Сабақ жоспары Түбірлес сөздер

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі 25.01.2016.

Сабақтың тақырыбы:Түбірлес сөздер

Сабақтың мақсаты:1.Білімділік.Оқушыларға сөз құрамын түсіндіру,сөздің түбір мен қосымшадан тұратынын,олардың қызметін,түсіндіру.Бір түбірден бірнеше туынды сөздің пайда болуы түбірлес сөз пайда ететінін мысалдар көмегімен үйрету.

2.Дамытушылық.Ойындар арқылы балалардың пәнге деген,сабаққа деген қызығушылығын арттыру,білімін дамыту,шығармашылық қабілетін шыңдау.

3.Тәрбиелік.Оқушыларды таза және дұрыс жаза білуге,ұйымшылдыққа,бірлікке,бір-біреуді сыйлай білуге,тыңдай білуге ,жылдамдыққа,өз ойын анық,нақты жеткізе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,жазу

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі:кітап,суреттер,кеспе қағаздар

Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі:

Өткен материалды қайталау.

Оқушылардан үй жұмысын сұрау және бағалау.

1.Сөз неден тұрады?Мысалы:

2.Сөздің бөлінбейтін бөлігі не деп аталады?Мысалы:

3.Қосымша қандай қызмет атқарады?Мысалы:

4.Қосымша нешеге бөлінеді,қайдай?

5.Берілген сөздерден түбірлес сөздерді тап.

Өткен сабақты бекіту.

Сергіту сәті:

Тұрады сөз құрамы

Жұрнақ пенен жалғаудан.

Егер олар болмаса,

Сөзде болмас еш бір мән.

Жаңа сабақ:Түбірлес сөздер.

Көркем жазу минуты.Ж ж , жаңа деген сөзді жазу.Балаларға ж дыбысын көрсету,тақтада жазып көрсету,ауада жазып көрсету.

Бір түбірден бірнеше туынды сөздердің жасалуы түбірлес сөздер болады.

Мысалы:52-жаттығу. Түбірлес сөздерді терме диктант етіп жаздыру.

Өнерпаз,кітапхана,өнер,суат,өнерлі,баспа,жұмысшы,арбакеш,орман,бүркітші..

Берілген түбірлес сөздерді балаларға жаздыру және өздеріне тексерту.Соң тақтаға сөздердің дұрыс жазылған үлгісін ілдіру арқылы балалардың қатесін жөндеу.

«Көршіңді тап!» ойыны.Берілген сөздерден түбірлес сөздерді тауып,сызықпен бір-біріне жалғау.Сөздер ақ параққа араластырылып жазылады да,әр партаға беріледі.Әрбір екі бала өзара жеке жұмыс жасайды.

53-жаттығу.Өлеңді оқып,жатқа жазу.Түбірлес сөздердің астын сызу.

Тасты жонып қашаған,

Әсем мүсін жасаған.

Мүсінші аға өнерін

Өте жақсы көремін.

«Үйіңді тап!» ойыны.Бұл ойында екі киіз үй тігілген.Бірі «жұрнақтар» отауы,бірі «жалғаулар» отауы.Балалардың қолына сөздер жазылған қағаздар беріледі.Балалар қолдарындағы сөздерді оқып,оларды тиісті отауға кіргізеді.

Келесі тапсырма түбір сөздерден түбірлес сөздер жасау.Әр екі партаға бір парақтан беріледі.Балалар жылдам және дұрыс орындауы тиіс.

Соң осы топтарға және бір тапсырма беріледі.Онда берілген жұрнақтарға түбірлер тауып қою керек.

Кейін балаларға логикалық тапсырмалар беріледі.Онда суретке қарап суретшінің қатесін табу керек.

Соңынан ребуспен жұмыс алып барылады.

Сабақты бекітуге қосымшаларға түбірлер табу жұмысы беріледі.

Сабақты қорытуБалаларды бағалау.

Балалардың бүгінгі сабаққа,өзіне қандай баға беретінін .гүлдер көмегімен анықтау.







© 2010-2022