандай пәнде үйренеміз?

Санамақты жазған кім?

ІХ.Сабақты қорытындылау

Сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыларды марапаттау

Жақсы жазған балалардың жазуын мадақтау

Тексерілді: Каличенко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 18.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Отан Астана

Сабақтың мақсаты: Отан .Астана туралы түсінік беру. Елін, жерін сүюге баулу. Мәнерлеп оқуын дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Көрнекіліктері: оқулықтағы және тақырыпқа байланысты суреттер Сабақтың әдіс-тәсілі:сұрақ-жауап

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру:

Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

Психологиялық дайындық
Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

Бесігінде бақыттың,

Ән-жырымен уақыттың,

Қанатындай арманның,

Шыршасындай орманның,

Өсіп келе жатырмын!

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықта, қайталау

Алфавит ретін сұрау.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Отан .Астана туралы түсінік беру. Елін, жерін сүюге баулу. Мәнерлеп оқуын дамыту.

ІҮ. Жаңа сабақ:

а) Отан, астана туралы түсінік беру

Біздің Отанымыз, Отан анамыз-Қазақстан Республикасы.Біздің бабаларымыз

әкелеріміз Қазақстанда туып өмір сүрді. Сондықтан оны біз Отанымыз дейміз.

Қазақстан біздің Отан-анамыз, бізді нанымен, суымен асырайды.

Астана-біздің еліміздің бас қаласы. Отанымыздың астанасы. Астана еліміздің қақ ортасына, аса маңызды жолдардың торабына орналасқан.

ә) 16-желтоқсан- Тәуелсіздік күні.

Отан-жерім, Отан-суым

Отан қуат, нәр береді.

Отан - ұран, Отан - туым,

Отан мәңгі гүлденеді!

б) М. Хакімжанова: «Отан» өлеңінБ.Ысқақов: «Отан» өлеңін, Т Жексенбай: «Астана» өлеңін оқи отырып мазмұнын түсіндіру.

Отан-сенің ата-анаң,

Отан-досың, бауырың.

Отан-өлкең, астанаң,

Отан-аудан, ауылың.

Отан-тарих, Отан-тіл,

Жасаған елің, ер халқың.

Отан-өлең, Отан-жыр

Көтерген көкке ел даңқын...

Сергіту сәті

Бір дегенім-...

Екі дегенім-...

Үш дегенім-...

Төрт дегенім-...

Бес дегенім-...

Алты дегенім-...

Жеті дегенім-...

Сегіз дегенім-...

Тоғыз дегенім-...

Он дегенім-...

в) «Астана» өлеңін жаттату.

Бабалардың көзіндей

Даналардың сөзіндей,

Ұлы дала тұрғызды

Ұлы қала өзіңдей.

Отанымның төрінде,

Сарыарқаның өрінде

Ту ұстаған Астанам-

Әсем қалам, бас қалам!

г) «Отан» өлеңдерін мәнерлеп оқыту.

Ү. Жаңа білімін бекіту.

ғ) «Отан» өлеңін жаттату.

д) Дәптермен жұмыс, диктант жазғызу.

Астана халқы алдағы жылдары үнемі өсіп өркендеп отыратын болады. Қалада көптеген өнеркәсіп орындары жұмыс істейді.

ҮІ. Сабақты қортындылау: Отанымыз жайында не білдік?

Тексерілді: Каличенко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 19.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Әсемпаз болма әр неге. Сегіз аяқ. Бір уыс мақта.

Сабақтың мақсаты: Әңгімені қатесіз, буындап және түсініп оқуға үйрету. Мазмұнын айта білуге баулу. Шешесі қызына қандай ақыл айтқанын түсіндіре отырып, Ы. Алтынсарин туралы қысқаша мәліметтер беру. Оқушыларды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Оқушылардың сөздік қорын молайту және қиялдау, ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі-тәсіл: сұрақ - жауап, көрнекілік, түсіндіру.
Көрнекі - құралдар: Оқулық, тақта, магниттік тақта, кеспе әріптер, сюжетті суреттер, Абай және Ы. Алтынсаринның суреттері, мақта түрлері, тірек - сызба.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру бөлімі.
- Сәлеметсіздер ме?
- Кім кезекші?
- Оқушылар түгел ме?

Психологиялық дайындық
Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

Бесігінде бақыттың,

Ән-жырымен уақыттың,

Қанатындай арманның,

Шыршасындай орманның,

Өсіп келе жатырмын!


ІІ. Өткенге шолу
- «Әсемпаз болма әрнеге» жаттау
- «Сегіз аяқ» оқу
- Сұрақтарға жауап алу. Мынау кім? Абай кім және қандай?

ІІІ. Логикалық сұрақтарға жауап алу.
1. 2 + 2 = 0
2. Далада қар еріп, гүл өсіп тұр.
3. Апайлар үстеріне қызыл көйлек киіп алған
4. Мынау көмір ме? (қолыма мақтаны ұстап көрсетіп сұраймын)
5. Мақтаның түсі жасыл ма?
6. Осы мақта не үшін керек?

ІҮ. Жаңа сабақ.
1. Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
2. Оқулықтағы суретпен жұмыс.
3. Әңгіменің авторы Ы. Алтынсарин туралы қысқаша мәліметтер беру.

Қостанай облысы, Қостанай ауданында. туған.
Тұңғыш Ақын
мектеп ашқан
Шығармасы көп
Ағартушы Шығармалар
педагог аударған
Жазушы

4. Сергіту сәті.

Түнімен қар борапты,
Көрмей қалдық неге біз?
Бәрін аққа бояпты,
Сайрап жатыр талай із.

5. «Бір уыс мақта» әңгімесін сюжетті сурет бойынша әңгімелеп беру.

6. Сұрақтарға жауап алу.

7. Дәптермен жұмыс.
Мақтадан не жасауға болады? (Оқушылардың жауабы тақтаға және дәптерге жазылады).

Ү. Қорытындылау, бағалау.
Біз бүгін не білдік?

Сабақ сіздерге ұнады ма?
Сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыларды ауызша бағалап, мақтап өту


Тексерілді: Каличенко Л.С

Пәні: Математика

Күні: 14.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М Сабақтың тақырыбы: Қанша артық? Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «қанша артық?» ұғымын танытып, заттардың қанша екенін түсіндіру мақсатымен өткен сабақта қандай амал орындалатынын түсіндіру, есептерді шығару, теңдіктер құру арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, оқушылардың тиянақтылыққа, әдемі жазуға тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: қар, ағаш, құстар. Оқыту әдісі: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, салыстыру. Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Сабақтың мазмұны. І. Ұйымдастыру. Оқушылардың зейінін сабаққа аударып, оқу құралдарын тексеріп, сабақты бастау. - Балалар, бүгін біздің сабағымыз ерекше. Біз жаңа сабақты түсініп, мұқият тындап, сабаққа белсене қатысуымыз қажет.
Психологиялық дайындық

Бір дегенім-...

Екі дегенім-...

Үш дегенім-...

Төрт дегенім-...

Бес дегенім-...

Алты дегенім-...

Жеті дегенім-...

Сегіз дегенім-...

Тоғыз дегенім-...

Он дегенім-...
ІІ. Жаңа сабақ: № 1 Есепті шығарту.Нешеуі артық екенін білу үшін І бумада-6 кітап.- ? кітап артық көбінен азын азайтамыз. ІІ бумада-4 кітап 6-4=2 Жауабы 2 кітап. № 2 Үшіңші санды таңдап алып, Тура теңдіктер құру. 5 4 3 5=5 4=4 3=3
№ 3 Есептің қысқаша берілген шарты бойынша есеп құрату. Қалам-4 Қарындаш-? 4-еуі артық.
№ 4 Екінші қосылғышы 4 балатын қосындылар жазыңдар. Қосылғыштардың орындарын ауыстырыңдар. Өрнектердің мәндерін табыңдар. 2+4 3+4 4+4 5+4 6+4 4+2 4+3 4+4 4+5 4+6
Сергіту сәті Бір дегенде отырдым Екі дегенде тұрдым Үш дегенде қолды алға сөзып Төрт дегенде секіріп Бес дегенде орныма қонамын Алты дегенде қолға қалам алып Жазуды жалғастырамын
Шығармашылық тапсырма: Сұрақ белгісінің орнына қандай үй салуға болады?
№5 Өрнектерді салыстыру. 10-1*8-2 9-2*6+3 7-7*6-6 6+4*3+7 10-4*4+4 4+2*8-3
ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

Біз бүгінгі сабақта нені табуды үйрендік?



Тексерілді: Каличенко Л.С

Пәні: Математика

Күні: 15.12.2015 Мұғалім: Қайролла М.М Сабақтың тақырыбы: Қанша кем? Сабақтың мақсаты: Бірінші заттың екігші заттан нешсі кем екенін табуға үйрету. Ұқыптылыққа баулу. Өй-өрісін, білімін дамыту. Сабақтың көрнекілігі: қысқаша берілген сызбасы. Оқыту әдісі: түсіндіру. Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Сабақтың мазмұны. І. Ұйымдастыру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық

Бір дегенім-...

Екі дегенім-...

Үш дегенім-...

Төрт дегенім-...

Бес дегенім-...

Алты дегенім-...

Жеті дегенім-...

Сегіз дегенім-...

Тоғыз дегенім-...

Он дегенім-...
ІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау. Бірінші заттың екігші заттан нешсі кем екенін табуға үйрету. Ұқыптылыққа баулу. Өй-өрісін, білімін дамыту.
ІІІ. Жаңа сабақ: № 1 Есепті шығарту. Нешеуі кем екенін білу үшін І Қорапта-7 дәптер көбінен азын азайтамыз. ІІ Қорапта-4 дәптер.-? кем 7-4=3 Жауабы 3 дәптер.
№ 2 бір санды өзгертіп алып, тура теңдіктер құру. 4 8 3(4) 4=4 4=8-4
№ 3 Есептің қысқаша берілген шарты бойынша есеп құрату. Бояу-9 _ш3рг3ш-? 4-еуі кем
№ 4 Бірінші қосылғышы бірдей үш қосынды жазыңдар. Қосылғыштардың орындарын ауыстырыңдар. Өрнектердің мәндерін табыңдар. 4+2 4+3 4+4 4+5 4+6 2+4 3+4 4+4 5+4 6+4
Сергіту сәті Бір дегенде отырдым Екі дегенде тұрдым Үш дегенде қолды алға сөзып Төрт дегенде секіріп Бес дегенде орныма қонамын Алты дегенде қолға қалам алып Жазуды жалғастырамын
Шығармашылық тапсырма: Бірдей алты суретті табу.( 2,3,4,5,7,9.)
Салыстыр. 4см+1см*5см 6см+2см*6см+3см 7см-2см*7см 6см-2см*6см-3см 5см+1см*5см 5см+4см*6см-1см

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

Біз бүгінгі сабақта нені табуды үйрендік?



Тексерілді: Каличенко Л.С

Пәні: Математика

Күні: 18.12.2015 Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Қанша қымбат?

Сабақтың мақсаты: Есепті дұрыс оқуға, оны талдауға, еспептің шартын дұрыс құруға,оны шешуге, жауабын дұрыс жазуға, логикалық есепті дұрыс әрі аз уақытта шешуге үйрету. Оқушылардың логикалық ойлауын, танымдық қабілетін, есте сақтауын дамыту. Топпен жұмыс жасауға, қызығушылықты арттыруға, сабақта дұрыс отыыруға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, талдау, АКТ.

Көрнекілігі: Есептер А4, сандар, ережелер

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі

Назарын сабаққа аудару

Оқу-құралдарын дайындау

Психологиялық дайындық
Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

Бесігінде бақыттың,

Ән-жырымен уақыттың,

Қанатындай арманның,

Шыршасындай орманның,

Өсіп келе жатырмын!

ІІ. Өткенге шолу

Кім жылдам ойыны

5+5 3+2 6+3 7+1 9+1 5+1 6+2

7-3 9-5 8-5 6-1 5-0 6-4 6-6

8+1 5-4 1+1 2+5 6-3 7+0 8+2

8-2 6-5 9-6 3+7 4+4 6+4 3+0

ІІІ. Мақсат қою.

Бүгін балалар біздер сіздермен қанша қымбат? Деген сөздің ұғымымен танысамыз. Есепті дұрыс оқуға, оны талдауға, еспептің шартын дұрыс құруға,оны шешуге, жауабын дұрыс жазуға, логикалық есепті дұрыс әрі аз уақытта шешуге үйрету. Оқушылардың логикалық ойлауын, танымдық қабілетін, есте сақтауын дамыту. Топпен жұмыс жасауға, қызығушылықты арттыруға, сабақта дұрыс отыыруға тәрбиелеу.

ІҮ. Жаңа сабақ

Балалар қанша қымбат деген ұғым ол бір зат пен екінші заттың арасында жүретін термин сөз. Яғни біз дүкеннен ойыншық алдық, дәл сондай ойыншықты базардан алдық. Базардан алған ойыншығымыз дүкеннен алған ойыншықтан арзанырақ. Сонда біз білеміз дүкеннен алған ойыншығымыз базардан алған ойыншықтан қымбатырақ.

Ү. Жаңа сабақты бекіту.

№1 Байдың шапаны 7 алтын ақша, ал Алдаркөсенің шапаны 3 алтын ақша тұрады. Байдың шапаны Алдаркөсенің шапанынан қанша қымбат?

Есепті талдау:

  • Есеп не жайлы?

  • Шапан

  • Есепте не белгілі?

  • Байдың шапаны 7 алтын екені

  • Тағы не белгілі?

  • Алдар көсенің шапаны 3 алтын тұратыны

  • Не белгісіз?

  • Байдың шапанынан Алдаркөсенің шапаны қанша алтынға қымбат екені

  • Оны бірден табуға бола ма?

  • Иә

  • Қалай табамыз

  • Байдың шапанына Алдаркөсенің шапанын азайтамыз

  • Жарайсыңдар, енді осы есептің шартын кім тақтаға жазып орындап береді?

Байдың-7 а

Алдаркөсе - 3а

Қанша қымбат - ?

Ш: 7-3

Ж: Байдың шапаны Алдаркөсенің шапанынан 4 алтынға қымбат.

Кел, ойнайық!

Балдырғанның қатесін тап

5+5 7+2 9-7+4

2+6 4+3-2 5+4-9

№2

5+4 6кем8 4тең4 9артық5 8-3 2тең2

Теңдіктерді бірінші бағанға, теңсңздңктердң екңншң бағанға, ал өрнектерді үшінші бағанға жаз.

№3 5,4,...

Үшінші санды тап ал және тура теңдіктер құр.

№4 Ұзындығы 1см кеінді сыз. Оны 4 см ұзарт.


Сергіту сәті Бір дегенде отырдым Екі дегенде тұрдым Үш дегенде қолды алға сөзып Төрт дегенде секіріп Бес дегенде орныма қонамын Алты дегенде қолға қалам алып Жазуды жалғастырамын

№5 Жауабын ата.

Кірпі көрші кірпіден:

-Қайдан келесің?-деп сұрады.

-Қысқа дайындалып жатырмын. Алмаларды тоғайдан жинаймын. Арқамдағы алмаларды көрдіңғой. 6 алма әкелгем, 3 алма әкеле жатырмын.

Көршісі ойланып қалды. Көп пе, әлде аз ба?

Сонда барлығы қанша?

Жауабы: 9 алма.

Шығармашылық немесе логикалық сұрақ: Автобусқа Айжан, Маржан және Әсем үшеуі мінді. Олардың біреуінің көйегі қызыл, ал екіншісінікі жасыл, ал үшіншісінікі көк түсті. Айжанның көйлегі көк түсті емес, ал Маржанның көйлегі қызыл түсті емес. Әсемнің көйлегі қызыл да, көк те емес. Әр қыздың көйлегінің түсі қандай.

Жауабы: Айжан-қызыл, Маржан-көк, Әсем-жасыл.

ҮІ. Сабақты қорытындылау

  • Балалар, біз бүгін қандай теминмен таныстық?

  • Сабақ түсінікті болды ма?

  • Сұрақтарың бар ма?


Тексерілді: Каличенко Л.С

Пәні: Дүниетану

Күні: 14.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Аңдардың күзгі тіршілігі. Тиіннің азық қорығы. Тышқанның зияны. Аңдардың төлдеуі.

Сабақтың мақсаты: жануарлар тіршілігінде болатын күзгі өзгерістерді түсінуге жағдай жасау; табиғатты қорғауға, оған ұқыпты қарауға тәрбиелеу; жанды табиғат пен жансыз табиғаттың байланысын ұғындыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелесу, сұрақ-жауап, АКТ, ББҮ кестесі, т.б

Сабақтың көрнекілігі: аңдардың суреттері, кесте А2 көлемінде.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

- сабаққа назарларын аудару

- психологиялық дайындық


ІІ. Өткенге шолу

Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін қайталау. Жанды және жансыз табиғатта күзде болған өзгерістер жайында әңгімелесу.

ІІІ. Жаңа сабақ

Оқулықтағы суреттер бойынша жұмыс. Суретті пайдаланып, қыста ұйқыға кететін жабайы аңдардың қысқа қарсы дайындығы туралы айту. Борсық, аю, кірпі қысқа қарай көп қоректеніп (қоңыз,
тышқан, бақа, орман жидектерін, жемістерін, шөпті, т. б. жейді)
семіреді. Олардың түр-түсін сипаттау.
- Оқулықтағы мәтінді оқып беріп, мазмұны бойынша жұмыс жүргізу. Әуелі жеке сұрақтар бойынша сөйлетіп, кейін түсінігін тұтас айтуға жаттықтыру.
- «Аңдар немен қоректенеді?» ойынын ұйымдастыру. Оқушылар қай жануардың немен қоректенетінін суреттен тауып көрсетеді.
- Дәптердегі тапсырма бойынша әр аңның жейтін тағамын сызықпен қосу тапсырылады.
- Сөздік жұмыс: кірпі, аю, борсық, қоректенеді, семіреді, ін, апан, т. б. тірек сөздері арқылы сөйлем құрастыру.
- Тиін, саршұнақ, аламан қысқа қарсы азық қорын жинайды. Қасқыр, қоян, түлкі, бұғы, т. б. қысқа ешқандай қор жинамайды. Осылардың себебі туралы оқушылармен әңгімелесу. Сабақ барысында суреттер мен мазмұнды картиналарды молынан қолдануға және бейнетаспаларды пайдалануға болады. Сонымен қатар дәптердегі суреттер бойынша қай аңның немен қоректенетінін талдату.
- Аңдардың түлеуі туралы түсіндіру. «Табиғат ғажайыптары» кітабынан алынған «Жануарлар неге қыста тондарын ауыстырады?» деген мәтінді оқудан басталады.
Жануарлар неге қыста тондарын ауыстырады?
Барлық аңдар күз түсісімен жаздық ескі, сирек жүндерін қысқы қалың және жылы тонға ауыстырады. Қараша айына қарсы олардың бәрі түлеп, қысқы киімдерін «киіп алады».
Беймаза, тыным таппайтын тиін де түлейді. Оның қысқы тоны жазғы тонынан жылы, түсі де басқа.
Қысқы ақтонды аққоян мен аққалақ та киді. Бұл жануарлардың жазғы тоны - сарғыш қоңыр түсті. Енді бұлар ақша қардай аппақ тонға оранды. Күртік қардан оларды көре алмайсың.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
а) Түлеу дегеніміз не?
ә) Жануарлар не үшін тондарын ауыстырады?
б) Қандай жануарлар түлейді?
Оқушылар сұрақтарға өз пікірлерін білдіреді.

Дәптермен жұмыс. Дәптердегі жұмбақ шешіліп, жаз мезгілі бейнеленген суретке қоянның жазғы түрін, ал қыс мезгілі бейнеленген суретке қоянның қысқы түрін бейнелеп салу тапсырылады.

Ү. Сабақты қорытындылау:
а) Жануарлардың тіршілігі туралы не білдік?
ә) Жануарлар қысқа қалай дайындалады?
б) Қыста ұйқыға кететін аңдарды ата.




Тексерілді: Каличенко Л.С

Пәні: Бейнелеу өнері

Күні: 14.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Сызық пен штрих. «Теңіздегі дауыл».
Сабақтың мақсаты: Сызық және штрих арқылы теңіз толқынын бейнелеу. Оқушылардың штихтау қабілетін дамыту. Вивальди «Шторм» , Асқар Асанәлі Көшеров «Достық теңізі - Каспий» таныстыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын және бейнелеу құралдарын тексеру.

ІІ. Өткенді еске түсіру. Аяқталмаған жұмысты бағалау.

Оқушылардың үй тапсырмаларын тексеру және оларды оқушылармен бірге талдау, бағалау.
Жұмысқа қойылатын талаптар:
А) жұмыстың ұқыптылығы;
Ә) қағаз бетіне дұрыс орнааласуы;
Б) композициялық шешімі;
В) бояулар үндестігінің үйлесімділігі.

ІІІ. Жаңа сабақ:

«Теңіздегі дауыл»
Графика деген не?
Графиканың әсерлеуші құралдарын ата? Бүгін графика тақырыбын әрі қарай жалғастырамыз.
Дауыл деген не? Табиғат қалай өзгереді?
Ой қозғау: Оқушылар теңіз туралы не білеміз? Қандай теңізді білесіз? Теңіздегі толқынды қалай бейнелеуге болады?

1) «Шторм» шығармасын тыңдаймыз. Осы музыкаға сәйкес сызықтарды салу. Тақтаға оқушылар шығып, шиыршық, айқас толқынды сызықтарды салып көрсетеді. (толқынды теңіз)


Сабақ жоспарлары 1-сынып 14.12.2015-19.12.2015

2) «Достық теңізі -Каспий» . Бұл музыкаға қандай сызықтар сәйкес келеді? Оқушылар тақтада бір қалыпты толқынды сызықтарды салып көрсетеді. (тыныш теңіз)
Жаңа термин : Ырғақ (ритм) - музыкада бір дыбыстың қайталануы, ал бейнелеу өнерін де бейнелердің қайталанып орналасуы.
Тыныш күйде толқынды сызықтар бір қалыпты , дауыл соққанда толқынды сызықтар бір қалыпты емес, яғни ырғақ бұзылды.
Олай болса біз бүгін теңіздің түрлі ауа райындағы бейнесін сызықпен штрих арқылы береміз.

ІҮ. Тәжірибелік кезең:

ТСабақ жоспарлары 1-сынып 14.12.2015-19.12.2015еңіз көрінісін көкжиек сызығын салудан бастаймыз. Оқушылар өз қалауымен тыныш теңізді, ал енді біреулері толқыны аспанға шапшыған теңізді бейнелейді. Мақсатымыз штрихтар арқылы теңіздің түрлі көңіл- күйін бейнелеу. Штрихтау Т,ТМ қарындаштарымен орындалады. Жылтылдаған тұстарды өшіргішпен кетіреміз.

Сабақ жоспарлары 1-сынып 14.12.2015-19.12.2015 Сабақ жоспарлары 1-сынып 14.12.2015-19.12.2015

Ү. Қорытындылау.

Жасаған жұмыстарын талдап, мадақтау.


Тексерілді: Каличенко Л.С

Пәні: Еңбекке баулу

Күні: 18.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы : Әр түрлі материалдардан мозаика құрастыру. «Көлдегі аққу» композициясы. Мысық.

Сабақтың мақсаты: Мүсін туралы түсінік беру. Ұқыптылыққа баулу. Шеберлік өнерін дамыту.

Жабдықтау: Ермексаз ,тақтайша, кескіш ,су, шүберек.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру:

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

Мүсін туралы түсінік беру. Ұқыптылыққа баулу. Шеберлік өнерін дамыту.

ІІІ. Жаңа сабақ:

Жан-жануардың немесе адамның бейнеленген пішінін мүсін дейді.

а) Қолданылатын әдістерді түсіндіру.

Суретті тақтаға ілу

ә) Оқушылардың «Көлдегі аққуды» ермексазбен мүсіндеуі.

Көлдегі аралды ермексазбен жасап, шөп орнына қарағай немесе шырша қылқанын пайдалануға болады.

б) Мысықты мүсіндеу.

Сабақ жоспарлары 1-сынып 14.12.2015-19.12.2015

Оның жатқан қалпын бейнелейік:

1Алдымен денесін,басын, аяғын, құлағын, құйрығын дайындап аламыз.

2Бөліктерді жапсырып біріктіреміз.

3Мысық денесіне басын, құйрығын,аяғын, құлағын жапсырамыз.

4Біріккен жерлерін тегістейміз.

Сабақ жоспарлары 1-сынып 14.12.2015-19.12.2015

ІҮ. Жаңа білімді бекіту:

-Мүсін дегеніміз не?

-«Қөлдегі аққу» компазициясын құрастыруға қандай материалдар қажет?

-Аққудың мойнын қалай орнықты етіп бекітуге болады?

-Мысықтың көзін неден жасауға болады?

ҮІ. Сабақты қорытындылау:

Біз сендермен не жасауды үйрендік?




Тексерілді: Каличенко Л.С

Пәні: Еңбекке баулу

Күні: 19.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Қар ұшқыны аппликация

Сабақтың мақсаттары: Оқушыларды еңбекке, аппликация туралы түсінік беру, бұйымдарды жасауға түсінік беру. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, өнерге қызығушылығын арттыру. Оқушыларды шыдамдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекіліктері: қағаз, қайшы, қарындаш
Пәнаралық байланыс: математика, бейнелеу өнері.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • сабаққа назарын аудару

  • құрал-жабдықтарын дайындату

  • ережелерді еске түсіру

ІІ.Өткенді пысықтау.
Аяқталмай қалған жұмыстан көрме ұйымдастырып, мадақтау.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Аппликация - киімдерді немесе үй жиһаздарын сәндеп безендіру үшін бүтін матаға мата, қағаз қиықтарынан өрнек жапсыру немесе желімдеу. Құрайтын мата не қағаз қалдықтары бір немесе бірнеше түсті болуы мүмкін. Құрақ тігетін не желімдейтін материалдарды алдымен крахмалдап (мал сүйегінен жасалған, иісі жоқ желіммен) үтіктеген жөн. Матаға немесе қағазға сурет, өрнекті түсіріп, сонан соң бөлшектеп, кесіп алып құрайды. Шеттерін жөргемдеп немесе әдіптейді. Кейде, суреттері мен өрнектер көмпиіп тұруы үшін мата қиығының астына жұқалап мақта салады. Құрақ үй жиһаздарының алуан түріне қолданылады. Әдетте, құрақ құрағанда белгілі бір сюжетке, халық ою - өрнектері мен аңыз - ертегілеріне негіздейді. Құрақты тігін машинасымен құрауға да болады.

ІҮ. Тәжірибелік кезең

-Қар ұлпаларын жасау. Барлығын үлгі бойынша жасау.

Сабақ жоспарлары 1-сынып 14.12.2015-19.12.2015 Сабақ жоспарлары 1-сынып 14.12.2015-19.12.2015

Сабақ жоспарлары 1-сынып 14.12.2015-19.12.2015 Сабақ жоспарлары 1-сынып 14.12.2015-19.12.2015

Сабақ жоспарлары 1-сынып 14.12.2015-19.12.2015

Ү. Шыққан қар ұлпалары

Сабақ жоспарлары 1-сынып 14.12.2015-19.12.2015

ҮІ. Қортындылау:
- Оқушылар, сендер бүгінгі құрақ үй жиһаздарының бірі екенін түсіндіңдер. - - Сонымен, аппликация деген не?


Тексерілді: Каличенко Л.С

Пәні: Музыка

Күні: 14.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Аспаптардың атасы қобыз. Қорқыт
Сабақтың мақсаты: ҮІІІ - ІХ ғасырдағы Қорқыт бабамыздың өмірімен таныстыра отырып, қобыз аспабының шығу тарихымен және күйлерімен танысу. Жаңа ән үйрену. Оқушылардың ойлау, есту қабілеттерін дамыту, қызығушылығын арттыру. Оқушыларға адал болуға, Қорқыт бабамыздың өмірін үлгі ете отырып, батылдыққа, әділдікке, өнерлі болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, Сұрақ - жауап, өз бетімен жұмыс, ән айту
Көрнекілігі: Қобыз аспабының суреті, Үн таспа, баян, күйшілер портреттері.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу.
Сә - ле - мет - сіз - бе сөзін До - ми - соль - ми - до ноталары арқылы музыкамен амандасу
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

ІІ. Өткенді еске түсіру
1. Жетіген аспабының шығуы, құрылысы
2. Б. Ғизатов «Әліппе» әнін жатқа әуенімен қайталау.

ІІІ. Жаңа сабақ
Қобыз түрлерінің суреттері
Өнер - қай халықтың болмасын тарихымен бірге жасасып, біте қайнасып келе жатқан ұлы құбылыс. Ежелден өнер сүйген, табиғатынан әнге әуес, күйге құмар халқымыздың рухани қазынасы өте бай.
Сол мұралар үніне құлақ түрсек ата - бабаларымыз басынан өткерген қилы - қилы замандармен сан ғасырлардан шежіре боп сыр шертеді.
Қобыз аспабының дыбысын тыңдай отырып қандай аспа екенін табу. Қобыз аспабының түрлері өте көп. Прима қобыз, қыл қобыз, бас қобыз, контра бас қобыз т. б. Қобыз аспабының құрылысымен таныстыру. Қобыз аспабына арналған күйлерді тыңдау. Қорқыттың «Қоңыр» күйін тыңдай отырып оқушыларға қобыз аспабының құдіретімен таныстыру.
Қобыз аспабын ойлап тапқан күйшіміздің бірі Қорқыт баба.
Ежелгі заманнан бері ұрпақтан - ұрпаққа мирас болып келе жатқан асыл мұраның бірі, аты аңызға айналған Қорқыт баба және оның күйлері, халқымыздың атадан балаға тараған шежіресі бойынша қазақ топырағында музыка өнерінің тууы Қорқыт есімімен тығыз байланысты.
Қорқыт баба 8 - 9 ғ - да Сыр бойындағы Жанкент қаласында өмір сүрген.(Қазіргі Қызылорда қаласы). Қорқыт оғыз - қыпшақ тайпасынан шыққан асқан сәуегей, бақсы балгер, ойшыл жыраулық, күйшілік өнердің атасы.

Топтастыру. Қорқыт

Күйші
Жыршы
Бақсы, балгер
Асқан сәуегей
әрі көріпкел

Қорқыт бабаның бейнесі.
Қорқыт дүниеге келерде күн күркіреп, найзағай ойнап, қатты дауыл тұрады. Жер дүниені қараңғы түнек басып, жұрттың үрейін ұшыратады. Бала анасынан туа тіл бітіп сөйлей бастайды. Алғашында бұл бір жеті басты жалмауыз болар деп қорыққан жұрт, оның адам нәсілі екенін көргенен кейін ғана көңілдері жайланады. Бұл ерекше қасиетті болып өмірге келуі арқылы бәрімізді қорқытты ғой, сондықтан да атын «Қорқыт» деп қояйық деп нәрестенің есімін Қорқыт қояды. Қорқыт өте сезімтал, өнерлі бала болып өседі. Ол көптеген күйлер шығарады. Ол халқы мен елінің тағдыры, болашағын ойлап, көкірегі қарс айырылады, адамдардың қайғы - қасіретіне ортақтасып, мұң - шерін бөліседі.
Қорқыттың өмірге келуі де кетуі де бізге дейін аңыз түрінде жеткізіліп келеді. ІХ - ХІ ғасырда тұрғызылған Қорқыт атамыздың мазары қазіргі Қызылорда обл. Қорқыт теміржол станциясынан 3 шақырым жерде болған. Сырдарияның тасқын суынан мазар 1960 ж құлап қалады. 1980 ж зиратқа жақын жерге архитектор Б. Ыбыраев пен С. Исатаевтың жобасы бойынша 8 метр, 4 тарапқа қаратылып тұрғызылған қобыз бейнесіндегі жасалған ескерткіш орнатады. Жел соққанда қобыз сарындас үн шығарады. Ал Қорқыт ата ескерткішінің ішкі жағында «Түйетабан» өрнектерімен нақышталған. Ол Қазақстандағы үздік тарихи ескерткіштердің бірі.
Қорқыт атаның кітабы түркі халықтарына ортақ мұра. Бұл кітап ХҮ ғас - да жазылған.
Қорқыттың қобыз аспабын ойлап табуы. Аңыз күйінде баяндалады.
Қорқыт оғыз - қыпшақ ортасындағы саяси әлеуметтік мәселелерді шешуде жол көрсетуші бас тұлға. Ол ел ішіндегі жөн жоралғыны, салт - дәстүрді реттеуші батагөй дана. Қорқыт ең қиын деген мәселелерді шешкен.
Қандай ғана іс болмасын Қорқыттың кеңесін алмай, ел ешбір жұмысқа қол ұрмаған. Ел оның барлық өсиетін орындаған.
Қорқыт күйлерінде терең философиялық тебіреніс, элегиялық көңіл күй, майда қоңыр лиризм тән. Күйші өз күйлерінде тағдырдың қайғы қасіретін, мұңын шертіп ботадай боздатса, бірде мәңгілік өмірмен сұлулық жырын төгіп, аққудай сызыла сұңқылдатады.
Қорқыттың көптеген күйлері бар. Оның 11 - і таспаға енген. Олар: «Қорқыт», «Ұшардың ұлуы», «Елім - ай», «Халқым - ай», «Әуіппай», «Башпай», «Желмая», «Тарғыл тана» т. б Қорқыттың күйлері шығу тарихы аңыз түрінде белгілі.
Мысалы: «Әуіппай» күйінің шығу тарихына тоқталатын болсам.
Қорқыт қасиетті кілемін төсеп, су бетінде отырғанда Сырдарияның жағасына бала көтеріп бір ана келеді. Бала жылай береді. Қорқыт баласын «Әуіппай, әуіппай» деп жұбатып тұрған анаға арнап осы күйін шығарған.
Оқушыларға сұрақ қою. Алда қандай үлкен мереке келе жатыр?
Жауабы: Жаңа жыл мерекесі.
Жаңа жыл мерекесіне орай әндер үйренеміз. Сондай әндердің бірі К. Қуатбаев «Ақша қар» деген әнін үйренеміз.
Ән айту бөлімі.
Әнді тыңдап әннің әуенін сезіне білуге, ән мазмұнын әңгімелеп айтуға дағдыландыру, дыбыс биіктігі, дыбыс ырғақтарын келтіріп айтуға үйрету.

ІҮ. Қорытындылау
1. Оқушылар Қобыз аспабының құрылысын бөлшектеп соны қайтадан орын - орынына қойып құрастыру керек.
2. Топтастыру
Оқушылар әр түрлі түсті таңдай отырып Қорқыт кім? деген сұраққа жауап береді




Тексерілді: Каличенко Л.С

Пәні: Өзін-өзі тану

Күні: 19.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Сыйласаң - сыйлы боласың

Сабақтың мақсаты: Дос, туыс, жақын адам арасындағы өзара сыйластық туралы түсініктерін кеңейту, дос, туыс, жақын адамдарына деген сүйіспеншілікті арттыру, достық, туыстық, сыйластық қарым қатынас жасай білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: буклет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері

Адамдар арасында бірлік болса, олар ынтымақта, тату-тәтті өмір сүреді. Өзара сыйласып, ұйымшылдық көрсеткен кезде ғана бірлікке қол жеткізуге болады

Өмірлік сый

Анасы: Сендер тағы да ренжісіп қалғансыңдар ма, апалы-сіңлілісіңдер ғой, бір-біріңе кешірімді болсаңдар қайтеді?

Әмина: Мен тек үлкен болғандақтан ғана оны үнемі кешіре беруім керек пе?

Анасы: Сенің ақылың бар ғой, мен әрқашан саған арқа сүйеймін.

Әмина: Оның мені тыңдағысы келмейді.

Жасия: Әмина неге мені тәрбиелейді? Ол менің анам емес қой. Мен не себепті оны тыңдауым керек?

Анасы: Әпкең немесе ағаң сен үшін өмірдің баға жетпес сыйы, әрқашан бір-біріңе көмектесулерің керек.

Егер осы сыйдың құндылығын бағалай білмесең, күндердің күнінде оны жоғалтып алуың мүмкін.

Әмина: Сыйдың осындай болғаны өкінішті-ақ!

Анасы: Сіңліңнің саған деген қарым-қатынасының осылай болатын себебі: сен онымен ойнамайсың, оған дұрыс көңіл бөлмейсің, ол соны армандайды.

Жасия: Иә, мен үшін ең қызығы - әпкеммен ойнау.

Анасы: Сендерге бір-біріңмен тату, бірлікте өмір суру керек екендігін қалай түсіндірсем екен!?

· Сендер анасының сұрағына қалай жауап берер едіңдер?

· Апалы-сіңлілер неге үнемі керісе береді?

§ «Әпкең мен ағаң - өмірдің баға жетпес сыйы» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Татулық - табылмас бақыт

Халық мақалы

Берілген жағдаяттардың шешімдерін табыңдар.

¯ Марат пен Саматқа «Жас техниктер» үйірмесінде ұшақтың макетін жасау тапсырылды. Мараттың жасаған макеті барлық баланы қызықтырып, таң қалдырды.

Ал Самат қанша талпынғанымен, өзі жасаған макетке көңілі толмады. Бұған Самат қатты налыды.

· Балаларға татулықтарын сақтау үшін қандай кеңес беруге болады?

¯ Марат балалармен де тату ойнай алатын еді. Сыныптағы барлық бала Маратпен ойнағысы келетін. Барлық уақытта сыныптас­тарына ықтиярымен көмектесуге дайын тұратын, қолында барын аямайтын.

Ал Самат болса, өз заттарын қызғыштай қорып әлек болумен шаршайтын. Саматқа осындай қылықтарынан соң балалар да көп жоламайтын болды.

· Саматты қалай көпшілдікке үйретуге болады?

¯ Марат Саматқа ойыншықтарын балалардан қызғануының дұрыс еместігін ескерткені сол еді, Самат өкпелеп, бұртиып ешкіммен сөйлеспей қойды.

· Достарының алдында сыйлы болу үшін адамға қандай қасиеттер қажет?

Бата

Ұзақ болсын ғұмырың,

Биік болсын тұғырың!

Ақиықтай қыран бол,

Абылайдай ұран бол!

Өнегелі, өрісті,

Елін сүйген ұлан бол!

Деп аталар өрелі

Баталарын береді.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.

Тексерілді: Каличенко Л.С

Пәні: Логика әлемі

Күні: 14.12.2015 Мұғалім: Қайролла М.М Сабақтың тақырыбы: Заттардың айырмашылығын табу Сабақтың мақсаты: 1.Түстерді ажыратуға,қиял мен зейінді тұрақтату 2.Қиялдау,елестетуді дамыту 3.Ізденімпаздыққа тәрбиелеу
Сабақтың барысы. Ұйымдастыру бөлімі Ми гимнастикасы. а) «Басты шайқау». Ойлау қабілетін жақсартады. Терең демал, иығыңды бос ұстап, басыңды алға таста. Денедегі ауырлық түскенше басыңды ақырын ары-бері айналдыр. Иегіңді бір сызықтың бойымен кеуде тұсына әкел. б) «Жалқау сегіздіктер». Жаттығу ми құрылымының белсенді жұмыс істеуіне, есте сақтау қабілетінің дамуына көмектеседі. Ауадасегіз санын сал, әр қолыңмен жеке-жеке және екі қолыңмен үш рет қайтала.


Ширату.

  1. Бүгін аптаның қай күні? (Оқушы осы күннің атын айтады).
  2. Аптаның нешінші күні? (Оқушы апта күндерін санап, осы күннің реттік санын айтады).
  3. Жылдың қай мезгілі? (Қыс, көктем, жаз және күз мезгілдерінің сәйкесін айтады).
  4. Тағы қандай жыл мезгілдерін білесің? (Айтылмаған жыл мезгілдерін айтады).
  5. 11-ден 20-ға дейін және кері сана (11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 19, 18, 17, 16, 15, 14, 13, 12, 11)
  6. Екі бұзаудың бірі оңға, ал екіншісі солға қарап тұр. Олар бірін - бірі көре ме? - (Бұзаулар қатар және қарама-қарсы бағытқа қарап тұрса, олар бірін-бірі көреді. Ал егер олар қатар және бір бағытқа қарап тұрса, онда соңында тұрған бұзау алдында тұрған бұзауды көреді де, алдында тұрған бұзау соңындағыны көрмейді).
  7. Көзді жұмғанда не көресің? (Түс)

Тапсырма-1.Сандардың ішінде біреуі жоқ. Сол санды ата.
Сабақ жоспарлары 1-сынып 14.12.2015-19.12.2015
Жауабы: 3
Тапсырма-2. Әр қатардан артық сөзді сыз. Таңдауыңды түсіндіріп бе Сағат, минут, түн, секунд. (Түн - уақыт бірлігіне жатпайды). Әнші, ақын, сазгер, әже. (Әже - туыстықтыбілдіретін сөз). Домбыра, сырнай, балға, сыбызғы. (Балға - саз аспабына жатпайды). Дәптер, қайшы, қалам, қарындаш. (Қайшы оқу құралы емес). Жеті, тоғыз, қол, қырық. (Қол - дене мүшесі).
Көңілді үзіліс.Қолдарыңа он таяқша алыңдар. Оларды жұдырықтарыңа салып қысыңдар. Жұдырықтарыңды ашып, үстел үстіне тастаңдар. Енді таяқшаларды бір-бірлеп жинаңдар. Жинау кезінде қатар жатқан таяқшаларды қозғап жібермеңдер. Егер бір таяқша қозғалып кетсе, тапсырма басынан бастап қайта орындалады.
Тапсырма-3. Төртбұрыштардың екеуі бірдей және екеуі әртүрлі болатындай етіп боя.
Сабақ жоспарлары 1-сынып 14.12.2015-19.12.2015 Тапсырма-4. Суретте дөңгелек көп пе,тіктөртбұрыш көп пе? Сана. Жауабыңды тексер. Дөңгелектерді көк түспен боя, оларды санап жаз. Содан соң тіктөртбұрышты қызыл түске боя, санап жаз. Сабақ жоспарлары 1-сынып 14.12.2015-19.12.2015 Сабақ жоспарлары 1-сынып 14.12.2015-19.12.2015Сабақ жоспарлары 1-сынып 14.12.2015-19.12.2015


Көзге арналған жаттығулар.«көзді жыпылықтату». Көз ауруларының барлық түріне пайдалы.Дем алып, дем шығарған сайын көзіңді жыпылықтат.
Тапсырма-5. 1) Себетте алмұрттар жатыр еді. Сәния, Әлия және Майра 2 алмұрттан алды. Себетте алмұрт қалған жоқ. Себетте қанша алмұрт болған еді? Жауабын айналдыра сыз. Жауабы: 3 5 2 6 Жауабы: себетте барлығы 6 алмұрт болды.
2) Алма ағашында 10 алма өсіп тұр. Балалар әрқайсысы бір алмадан алды. Ағашта 6 алма қалды. Неше бала алма алды? Жауабын айналдырып сыз.Жауабы: 1 10 6 4 Жауабы: 4 бала алма алды.
3) Төрт жұмыртқа 5 минутта пісті. Бір жұмыртқа неше минутта піседі? Жауабы: 1минут 4 минут 6 минут 5 минут Жауабы: бір жұмыртқа 5 минутта піседі.
Сабақты қорытындылау. Біз не үйрендік?













Тексерілді: Каличенко Л.С

Пәні: Логика әлемі

Күні: 19.12.2015 Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақрыбы: Ортақ белгісін табу Сабақтың мақсаты: 1.Түстерді ажыратуға,қиял мен зейінді тұрақтату 2.Қиялдау,елестетуді дамыту 3.Ізденімпаздыққа тәрбиелеу
Сабақтың барысы. Ми гимнастикасы.
Ширату.

  1. Бір жылда неше ай бар? (Бір жылда 12 айбар)
  2. Екінші және жетінші айды ата.(Екінші ай - ақпан, жетінші ай - шілде)
  3. Барлық бұрыштары бірдей төртбұрыш (Тік төртбұрыш)
  4. Метр қандай өлшем бірлігі? (Ұзындық бірлігі)
  5. Сағат ше? (Уақыт бірлігі)
  6. Киллограмм ше? (Масса бірлігі)
  7. Ойнайтын балалардың бір бөлігі (Топ)

ТСабақ жоспарлары 1-сынып 14.12.2015-19.12.2015апсырма - 1. Суретті мұқият қара. Фигурада қанша үшбұрыш бар. Санын торкөзге жаз.












Жауабы: 24 үшбұрыш
Тапсырма - 2. Суретті мұқият қара. Ең жоғарғы ұшып келе жатқан ұшақты - көк, ал ең төмен ұшып келе жатқан ұшақты жасыл қарындашпен боя. Ұшақтардың кеңістіктегі орналасуын түсіндіріп бер. Жауабы: жоғарыдағы көк түсті,ортада үш ұшақ төменде жасыл түсті ұшақтың суреті салынған. Ортаңғы қатардағы ұшақтардың біреуі ең алдында және екеуі ең соңында ұшып келеді.
Көңілді үзіліс. Музыка ырғағымен би қозғалысын жасауды ұсынуға болады.
Тапсырма - 3. Сәйкес сөзді тап. Оны айналдыра сыз. Түсіндіріп бер. Жомарт -сараң Ащы-? (тәтті,дәмді,тұщы, қышқыл) Тұңғыйық-тайыз Көп-? (артық, кем, аз,кіші,үлкен) Биік-аласа Қыс -? (жаңбыр, көктем,жаз,шана) Жауабы: тұщы, аз, жаз.
Тапсырма - 4. Серіктің бойы Беріктен биік, Дарханнан аласа, ал Берік Дарханнан аласа. Балалардың атын жаз. Жауабы:Оқушылар өз таңдауын түсіндіреді.
Тапсырма - 5.Графикалық диктант. Бастапқы нүктеден 1 тор жоғары,1 тор жоғары солға қиялап,1 тор жоғары,1 тор оңға,1 тор төмен, 1 тор оңға, 1 тор жоғары,1 тор оңға, 1 тор төмен, 1 тор жоғары,1 тор оңға,1 тор төмен,1 тор оңға,1 жоғары,1 оңға,1 төмен, 1тор төмен қиялап солға,1 тор төмен. Жауабы: хан сарайы.
Сабақты қорытындылау.



Тексерілді: Каличенко Л.С

Пәні: Логика әлемі

Күні: 21.12.2015 Мұғалім: Қайролла М.М Сабақтың тақырыбы: Ортақ белгісін табу Сабақтың мақсаты: 1.Түстерді ажыратуға,қиял мен зейінді тұрақтату 2.Қиялдау,елестетуді дамыту 3.Ізденімпаздыққа тәрбиелеу
Сабақтың барысы. Ұйымдастыру бөлімі Ми гимнастикасы.
Ширату. 1.Дауысты дыбыстарды ата.(а,ә,е,ё,и,о,ө,у,ұ,ү,ы,і,э,ю,я) 2.Қосудың құрамдас бөлігін ата.(Қосылғыштар мен қосынды). 3.Аулада қаздар жүр.Олардың аяқтарының саны - 8. Аулада қанша қаз жүр?(Аулада төрт қаз жүр) 4.Циркте ең күлкілі әртіс кім? (Сайқымазақ) 5.Ең үлкен бір таңбалы санды ата? (Тоғыз) 6.Шөл далада келе жатқан түйелер тізбегі. (Керуен) 7. Құстар ұшатын әуе кеңістігі. (Аспан)
Тапсырма - 1.Цифрдың қандай әріппен сызық арқылы байланысқанын көзбен анықта.Жасырын сөзді жаз. Жауабы:а) 1 - к,2 - ө,3 -р,4 - к, 5 - е,6 - м, көркем. ә) 1 -қ,2 -ұ,3 -р,4 -б,5 - ы,6 - м,құрбым.
Тапсырма - 2.Жұмбақты мұқият оқы. Бұл не? Шешуінің суретін сал. Ортасында шегесі, Жіп - жіңішке денесі, Жауабы: оқушылар қарындаштың суретін салуы мүмкін
Көңілді үзіліс. Өткен сабақтағы жаттығуларды қайталау ұсынылады.
Тапсырма - 3. Жазулар дұрыс болатындай етіп суреттерді толықтыр. Жауабы: а) балалар суреттерді қызыл түске бояйды да, тағы қызыл түсті болатын заттардың суретін салады. ә) балалар пішіні дөңгелек болатын заттардың суретін салады.
Тапсырма- 4. Жиындардың аттарын жаз. Сабақ жоспарлары 1-сынып 14.12.2015-19.12.2015

Жауабы: екі таңбалы сандар,фигуралар,шаршылар
Мына үш жиын дұрыс құрылмаған. Нені түзету керек ?
Сабақ жоспарлары 1-сынып 14.12.2015-19.12.2015
. Көзге арналған жаттығулар. «Мерген көз». Көзіңмен сағат тілінің бағытымен алты рет, сағаттың тіліне қарсы бағытта алты рет дөңгелек сыз.
Тапсырма - 5. Заңдылығын сақтап суретті аяқта. Төрбұрыштарды - көк, дөңгелектерді сары түске боя. Жауабы: оқушылар суретті мұқият қарап шыққан соң төрбұрыштарды көк, дөңгелектерді сары түске бояп, тізбектегі суреттерді аяғына дейін салады.
Сабақты қорытындылау.


Тексерілді: Каличенко Л.С

Пәні: Қызықты грамматика

Күні: 15.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Бас әріппен жазылатын сөздер

Сабақтың мақсаты:Өткенді тиянақтау, пысықтау. Білім , білік ,дағды машықтарын тексеру. Ой өрісін, есте сақтау, байланыстырып сөйлеу дағдысын арттыру. Көркем де сауатты жазуға баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: тақырыптық суреттер, қима қағаз

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, талдау, ізденіс, комментарий.

Пәнаралық байланыс: ана тілі

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

Класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.

II.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі

Кім шапшаң Ойыны

Сергіту сәті

IV. Мақсат қою кезеңі

Бүгінгі сабағымызда өткенді қорытындылау мақсатында тест орындаймыз. Өткенді тиянақтау, пысықтау. Білім , білік ,дағды машықтарын тексеру. Ой өрісін, есте сақтау, байланыстырып сөйлеу дағдысын арттыру. Көркем де сауатты жазуға баулу.

V.Өз бетімен жұмыс

Н н әрпін көркем жазу

Тест

1Жіңішке дауысты дыбыстары бар сөзді тап:

асхана шыбын әңгіме

2 Бір буыннан тұратын сөзді тап:

Ыдыс топ ұя

3 Бес сөзден құралған сөйлемді тап:

Біз ауамен демаламыз.

Адамға таза ауа қажет.

Дәрігер науқасқа дәрі береді.

4. Тасымалдауға болатын сөзді тап:

Доп ыдыс ертегі

5. Артық сөзді тап:

Қарбыз қияр қозы сәбіз

6. Қанша? Неше?сұрағына жауап беретін сөзді тап:

Желім отыз әдемі

7. Не ?сұрағына жауап беретін сөз

Немере балықшы кесіртке

8. Кім? Сұрағына жауап беретін сөз:

Сабын қақпашы тауық

9. Жуан дауысты дыбыстары бар сөзді тап:

Шеге күшік жапалақ

10 . Төрт буынды сөз:

Тамақ домбырашы ойыншы

VI. Жаңа материалды пысықтау


© 2010-2022