Қазақ тілі тақырыбы: Негізгі, туынды зат есім

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ: қазақ тілі

Тақырыбы: Негізгі және туынды зат есім Мақсаты мен міндеттері: оқу және жазу дағдыларын қалыптастасқан, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау. 1.Білімділік: сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру; негізгі және туынды зат есім туралы түсініктерін қалыптастыру; 2.Дамытушылық: сөйлемдерді сауатты жаза білу қабілеттерін дамыту; сөз таптарын ажырата білу қабілеттерін дамыту; 3.Тәрбиелік: ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу; Сабақ түрі : жаңа сабақ Көрнекіліктер: қималы карточкалар., сызбалар, шаштараз суреті Әдіс-тәсілдер: жұптық, топтық, өзіндік

Сабақ барысы 1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Сабаққа дайындықтарын тексеру Үй тапсырмасын тексеру-тексерушілердің рапорты. Өткенді қайталау: 3 оқушы тақтада сөйлемді жалғастыр: - Заттардың атын білдіретін сөздерді... дейміз - зат есім қандай сұрақтарға жауап береді? - адамға байланысты қандай сұрақтар қойылады? - қандай зат есімдер бас әріппен жазылады?

2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру: Дәптермен жұмыс : Каллиографиялық минут: әріп элеметтерін жазу. Топтастыру стратегиясы: Зат есім (парақтарға әр жұпқа беру) Кім? Кімдер? Не? нелер? Жалқы жалпы көпше-жекеше түрі Дауыстап жазу: Өнер-өнерпаз, күй-күйші, сый-сыйлық, балық-балықшы. Айырмашылығы неде? Осы сөздерді сөз құрамына талда

Зат есім

Негізгі Туынды

Түбір сөзге+жұрнақ=туынды сөз


20 жаттығу туынды сөздерді теріп жаз:

Кенші, достық, елші, аспаз, малшы.- түбірлерін тап, белгіле.

-Зат есім негізгі және туынды болып бөлінеді. Негізгі түбірден болған зат есімді негізгі зат есім дейміз: ана, жер, көз.

-Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім дейміз: іскер, байлық, кезекші.

22 жаттығу: төмендегі жұрнақтарға:-шы,-ші зат есім қосып туынды зат есім жаса. Сергіту сәті: 3.Жаңа білімді бекіту: сөздік 24 жаттығу сөздерді көшіріп жаз, сөз құрамына талда. әділдік достық сыйлық батырлық

Туынды зат есімдерден негізгі зат есімдерді сызықша арқылы жаз.

27 жаттығу- жатқа жазу- өзара тексеру, бағалау-жұптық жұмыс.

Шығармашылық тапсырма: сурет бойынша «Шаштаразда»- әңгімесін құрып жаз.-өзіндік жұмыс. 4-оқушы карточка бойынша жұмыс(карточкаларда тапсырмалар саралау әдісі бойынша құрылған.)

Үйге тапсырма: 152 бет 21 жаттығу, ереже,155 бет 28 жаттығу


© 2010-2022