Әліппе Я дыбысы мен әрпі 1-сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Әліппе Сабақтың тақырыбы: Я дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты: а) Я дыбысы мен әрпі туралы, оның и,а естілгенімен я әрпі жазылатын ережені ұстана отырып, білімдерін қалыптастыру. ә) оқушылардың сөздік қорын, есте сақтауын дамыту. б) я дыбысының жазылуымен айтылуына мән бере отырып, дұрыс жазуға үйрету. Сабақтың көрнекілігі: кеспе суреттер, я әрпі, плакат, қима - қағаздар Сабақтың әдіс -тәсілі: СТО, сұрақ-жауап, ойындар Сабақтың барысы І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, қажетті құрал-жабдықтарын алғызу. Психологиялық дайындық Арайланып таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды күніміз, Жарқырайды даламыз. Қайырлы күн балалар, Қайырлы күн қонақтар. ІІ. Өткен сабақта алған білім дағдысын тексеру. Үйге берілген тапсырманы сұрақ қю арқылы пысықтау. Тізбектеп оқыту. ІІІ. Жаңа сабақ Сабақты ашу Жұмбақ: 1. Тал басында тамаша үй. Ол не? (Ұя) 2. Қалқиып ұзын құлағы, Елеңдеп қорқып тұрады. Ол не? (Қоян) Осы жұмбақтың жауабындағы ұя, қоянның суреттерімен жұмыс. а) Оқулықтың 110-бетіндегі қоян суретін пайдаланып, сөзге дыбыстық талдау жасату. Я дыбысына көңіл аудартып, я дыбысының әрпімен таныстыру. ә) Сөзді талдаған соң, я дыбысын оқушыларға бірнеше рет қайталатып, оның өзіндік ерекшелігімен таныстыру. Оның қосарланған дыбыс екендігіне көздерін жеткізу. б) Бағандағы буындар мен сөздерді салыстыра оқыту арқылы оқушыларға я дыбысын айтуға жаттықтыру. в) оқулықтағы «Саябақ іші» тақырыбындағы әңгіме оқылып, талданады. Мұнда оқушылар көрген-білгендерін де әңгімелеуге болады. Жеке жұмыс: Әр балаға суреттер таратып беремін, олар суреттегі заттың атын атап, буынға бөліп, сол сөздерді қатыстырып сөйлем құрайды. Сергіту сәті: Дәптермен жұмыс:

Жазу дәптерінің 17-бетіндегі үлгі бойынша я дыбысының әрпін жазып, үйрену жұмысы жүргізіледі. Сызбаның көмегімен сөздер құрап, оларды көркем етіп жазғызуға болады. Я дыбысының бас әрпін жазып үйрену жұмыстары да жүргізіледі.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту:

Ойын «Жоғалған әріп» дыбыстық талдау жасату.

Қи...р, пи...з, а...з т.б.

Суреттер «Артығын тап» ойыны. (алма, алмұрт, жүзім, қияр)

Я әрпі бар сөздерді тауып, олармен дыбыстық, буындық талдаулар жүргізіледі. Сөздерді бос жолдарға жазғызу керек.

Қоян

-Мен қоянмын, қоянмын,

Күндіз-түні ояумын.

Қаша-қаша қасқырдан,

Құлауға да таяумын.

Ү. Сабақты қорытындылау:

-Ұяны неден жасайды?

-Бұл сөзде я дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі.

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтау






© 2010-2022