Төрт түлік мал ашық сабақ 1 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтыңтақырыбы: Төрт түлік
Сабақтыңмақсаты:
1. Оқушылардың төрт түлік туралы түсініктерін кеңейтіп, әр малдың ерекшеліктері, пайдасы туралы білімдерін тексеру, ізденушілік қызығушылықтарын арттыра отырып, төрт түлік малға байланысты мақал - мәтелдер, әңгімелер тақпақтар айтқызып, білімдерін толықтыру.
2. Оқушылардың сөйлеу шеберліктерін, ой - өрістерін дамыту.
3.Төрт түлік малды қастерлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтыңтүрі: ойын сабақ
Әдісі: Сұрақ - жауап, талдау - жинақтау, салыстыру ізденушілік.
Көрнекілігі: Слайд, суреттер, сызбалар

Сабақтыңбарысы: I Ұйымдастыру
Психологиялықдайындық
Амандасусалтымыз
Оқыпбіліпжатырмыз
Келгенқонақсіздерге
Сәлембердікжалпымыз

II. Өткендіқайталау
Балалар біз өткен сабағымызда танысқан «Төлді қалай шақырады» өлеңін еске түсірейік. Оқушылардан өлеңді сұрау.
«Төлдерді өріске айда» ойынын ойнату. Балаларға төлдердіңсуреттері таратып беріледі, артына сұрақтар жазылады. Сұраққа жауап берген бала төлін тақтадағы «өріске» апарып қояды.

III. Жаңасабақ
Суреттер арқылы балаларға төрт түлік малдыңқазақхалқыныңтұрмыс тіршілігінде алатын орнын түсіндіру.
Балалар «Малы бардың - жаны бар» «Елдіңқөркі - мал» деген халықнақыл сөздерінен - ақ қазақ халқыныңтұрмыс тіршілігінде төрт түлік малдыңерекше орын алатынын түсінуге болады. Қазақхалқы ежелден - ақ мал шаруашылығымен айналысқан халық. Қазақ халқы ғасырла р бойы малдыңөрісін, тіршілік ету сырын, жай - күйін, қадір - қасиетін әбден зерттеп білген. Біздіңхалқымызда төрт түлікке байланысты ұлттықойындар, өлеңдер, жұмбақтар, ырым - тыйымдар өте көп. Төрт түліктен алынатын, халық тұтынатын өнімдерде өте көп. Сүтінен сусындар, етінен қазы - қарта жал - жая, жүнінен әр түрлі жылы киімдер терісінен етік, тон, баскиім, аяқкиімдер тігіледі.

IV. Біздің бүгінгі танысатын өлеңдеріміз де осы төрт түліктің төресі түйеның баласы бота туралы болмақ.
1) Өлеңді мәнерлеп оқып беру
2) Өлеңжолдарын түсіндіру
3) Іштей оқыту

V. Тақтамен, дәптерменжұмыс.
20 - жаттығу
Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Қарамен жазылған сөздерді дауыссыз дыбыс әріптерін тауып, астын сызыңдар
21 - жаттығу. Тірек сызбамен жүргізу.
Берілгенсөздерден «Қай мал қайтеді» деген сұраққажауап беретін сөйлемдер құрастырып жазыңдар.
Түйе боталайды
Жылқы құлындайды
Сиыр бұзаулайды
Қой қоздайды
Ешкі лақтайды

Балалар бүгінгі сабағымызды қорытыныдылау мақсатында «Кім білгір» ойынын ойнаймыз
Пірдің суреті------малдың атауы ------төлдің атауы-------- төлді шақыру

Кері қайту

Сынып сағатының тақырыбы: Төрт түлік малды білесің бе?
Мақсаты:
Білімділігі: өлең мазмұнын дұрыс түсініп оқу, меңгеру арқылы төрт түліктің түрлері мен атауларын енгізу.
Дамытушылығы: халықтық педагогика элементтерін пайдаланып оқушылардың өз ойын ашық білдіріп, пікірлерін қорғай білуге, шығармашылық ізденісін, танымдық қабілеттерін арттыруға дағдыландыру.
Тәрбиелігі: төрт түлікті қадірлеп, қастерлей білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ, ой қозғау, топпен жұмыс, түсіндіру.
Нәтиже: 1. Оқушы төрт түліктің ерекше қасиеттерімен танысады.
Көрнекілігі: төрт түлік суреттер,жұмбақ,бояулар мақал-мәтелдер, тыйым сөздер.
Пәнаралық байланыс: музыка, дүниетану, бейнелеу.
Қазір біз 3 топқа бөлініп алайық. Үстел үстінде сандар жатыр. Сол сандардың кез - келгенін аламыз.
Балалар, кейінгі өтіп жатқан тақырыптарымыз нелер туралы? Ендеше топтың аттары да малдың аттары болады.
І топ - « Түйе»
ІІ топ - «Лақтар»
ІІІтоп -- «Құлыншақ»

Сөзжұмбақ
Т А Й
Т Ү Й Е
Л А Қ
І Р І М Ш І К
К И І З
1. Жылқы төлінің атауларының бірі.
2. Жыл атауынан құр қалған жануар.
3. Ешкі төлі.
4. Сиыр сүтінен жасалатын тағам
5. Қойдың күзем жүнінен жасалатын зат.

1 тапсырма Таныстыру

2 тапсырма Сұрақ-жауап

Тақтада төлдерінің суреттің ар жағындағы жазылған сұраққа жауап беру

1 Сиыр пірі кім?

2 Жылқыны қалай шақырады?

3 Қой қалай дыбыстайды№

4 Сүттен не дайындайды?

5 Жылқының пірі кім?

6 Нар деп нені атайды?

7 Түйенің төлін қалай атайды?

8 Лақты қалай шақырады?

9 Түйенің пірі кім?

10 Түйені қалай шақырады?

11 Ешкінің пірі кім?

12 Қойды қалай шақырады?

13 Жылқы қалай дыбыстайды?

14 Түйені қалай шақырады?

15 Сиырды қалаай шақырады?

3 тапсырма
Алдарына ермексаз беріледі. жануарының мүсінің жасау?

Көрермендермен ойын «Төлдерді боя» (боямақтар таратылады)

Сен білесің бе? Көрермендермен ойын

Қ азақ халқында малды ұстап байлайтын жабдық атаулары бар.
Түйеде - бұйда
Жылқыда - ноқта
Сиырда - бас жіп
Өгіз еркек малында - мұрындық
Қой - ешкіде - көген

малды топтап жаятын болған.

Түйенің тобын - келе
Жылқының тобын - үйір
Сиырдың тобын - табын
Қой - ешкінің тобын - отар дейді.


5-тапсырма Мәнерлеп оқу сайысы («Төлдер айтысы» атты кітапшадан үзінділерді мәнерлеп оқу)


4- тапсырма. Өнер көрсету (би,ән)
Қорытынды Қазылар алқасына сөз Марапаттау



© 2010-2022