2-сынып Математика пәні. Тақырыбы: Бұрыш түрлері

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

2-сынып математика.

Сабақтың тақырыбы: Бұрыш түрлері (сүйір, доға, тік).

Сабақтың мақсаты:

1.бұрыш түрлерімен таныстыру; көпбұрыштардың элементтері, олардың атауларын оқып-үйрену.

2. Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін арттыру.

3. оқушыларды байқампаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік.

Көрнекіліктер: суреттер, геометриялық фигуралар және әртүрлі заттар.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, сабақтан қалған оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: бұрыш түрлерімен таныстыру; көпбұрыштардың элементтері, олардың атауларын оқып-үйрену. Ал,балалар, алғашқы сабағымызды көңілді тілектерден бастайық. Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де ,

Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым,

Арайлап атқан күнге.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

66-бет.№3-5.көпбұрыштың периметрін тап. Салыстыр.

ІІІ. Тақырыпқа көшу кезеңі.

Тірек білімдерін жетілдіру.

1. «Есептеу машинасы» ойыны ауызша есептеу дағдыларын арттыруға бағытталған.

23-3 + 40 + 8 + 10-70-6 + 30

7+9-10-2+80-4-20+5-60

13-8 + 50-5-40-7 + 60-3 + 7

2. Математикалық диктант.

Мұғалім жай есептерді оқиды, оқушылар тек жауаптарын жазады.

- Тосап қайнату үшін жеміс-жидектер сатып алынды. 6 кг жеміс қайнатылды. 8 кг қалды. Неше килограмм жеміс сатып алынды?

- 11 пиязды аршу керек. 3 пияз аршылды. Аршылмаған неше пияз қалды?

- Картоп пен пияз бірге 15 кг тартады. Картоптың массасы - 7 кг. Пияз неше килограмм тартады?

- Саматта бірнеше төсбелгі бар. 9 төсбелгіні өзіне қалдырып, 5-еуін досына сыйлады. Саматта неше төсбелгі болды?

- Бірінші бидонда 12 л сүт, ал екіншісінде одан 4 л сүт кем болды. Екінші бидонда неше литр сүт бар?

3. Геометриялық фигуралар туралы білімдерін пысықтау үшін «Қандай фигурадан тұрады?» ойыны ұйымдастырылады.

- Суреттің қандай фигуралардан тұратынын айт. Көпбұрыштардың сынық сызықтардан қандай айырмашылығы бар? Сынық сызықтың түзуден айырмашылығы қандай? Түзудің кесіндіден айырмашылығы қандай? Нүкте деген не?

ІҮ. Жаңа материалды оқып-үйрену.

Ауызша жаттығулар орындалады. Тақтада әртүрлі геометриялық фигуралар бейнеленген. Оқушылардан оларды топқа бөліп, жауабын түсіндіруді сұралады.

2-сынып Математика пәні. Тақырыбы: Бұрыш түрлері.2-сынып Математика пәні. Тақырыбы: Бұрыш түрлері.2-сынып Математика пәні. Тақырыбы: Бұрыш түрлері.

Түсіндірулердің бірінің фигуралардың атауы болуы (бұрыштар, төртбұрыштар,...) маңызды.

Баспа дәптерімен және оқулықпен жұмыс.

Жаңа сабақпен таныстыру 1-жаттығудың материалдары негізінде жүргізіледі. Осыдан кейін оқушыларға дәптерлеріне бұрыштардың түрлерін салу тапсырылады. 6-тапсырма ауызша орындалады. 7-тапсырма көз мөлшерлерін дамытуға арналған және ауызша орындалады.

Ү. Сабақты бекіту.

Қалған тапсырмалар өтілген материалды пысықтауға бағытталған. Бұл ойын жұппен немесе топпен өткізіледі. Бұл үшін 0-ден 9-ға дейінгі сандар жазылған бір түсті карточкалар және толық ондықтарды (10, 20, 30...90) білдіретін сандар бар басқа түсті карточкалар қажет. Карточкалар екі жерге теріс қаратып орналастырылады. Балалар сандарды көрмейді. Балалардың бірі ондықтардан тұратын карточкалардың бірін, ал екінші бала бірліктерден тұратын карточкалардың бірін алып көрсетеді, өзге оқушылар санды атайды. Балаларды санға бірден талдау жасауға үйреткен жөн. Мысалы, 23 санында екі ондық, үш бірлік бар.

Баспа дәптерімен және оқулықпен жұмыс.

№ 3 тік бұрыштарды көпбұрыштарды және бұрыштардың төбесін ата.

№ 4 Суретте тік, сүйір, доғал, бұрыштар нешеу?

№ 5 есепті шығар.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау,не білдік? Не үйрендік? Бұрыш түрлерімен таныстық, көпбұрыштардың элементтері, олардың атауларын оқып-үйрендік.

ҮІІ. Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

68-бет. №5. Өрнектердің мәнін тап.

ҮІІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.Оқушылардың бағаларын күнделіктері мен журналға қойып шығу.



© 2010-2022