Ашық сабақ Есептік және реттік сан есім (3 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Есептік және реттік сан есім

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Оқушылардың есептік және реттік сан есім туралы білімдерін толықтыру, ары қарай тереңдету.

Дамытушылық. Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, тіл байлығын, ой-өрісін, іскерлік дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін байқау, дамыту.

Тәрбиелік. Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойындар, дәптермен, оқулықпен,

Сабақтың барысы I. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылардың сабаққа қатысуы

2. Оқу құрал -жабдықтары

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

-Күндей жадырап,

Айдай арайлап.

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір таза көңілмен

Бүгінгі сабағымызды бастайық

Оқушылар орындарынан тұрып:

-Амансың ба, Алтын күн!

Амансың ба, Көк аспан!

Амансың ба, достарым!

Сендерді көрсем қуанам,

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз, - деп сәлемдеседі.

-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Есептік және реттік сан есім.

Мақсаты: Есептік және реттік сан есім туралы білімдерін толықтыру, ары қарай тереңдету.

Бүгінігі сабағымыз ерекше болатындықтан. Бүгінгі сабаққа арнап Алдаркөсе хат жолдапты. «Мен Алдармын, Алдармын, елдің бәрін алдармын,Бір аралда алтын сандық бар екен, сол аралға барып алтын сандықты іздейін десем, жол бойы толған тапсырма, сендердің көмектерің керек болып тұр».

  • Ол жаққа жету бізге оңайға түспейді, әрине, жолымызда бірнеше кедергі- лер тосып тұрады.Сол кедергілерден өтуіміз керек.

  • Ал, балалар! Аттанамыз ба? Жолға шықпас бұрын бізге карта керек, мына тапсырманы орындасақ, картаны ала аламыз. Ал енді саяхатымызды бастайық.

II. Үй жұмысын тексеру

Сан есімдерді қатыстырып, «Біздің сынып» деген тақырыпта шағын шығарма құрастырып жазып келу.
-Ал енді картаны алдық, алтын сандыққа жетпес бұрын Алдаркөсе айтқандай аралдың табиғаты тамаша, орманы бай, аралдың тау тасы, өзені, көлі, тіпті батпақты жерінің өзі тапсырмаларын дайындап қойыпты, оларды орындап аралды зерттеп сандықты тезірек іздеп көрелік!

Таулардың тапсырмасы:

Өткенді қайталау

2. Сызбамен жұмыс

Ашық сабақ Есептік және реттік сан есім (3 сынып)Көлдің тапсырмасы: Дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу

Ққ қалам

Құрамында сан есімі бар сөздерді сөзбен жаз

К+2+лік, Тү+1, К+3+ік, Жел+90, 6+бақан, 9+құмалақ, 8+көз, К + 3, 5+ік.

Тастардың тапсырмасы

Есептік және реттік сан есімдерді екі қатарға бөліп жаз.

Бір, тоғызыншы, мың, он бірінші, жиырма, бес, отыз бесінші, жетпіс тоғыз, сексен сегізінші, екі, үшінші, бесінші, алтыншы, төрт, он, жетінші.


Өзеннің тапсырмасы: Өзеннің арғы жағына жүзіп өту үшін бізге қайық керек, ал жағада тұрған екі қайықтың арқандары әріптерден құралған арқанмен байланып жатыр, арқанды шешу үшін бүгінгі тақырыпқа байланысты сөздерді табуымыз керек:

  1. санесімыншынешіншіреттікжетіншіінші

2)есептікжиырманешежетпісқаншаотызбір

Сергіту сәті


Орманның тапсырмасы: Сиқырлы сөздер. Жасырылған сөздерді және сәйкестір:

іке

трөт

кретіт

нас еісм

інбесіш

ексепіт

ішшінне

зынғышыто

анқша

ешен Құстардың тапсырмасы: Мақал сөздің мәйегі

  1. Қызға … үйден тыю

  2. … жұрттың тілін біл

  3. ....ала болса, ауыздағы кетер

… түгел болса, төбедегі келер

  1. … атасын білмеген жетесіз

  2. Жігітке … өнерде аз

  3. Ел құлағы …

Аңдардың тапсырмасы:

«Кім көп біледі?» Сандарға байланысты мерекелер бар. Бүкіл халықтық, кәсіптік. Соларды ата.

16,1,8,22,9,25,1,12,7,22.

Қорытынды.

  • Сан есім дегенміз не?

  • Сан есімдердің түрін ата.

  • Есептік сан есім дегеніміз не?

  • Реттік сан есім дегеніміз не?

Үйге тапсырма:

Бағалау

© 2010-2022