Н дыбысы мен әрпі 1сынып сабақ жоспары

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бекітемін:________________________________

Оқу ісінің меңгерушісі:

31-сабақ: Нн дыбысы мен Нан дастарханға қалай келеді?/р/

Мектеп:Ж.Мырзағалиев

Күні: 6.10.2015ж

Мұғалімнің аты-жөні: Қойбақова Ақтолқын

Сынып: 1

Қатысқаны: 21

Қатыспағаны:

Сабақта меңгерілетін дағдылық мақсатттар

1.1.1.2 Шағын мәтіннің/ақпараттың мазмұнын түсіну

1.1.3.1 Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау

1.3.12.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін жазу

1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру

Табыс критерийлері


Барлық оқушылар білуге тиіс:

Шағын мәтіннің ақпараттық мазмұнын түсінеді

Оқушылардың көпшілігі: Оқиғаны ретімен баяндап, Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін жазады.

Кейбір оқушылар:Оқиға бойынша өз бетімен тұжырымдайды.

Ойын еркін жеткізеді.

Осыған дейін меңгерілген білім

«Нн дыбысы, әрпі туралы білімі

Күтілетін нәтиже

Нн дыбысы мен әрпі бар сөздерді оқуды меңгереді. Нанның дастарқанға келуін біледі,оқиғаны ретімен баяндай алады.

Керекті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер

Оқулық, кеспе қағаздары

Сабақтың барысы

Уақыт

Блум

таксоно-миясы

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Қызығушылығын ояту

3-5 мин

Білу

Нан қиқымын шашпаңдар!

Жерде жатса,баспаңдар!

Теріп алып,қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар!- өлең не туралы айтылады?

-Нан

-Осы нан дастарқанға қалай келеді?

(Ұ,Ж)

Өлеңді хормен айтып ,

талдайды.

5-8 мин

Түсіну

(МК) Сабақты «Ас атасы - нан» деген әңгімемен бастау
«Бірде Науан әжесіне еріп, егіс даласына келді. Ол шашақты басы иіліп тұрған бидай сабақтарын көріп, әжесінен:
-Мынау өсіп тұрған не? - деп сұрады.
-Наужан, бұл пісіп тұрған - нан, - деп, жауап берді әжесі.
-Нан болса, таба наны қайда?
-Таба нан да осы дәннің ішінде.
-Ал тоқаш ше?
-Ол да осы дәннің ішінде.
-Бауырсақ ше?
-Бауырсақ та дәнге сыйып тұр.
-Әже, кіп-кішкентай қауызды дәнге осынша көп нан қалай сыйып
тұр? - деп Науан таңғалды.
«Ас атасы - нан, нан атасы - дән» деген. Осынша мол дүние, тоқшылық әрбір дәннің ішінде, - деді әжесі.

(Ө) Мәтін бойынша презентацияны пайдалана отырып әңгімелейді

Мағынаны тану

5 мин

Қолдану

«Наубайхана» туралы видео көрсету.

Нан сөзіне дыбыстық талдау жасатып, н дыбысының орны және дауыссыз дыбыс екені анықталады.

Баған түріндегі буындарды, сөздерді оқушыларға дауыстап оқытады.

5-7 мин

Талдау

Жазы

лым

Мұғалім оқушылардың суретке қарап, белгілі бір жүйемен әңгіме құрауларына басшылық жасайды. Мұнда да нанның қайдан келетіні жөнінде әңгіме болады.

/Ұ/ Нанның дастарқанға келу жолын тізбектей айтады.

/т/ нанның дастарқанға келуін суретпен бейнелеу

Жазу дәптерінде берілген әріптің үлгісіне қарап, н әрпінің жазылуын көрсетеді, қадағалайды.

Н дыбысының бас және кіші әрпінің элементтерін мұқият игере отырып, оқушылар өз бетімен жазуға дағдыланады.

Жазу дәптерінің тапсырмаларына икемделіп қалған оқушылар жаңа әріпті үлгідегідей өздері жазуға тырысады. Мұғалім мұндай кезде ұйымдастырушы, көмекші рөлін атқарады.

Н әрпін жазып үйренеді, н әрпі бар сөздерді жазады.

Ойтолғаныс

8 мин

Жинақ-тау

(МК)

─ Наубайханада не дайындалады?

─ Наубайханада жұмыс жасайтын адамды қалай атайды?

─ Нан дастарханға қалай келеді?

Нан сөзіне дыбыстық талдау жасау

3-минут

Бағалау

(ҚБ) Бағалау бетшесіндегі тапсырманы орындап бағаланады.

Жетті ,

талпынды .

Қосымша мәліметтер

Өткізілген сабақ бойынша мұғалім жазбасы:______________________________________________

Сабақ барысында қолданылған әдіс-тәсілдер тиімділігі:____________________________________

Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді:___________________________________________

Оқушылардың белсенділігі:____________________________________________________________

Сабақтың мақсатына жету жолындағы қадамдардың маңызы:_______________________________

Кездескен кедергілер мен оны еңсеру жолдары:___________________________________________



© 2010-2022