10 көлеміндегі сандарды қайталау

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Батыс Қазақстан облысы,

Бөрлі ауданы,

Ақсай қаласы ЖББ№3ОМ

Мектепалды даярлық

тобының тәрбиешісі

Әжіғалиева Марал Сатханқызы

Сабақтың тақырыбы: 10 көлеміндегі сандарды қайталау .

Сабақтың мақсаты: 1.Қосу және азайту амалдарының иағынасын танытып,

Балалардың білім дағдыларын тиянақтау, қайталау,қалыптасу деңгейін анықтау .

2. Танымдық белсенділігін арттыру, бастапқы негіздерін үйрету,

Ойлау өрісін ,ойлау қабілетін ,математикалық тілін дамыту .

3. Мақсатқа және жете білуге ,еңбек етуге ,ойын дұрыс айта білуге , шығармашылық еңбек етуге , ұқыптылыққа , ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, машықтық.

Көрнекілігі: Сандар, аққаланың суреті, сандарға қатысты, жеміс-жидектердің суреті .

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі;

  1. а) Оқушылардың оқу құралдарын түгендеп, сабаққа назарын аудару.

  2. ә) Психологиялық сәт.

Армысың , асыл күн!

Армысың , асыл жер !

Армысың жан досым !

Жылуыма жылу қос

Міне менің қолым!


  • Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше. Себебі қонақтар қатысып отыр. Сабағымыз ойын түрінде өтеді.

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Қыстың нешінші айы, қазір қай ай?

  • Бір аптада неше күн бар?

  • Неше күн оқимыз ?

  • Неше күн дем аламыз ?

  • Бүгін аптаның қай күні ?


  • Балалар біз 10-ға дейін санау білеміз .Ендеше өз білімізді әртүрлі тапсырмалар орындау арқылы көрсетейк .

  • Балалар қыс айы сендерге несімен ұнайды? Қардан не жасаймыз ?

Ендеше аққаланы қағаздан үлгісін жасап көрейікші . Аққаланың бір бөлігін құрастыру үшін ондағы тапсырмаларды орындау керек. Аққаланы қай бөлігінен бастап құрастырамыз

  1. тапсырма

  • Алдарыңда сандар бойынша ретімен тұрыңдар (балалардың алдына сандар номерациясы үлестіріп беріледі)

  • Тура санау

  • Кері санау

  • Орыс тілінде санау

  • Ағылшын тілінде санау

  • Реттік санау

  • Көршілерін атау .

  1. Тапсырма . Қандай сан жетіспейді


1

2

5

3



10

7


4

6


  1. тапсырма

Әр суретті сана және тиісті цифрларды жаз.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық

Алақанды ұрайық

Бір отырып ,бір тұрып

Демімізді алайық .

Дәптермен жұмыс .


  • Аспанда не жарқырап тұр ? Барлығымыз сол күн сиякты күлімдейікші ендеше даптердегі тапсырмаларды әдемі таза орындайық .

Логикалық есеп

(есеп оқылады балалар тақтаға текше сандар арқылы жазады .)

Табақта үш алма

Қолымда екі алма

Қосқанда барлығын

Болады неше алма ? (3+2≡5)

Көлден ұшты төрт қаз

Қайтып қонды екі қаз

Ұшып кетті нешеуі ? (4-2≡2)

Қорытынды . Мадақтау.

  • Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнадыма ? Несімен ұнады .Бәріңде сабаққа жақсы қатыстыңдар !


© 2010-2022