Білім күні. Сынып сағаты

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Солтүстік Қазақстан облысы


Қазақ мектеп-гимназиясы





Сынып сағаты

«Білім әлемі»

1 «Б» сынып











Сынып жетекшісі:Т.С. Құлмағанбетова


2015 оқу жылы


Петропавл қаласы

Сынып сағатының тақырыбы: «Менің Отаным - Қазақстан»

Білім күні 1-сыныптарға «Білім әлемі» Сабақтың мақсаты: «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберінде білім беру процесіне Мәңгілік Ел құндылықтарын енгізу;


- қоғамда қазақстандық патриотизм идеясын дамыту, Тәуелсіздік алғаннан бергі Қазақстанның жетістіктерін насихаттау, басты құндылықтарды - тәуелсіздік, бейбітшілік пен келісімді нығайту.


  • Еліміздің мемлекеттік нышандарына, дәстүрлеріне, тарихына, Қазақстан Республикасының Конституциясына деген мақтаныш сезімді ояту және оларға құрметпен қарау.


- балалардың Отанға деген азаматтық жауапкершілікті сезінуіне ықпал ету.

Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы туралы түсінік беру, Қазақстан халқы бірлігін нығайтудағы олардың маңызын ашу. Білім күнінің мақсатты топтары: бірінші сынып оқушылары, ата-аналар, бастауыш сынып мұғалімдері, педагогикалық еңбек ардагерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілері, ҮЕҰ және БАҚ.

Көрнекілігі: ҚР рәміздері, Н.Ә.Назарбаевтың суреті, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың атынан сыйлық - «Менің Отаным - Қазақстан» кітабы, оқулықтар, қиылған әріптер, сандар, т.б.

Сабақтың барысы: Құттықтау сөз айтамын.

І. Тренинг «Кел, танысайық!»

Оқушылар дөңгеленіп тұрады. Біреуі өзінің атын айтады. Жанындағы бала: «Оның аты ..., менің атым ...» деп өзін таныстырады. Осылай жалғаса береді.

ІІ. «Менің Отаным - Қазақстан».

Ой қозғау:

-Біз қандай мемлекетте тұрамыз?

-Қазақстан.

-ҚР-ның халқы қай тілде сөйлеу керек?

-ҚР-ның халқы қазақ тілінде сөйлеу керек.

-Біздің президентіміз кім?

-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев биылғы жылы сендерге арнап мынандай кітап беріп жіберіпті.


Сабақтың (тақырыптық бөлімдері) Кітаптың 12 бөлімі:

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың алғы сөзі.
  2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары.

3. Еңбексүйгіштік, адалдық пен білімділік - «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтары.

  1. Қазақстан Республикасы картасындағы менің туған жерім.


  1. Елімнің астанасы - Астана.
  2. Туған жерімнің табиғаты.
  3. Қазақтардың тұрмысы мен мәдениеті.
  4. Ғарышты игеру.
  5. Салт-дәстүрлер.
  6. Қазақ хандығына - 550 жыл.


  1. Қазақ халқының ағартушылары.
  2. Қазақстан Республикасының мейрамдары.


Марапаттау рәсімін еңбек ардагері жүргізеді. Балаларға бата беріледі.

-Балалар, 30 тамыз күні елімізде қандай мереке аталып өтті?

-Дұрыс, ҚР-ның Конституциясы күні. Конституция - ол Ата Заңымыз. Бәріміз сол заңға бағынамыз. Биылғы жылы Ата Заңымыздың 20 жылдығын атап өтіп жатырмыз. Ол заңда әрбір бала мектеп табалдырығын аттап білім алуға құқылы деп айтылған. Міне сол заңды орындап сендер бүгінгі күні мектепке келіп отырсыңдар.

-Кәне, кім ел туралы, Астана,Қазақстан, Отан жайлы тақпақтар біледі. Айта қойыңдар.

(Оқушылар тақпақтарын айтады)

ІІІ. «Білім әлемі»

Міне, күз де келді. Сонымен бірге көңілді қоңырау соғылды. Сендер алғаш рет жарық, әрі кең сыныпқа ендіңдер. Енді не істеу керек? Әрине, өмірде барлығын білу үшін және беске оқу үшін, ерінбей сабақ оқу керек.

Енді өзімді таныстыруға рұқсат етіңдер. Мен - Білім ханымымын. Менің сиқырлы елім - Білім әлеміне қош келдіңдер.

Ойын: «иә, жоқ» балалармен

1. Мектепке біз барамыз ба?

2. Кілең бестік аламыз ба?

3. Айтқан тілді аламыз ба?

4. Ақылды бала боламыз ба?

5. Нан жеймін деп жылаймыз ба?

6. Танертең ерте тұрамыз ба?

7. Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?

8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?

9. Екі алғанда жылаймыз ба?

10. Оқушы біз боламыз ба?

Мен барлық сандармен, геометриялық фигуралармен жетекшілік етемін, сөздердің дұрыс оқылуын, жазылуын білемін. Менің Білім әлемімде егер ерінбей еңбек етсеңдер сендерді түрлі ғажайыптар күтіп тұр. Араларыңда еріншектер бар ма? (жоқ). Жарайды, бұл қуантады. Себебі, менің елімде жалқауларға, тентектерге, сабақ оқығысы келмейтіндерге орын жоқ. Сендерге қиын болмау үшін мен өзімнің көмекшілеріммен таныстырайын.

(Математика оқулығын көрсетіп)

Бұл оқулықта сандар қатары:

Бір-екі-үш-төрт-бес,

Сендерді санауға, қосуға, азайтуға және есептерді шығаруға үйретеді.

(Дүниетану оқулығын көрсетіп)

Неше жыл мезгілі бар?

Табиғат нешеге бөлінеді?

Тірі табиғатқа нелер жатады?

Гүлдер қалай өседі? Бұлақтар неге ағады? Құстар қалай тамақтанады? Осының бәрін білу керек. Бұл - табиғат кітабы.

(Әліппе оқулығын көрсетіп)

Сен әріптерді білу керексің. Бұның ішінде әріптер, сызықша, нүкте, үтір бар. Осыларды меңгерсең еш қиындықсыз кітаптарды оқи бересің.

Сөздерді буынға бөлу (оқушы, мұғалім, балапан, кітап).

Мына сөздерге сөйлемдер құрастыру (гүл, бала, оқушы, мектеп)

-Балалар, сендер мектептегі тәртіптер туралы не білесіңдер? Қазір мен сендерге Нені істеуге болатынын айтсам қол шапалақтаңдар, істеуге болмайтын болса қол шапалақтамайсыңдар. Жақсы ма? Ал бастаймыз. (Мектепте санаймыз, мектепте айқайлаймыз, оқимыз, партаның үстімен жүгіреміз,ойыншық әкелеміз, сурет саламыз, ән айтамыз, кітап жыртамыз, дәптер шимайлаймыз, тәртіпті боламыз, ұйымшыл боламыз, т.б)

-Жақсы, балалар, сендер мектеп тәртібін біледі екенсіңдер. Ал қандай заттарсыз мектепке келуге болмайтынын біз жұмбақ шешу арқылы анықтайық.

Жұмбақтар. Бар бiлiмнiң бастауы, Бар ғылымның бастауы. Жас балаға нұр шашқан, Қандай кiтап тiл ашқан? (Әлiппе)


Бiлiм менен тәлiм, Парақты ашқанда Беттерiнен мәлiм. (Күнделiк)


Қысқа таяқ дiңi бар, Шиырлаған iзiнде Сайрап тұрар тiлi бар. (Қарындаш)
Жұқа тақтай бөлшегi, Ұзындықтың өлшемi. (Сызғыш)


Оқу-бiлiм аспабы, Қоймасының бас қабы. Бөлмесi де бiрнешеу, Тиегi бар ашпалы. (Сөмке)

" Сөмкеңді жинастыр"

Егер, мектепке керек зат болса «ИЯ» , керек емес болса «ЖОҚ» дейсіңдер Мектепке сен барарда

Сөмкеңді аласың,

Сөмкеңе керек заттарды,

Ішіне ұқыптап саласың:

-Торкөз дәптерлерді (Ия)

- Жаңа рогаткаңды (Жоқ)

- Үй сыпыратын сыпырғышты(Жоқ)

- Бестік қояр күнделікті (Ия)

- Бояу үшін альбомыңды (Ия)

- Жаңажылдық маскаларды (Жоқ)

- Суретті әліппені (Ия)

- Жыртық бәтеңкеңді (Жоқ)

- Фломастер мен қаламды(Ия)

- Бір уыс шегені (Жоқ)

- Түрлі-түсті қарындашты? (Ия)

- Үрленетін матрасты? (Жоқ)

- Өшіргіш пен сызғышты? (Ия)

- Тордағы тотықұсты (Жоқ)

- Сурет салатын альбомды? (Ия)

- Шайнайтын сағызды? (Жоқ)

- Тысталған оқулықтарды? (Ия)

- Тәрелке, айыр, қасықтарды? (Жоқ)

- Жататын диванды? (Жоқ)

- Қиятын картонды? (Ия)

- Сабақ кестесі мен күнделік? (Ия)

-Міне, оқушы енді дайын!

-Жақсы, балалар, енді мектеп жайлы, білім туралы қандай өлең, тақпақтар білесіңдер?

(оқушыларды тыңдау)

-Балалар, енді біз 1-сынып оқушысының антын қабылдайық. (Білім ханымы оқиды, оқушылар түрегеліп тұрып «Ант етеміз!» деп айтады)

  • Әріптерді жаттауға, оқып үйренуге ... Ант етеміз!

  • Жазға дейін жазуды, есептеуді үйренуге ... Ант етеміз!

  • Оқулықты жыртпауға,шимайламауға, таза сақтауға ... Ант етеміз!

  • Үй тапсырмасын толығымен орындауға ... Ант етеміз!

  • Мектепке кешікпей келуге ... Ант етеміз!

  • Бір жылда ақылды боп ержетуге, ата-анамыз бен ұстазымыздың мақтанышы болуға... Ант етеміз! Ант етеміз! Ант етеміз!

-Балалар,енді сендерге Білім әлеміне жол ашық. Себебі сендер нағыз оқушы болдыңдар!

Ата-аналармен ойын

Бірақ соңында мен сендерге кішкентай сиқырлық сыйлағым келіп тұр. Сендер қандай бағаға оқитындарыңды білгілерің келе ме? Жақсы оқитын балаға неше деген бағаны қояды? Дұрыс, төрт пен бес.

-Ендеше біз «Бағалар» деген ойын ойнаймыз. Бағаларды атап шығайықшы - 2, 3, 4, 5. Мен осыларды мына әдемі сөмкешеге саламын, әрқайсың өздеріңе 2-3 бағадан аласыңдар. (Оқушылардың арасынан жүріп өтемін. Оқушыларда тек қана 4 пен 5.)

-Бұл неткен ғажайып! Қараңдар, барлығыңда 4 пен 5! Ал екіліктер мен үштіктер қайда? Кәнекей, қарайық! ( Жабықхаттың ішіне қолын сұғып, жасырын жерден екіліктер мен үштіктерді алып шығады да оқушыларға көрсетеді). Бұлардың бәрі жабықхатта қалыпты ғой! Бұл нені білдіреді? Бұл сыныпта үлгермеушілер болмайды, екі алатын оқушылар болмайды деген сөз! Қанекей, бәріміз қатты-қатты қол соғайық! Сиқырымыз орындалсын, барлығың жақсы бағаға оқыңдар!

ІІІ. Ата-аналарға тілек беру.

Баланы тәрбиелеу қиын,

Ол үшін көп білу керек

Ата-анаға айтарымыз

Балаға үнемі қараңыз

Танертең мектепке жинаңыз

Мейірімді жүз танытыңыз

Қызықты кітап оқыңыз

Демалыста бірге қыдырыңыз,

Аурудан аулақ болу үшін,

Балаларыңызды шынықтырыңыз,

Жиналысқа келіп тұрып,

Мектепке де көмектесіп,

Тілерім бүгін сіздерге,

Ең негізі-шыдамдық!

Сұрақтар:

1. Мектепке баруды ұнаттыңыз ба??

2. Күнделігіңізді мұғалім алып қойып отырды ма?

3. Мектепке кешігіп бардыңыз ба?

4. Үздік болғыңыз келді ме?

5. Қазақ тілі пәнін жақсы көрдіңіз бе?

6. Директорға сізді апарды ма?

7. Мұғаліміңнен қорықтыңыз ба?

8. Ата-анаң сізді оқымағаныңыз үшін жазалады ма?

9. Сабақты себепсіз босаттыңыз ба?

10. Көбейту кестесін білесіз бе?

11.Үй тапсырмасын үнемі орындадыңыз ба?

12. Сабақта ылғи қолыңызды көтердіңіз бе?

13. Кітап оқығанды ұнаттыңыз ба?

14. Сыныпта досыңыз көп болды ма?

15. Мұғалімге комплимент айттыңыз ба?

16. Сабақта бос отырдыңыз ба?

17. Мектепті жиі еске аласыз ба?

18. Екі алдыңыз ба?

19. Жетістігіңіз үшін мұғалім мақтады ма?





1. Кіммен олай болмайды!

2. Мені ыңғайсыз жағдайға қалдырмаңыз!

3. Өмірімді онсыз елестете алмаймын!

4. Өкінішке орай тек түнде ғана!

5. Бұл байқалмай ма!

6. Әрине солай!

7. Бір күні көріп едім, түк те шықпады!

8. Бұл менің хоббиім!

9. Енді қалай!

10. Бұл мен үшін нағыз рахаттану!

11. Бұл менің арманым!

12. Мен одан да үндемей -ақ қояйын!

13. Бұл мен үшін ең ұнайтыны!

14. Бір рет емес, күнде!

15. Қинасаң да айтпаймын!

16. Әрине, онсыз өмір сүру қызықты болмас еді!

17. Менің мінезімді біле тұра, мұндай сұрақ қойғаныңыз дұрыс емес!

18. Қаншама жыл, қаншама қыс өтті!

19. Бұл менің хоббиім!


-





Қазақстан халқы Ассамблеясы сондай-ақ ағымдағы жылы 20 жылдығы
атап өтілетін жаңа Қазақстан Конституциясын қабылдау бойынша
бүкілхалықтық референдум бастамасын көтерді. Осы жылдар ішінде Ассамблея
Мәжіліс депутаттарын сайлау құқына ие конституциялық органға айналды.
«Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заң қабылданды, әлемде баламасы жоқ
және ол еліміздің болашағы үшін өте маңызды, себебі оның нормалары біздің
ұлтаралық саясатымыздың негізін қалыптастырады.
Қазақстандық модель барлық халықаралық қауымдастықтың жоғары
бағасына ие болды. БҰҰ-да тұсаукесері табысты өтті және 60 тілге аударылды.
Барлық әлем үшін ол қоғамдық тұрақтылықтың өнегесі, 100 этнос пен 17
конфессия мүдделерінің тепе-теңдігін сақтау мен нығайтудың үлгісі болды.
Қазақстан Республикасында оқыту толығымен өзбек, ұйғыр, тәжік және
украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп жұмыс жасайды. Қазақстанда 108
мектепте 22 этностың тілдері жеке пән ретінде оқытылады. Мұнан бөлек, 30
этностың тілі оқытылатын мамандандырылған 195лингвистикалық орталық
ашылған. Ақпараттық өрісте 35-тен артық этникалық газет, журналдар белсенді
жұмыс жасайды. Ең ірі 6 этникалық республикалық газет мемлекеттің
қолдауымен жұмыс істейді. Газеттер мен журналдар 11 тілде шығады,
радиохабарлар - 8 тілде, ал телехабарлар - 7 тілде жарияланады.



© 2010-2022