Дүниетану пәнінен 1 сыныпта Құстардың жазғы тіршілігі тақырыбына ашық сабақ

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дүниетану 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Құстардың жазғы тіршілігі
Мақсаты:
а) білімділік: Барлық тыныс - тіршіліктің қызған кезі жаз мезгілінің ерекшелігімен таныстыру, құстар туралы білімдерін кеңейту, құстардың атын, маңызын, ерекшеліктерін білу.
ә) дамытушылық: Оқушылардың таным белсенділігін арттырып, ойлауын, тілін дамыту. б) тәрбиелік: Құстарға қамқорлық жасауға, оларды қорғауға тәрбиелеу. Халық қазынасы мақал, ырым - тыйым, жұмбақ, болжамдарды тиімді пайдалана білу.
Әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, ойын, топтастыру.
Көрнекілігі: Бүктеме, слайдтар.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру
Оқушылардың сабаққа психологиялық дайындығын қалыптастыру.
Сүйейік, табиғатты аялайық!
Біз де онан жақсылықты аямайық!
Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.

II. Үй тапсырмасы
1. Оқушылар үйге берілген «Аңдардың жазғы тіршілігі»мәтінін тізбектей оқып, мазмұнын баяндайды.
2. Ойын «Қай аңның баласы?»
3. Үй тапсырмасын қорытындылау. Аңдардың қысқы тіршілігі мен көктемгі тіршілігін салыстыру
4. Жаз мезгіліндегі жабайы аңдар мен мал тіршілігінде қандай ұқсастық бар? Айырмашылығы неде?

ІІІ Жаңа сабақ
Жұмбақ: Көкте ұшады тізіліп,
Біз қараймыз қызығып. (құстар)
Құстар - пайдалы, адамға дос, бау - бақша, ағаштарды қорғайды, ән салады, сән береді, егінге пайдалы, зиянды құрттарды жояды.

Шарлап келіп даланы,
Үйіме үйін салады. (Қарлығаш)
Су бетін сызып,
Ақ құман жүр сүзіп. (Аққу)
Кеудесі қайқаңдап,
Жүреді байпаңдап. (Қаз).
Тақылдатып мазаны ап,
Ағаштарды тазалап,
Ормандарды емдейді,
Зиянкесті тазалап. (Тоқылдақ)

1. Мәтін мазмұнын түсіндіру.
2. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді өзбетілік, тізбектей оқу
Сергіту сәті
Аппақ болып таң атып, /құшағын кең ашады/
Түтін тікке ұшады /қолдарын толқындата жоғары көтереді/
Қарлығаштар қанатын /қанатын жаяды/
Самғап биік ұшады /құсша қанат/

Ұқсастық пен даралық
Құстар:
Жабайы құстар - өздігінен тіршілік етеді, табиғат сәні, орман емшісі
Үй құстары - қолда бағылады, жұмыртқасын, мамығы пайдаланамыз

Ситуациялық сұрақ: Орманда келе жатырсың, ағаш басынан құстың балапаны құлап түсті. Не істер едің?
Ойын «Қай құс?» (Құстардың дауысынан қай құс екенін ажырату)
- Балалар, құстарды қалай қарсы аламыз? (ұя жасап)
«Мұны білесің бе?»
- Сендерге құстар туралы мәліметтер берейін.
Қазақстанда 474 құстың түрі тіршілік етеді. Бұлар сәуір айында біздің өңірге ұшып келеді. Зиянды жәндіктерді құртып, кемірушіні құртып, егін мен орманды, бақты қорғайды. Өсімдік тұқымын басқа жерге таратады.
«Халық болжамдары» - табиғат қорғау дәстүрінің бірі. Оны бекерге айтпаған, тыйым сөздерді де түсіндіріп отырған.

ЖАЛПЫ ҚҰСТАР
- көңілдене сайраса - келер күн ашық;
- үндері тынса, күн күркірейді;
- жыл құстары топтанып қайтса - келер қыс қатты;
- жыл құстары топ - тобымен бір мезгілде оралса, көктем тез кіреді;
- жер бауырлап ұшса, ауа райы бұзылады;
- күзде ұясын күн түсетін жаққа салса - қыс суық, көлеңке бетке салса, жылы болмақ;
- қыста үй төңіректей жиналып қиқуласа, қарды қазса, күн суытады.

І V Бекіту кезеңі:
- Жазда құстар тіршілігінде қандай өзгерістер болады?
V Қорытындылау
Ұйқасқа өлең құрау
------ айтпаймыз,
------ баспаймыз,
------ сатпаймыз,
------ қорғаймыз.
VІ. Балаларды бағалау
VІІ. Үйге тапсырма: 1Құстардың жазғы тіршілігі оқу, мазмұндау.
2 Қалаған бір құстың суретін салып келу

© 2010-2022