- Преподавателю
- Начальные классы
- қосындыны санға бөлу3 класс
қосындыны санға бөлу3 класс
Раздел | Начальные классы |
Класс | 3 класс |
Тип | Другие методич. материалы |
Автор | Абданбекова Р.Д. |
Дата | 05.10.2015 |
Формат | docx |
Изображения | Есть |
- Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқулық, оқу-құралдарын түгелдеу. ө) Психологиялық дайындық.
- Өткен сабактарды пысықтау.
- 1,2,3,4,5,6,7,8,9 сандары.
- Бірліктер туралы не білесіңдер? Мысалы: 7 саны туралы не білесіндер? Жеті жұт, жеті ата, жеті теңге, жеті шелпек, жеті жетім, жеті қазына, жеті күн. _
- 3 саны туралы не білесіңдер?
Үш көз, үш жамандық. үш жүз, үш жұрт, үш қуат, үш ғайып, үш арсыз, үш қадірлі, үш мұрат, үш тоқтам, үш тәтті.
- 4 саны туралы не білесіндер?
- Ал 5 саны туралы не білесіндер?
Бес қару, бес асыл, бес дұшпан, бес парыз.
- Дұрыс, балалар, олай болса осы бірлік сандарға байланысты адамдарға Үшкемпір, Алтыбай, Жетібай, Бескемпір деген сияқты аттар қойған. - Енді сендер мына сандарды оқыңдаршы.
- сурет.
Осы сандарда неше ондық, неше бірлік бар?
- 72 санында 7 ондық, 2 бірлік бар.
- 65 санында 6 ондық, 5 бірлік бар.
- 33 санында 3 ондық, 3 бірлік бар.
-
Дұрыс, балалар, енді осы ондықтарға байланысты Әбубәкір Кердері Шоқанұлының өлең шумақтарын кім еске түсіреді?
- - оқушы: Жел кірді көңіліме он бесімде,
- - оқушы: Он жеті, он сегіздің бәрі бірдей,
- Бүл өлеңдегі 17 санында 17 бірлік, болмаса 1 ондық 7 бірлік , 18 санында 18 бірлік, болмаса, 1 ондық 8 бірлік бар.
- Ал енді үй жұмысын тексереміз. Бірліктерін 5-ке көбейткенде 6∘5=30 теңдігі
-
Енді. 5-ке бөлгенде 30:5= 6 теңдігі қолданылатын екі таңбалы санды жазу керек болатын, кәне кім оқып береді?
- 30 : 5=6
- 80 : 5=(50+30) : 5=50 : 5 + 30 : 5 =10+6=16
- Дұрыс, балалар, есепті дұрыс шығарып келіппіз.
- ЕКДМ тік төртбұрышты неше шаршыдан құрастырылған?
- Осы тік төртбұрышты тең екі бөлікке қалай бөлуге болады?
- Неше қызыл щаршы бар? (6)
- Көк шаршы нешеу? (4)
- Барлығы неше шаршы бар? (10)
- Оны калай жазып корсстуге болады? (6+4)
- Мұнда неше амал бар? (Екі амал)
- Сурет бойынша түсіндіре отырып, олардың орындалу ретін анықта. Өрнектің мәнін тап.
- Қосу амалын орындағанда не табылды? (Шаршылардың саны)
- Бөлу амалын орындағанда ше? (Барлық шаршылар санын тең екіге бөлдік).
- Неше қызыл шаршы бар? Оларды екіге бөлейік. Оны қалай жазып көрсетуге болады? (6:2)
- Әр бөлікте барлығы қанша шаршы бар? Оны қалай жазып көрсетуге болады? (6:2+4:2)
- 6:2+4:2 жазуы нені білдіреді? Мұнда неше амал бар? ( Үш амал).
- Олардың орындалу ретін анықта, өрнектің мәнін тап. (Бірінші бөлуді орындаймыз, онда 3 шығады, екінші бөлуді орындаймыз, онда 2 шығады, қосуды орындаймыз, нотижесі 5)
- тапсырма.
- Кәне. сендер жаңа сабақты жақсы түсінгендеріңді корсете білсендер, каржы мәселесі шешіледі. Олай болса ұжым болып үлесімді қосайық.
- тапсырма
- сыныпқа бөлгенде
Әр сыныпта неше парта бар? Бұл үшін мынадай амалдар орындалады: 24+32=56, 56:4 Мұндағы 56 : 4 түріндегі есептеу тәсілімен оқушылар таныс емес. Сондықтан мен оқушыларға түсіндіремін, мұндай тәсілдің қате еместігін, оның бізге тиімсіз екен деп ескере отырып, екінші тәсілге көшемін. Ол тәсіл бойынша: ^ (24 + 32) : 4 = 24 : 4 + 32 : 4 = 6 + 8 = 14 24 : 4 = 6 - алдымен әкелінген парталардың әр сыныпқа бөлінгені. 32 : 4 = 8 - соңынан әкелінген парталардың әр сыныпқа бөлінгені. 6 + 8 = 14 - әр сыныптың алған парталар саны. 3-тапсырма. Арал теңізіне Сырдария, Амудария өзендері құяды. Өзендер суы толық құйылу үшін Түркіменстан Президентімен Қызылорда әкімі келісім шарт жасауы керек. Егер осы тапсырманы дұрыс орындап шықсақ, онда келісім шарт жасалады. Олай болса, «Қыз қуу» ойынын ойнайық. Тақтаға бір ұл жөне бір қыз шығады. Тақтаға 2 плакат ілінген. Ойынның шарты есіктен кірген оқушы жолдағы кедергі есептерді шығарып, ертерек мәреге жетуі керек. Кім бұрын мәреге жетсе, сол оқушы ұпайын алып жеңіске жетеді. Қалған оқушылар 3-мысалдың а) -ның (2) жөне ә) -нің (2) өз дәптерлерінде орындайды. Болған соң тақтамен салыстырады. 2-сурет 3-сурет
100:2+20:2=
(200+300):2=
ҰПАЙ
(10+18):2=
(10+15):5=
200:2+20:2=
(150+50):3=
ҰПАЙ
(6+9):3=
(8+6):2=20020022ііііі
4 - тапсырма. Арал теңізі астындағы су көзі бітелген. Соны ашу керек. Ол оңай жұмыс емес. Ертеде жүзгіштердің жүзгіші ғана аша алған екен. 4-есепті шығарсақ, біздің жүзгіштер теңіз көзін ашады. Математикалық диктант Екі қатарды 2 топқа бөлемін. Әр топпен әрбір оқушы сұрақты оқып, оған ауызша жауап береді. а) 1м = 100 см 1дм = 10см 100см : 2 = 50см 10см : 2 = 5см ә) 1т = 1000кг 1ц = 100кг 1000кг : 5 = 200кг ^ 100кг : 2 = 50 кг. Сергіту сәті: Қол ұстасып тұрамыз, Керегені ұрамыз. Уықтай боп иіліп, Киіз үйді құрамыз. 5-тапсырма. Жан-жаққа қоныс аударып, көшіп кеткен Арал тұрғындары туған жерлеріне оралмақ. Кәнеки, туған жеріне оралып, ата кәсіптері балық шаруашылығымен айналысуына көмектесейік. Ұжымдық жұмыс.
- Балалар, менің қолымдағы затқа қараңдаршы. Осылар қандай геометриялық фигураларға және үй жиһаздарының қайсысына ұқсайды?
- Мұның ішінде үшбұрыш, квадраттар, яғни шаршы, төртбұрыштар бар. Олар үй жиһаздарының құрақ көрпелеріне, жастықтың көздеріне ұқсайды.
- Үйдегі қандай заттар геометриялық фигураларға ұқсайды?
- Үйдегі кілем, көрпеше, алаша, киіз, палас, сандық, есік, терезелер ұқсайды.
- Сынып ішіндегі қандай заттар геометриялық фигураларға ұқсайды?
- Балалар атайды.
- Мынау сөзжүмбақтың ішінде бізге керек бір сөз бар , оның сұрақтарына дұрыс жауап берсек геометриялық фигура шығады, соның көмегімен 5 есепті шығарамыз.
- Үй жиһазының аты.
- Жемістердің түрі.
- Үй жануарларының түрі.
1.Бірінші тәсілмен берілген өрнекті тап, оны шеш
а) 9 ∙ (19-11) ә) 5∙ 9+5 б) (8+4):2
2. Екінші тәсілмен берілген өрнекті тап, оны шеш
а) 3 ∙ (25-20) ә) 6+8∙ 6 б) 8:2+4:2
3. Өрнектің мәнін тап
а) 5∙ 2+7 ә) 27:3
«5» - 3 тапсырманы орындаған оқушы «4» - 2 тапсырманы орындаған оқушы «3» - 1 тапсырманы орындаған оқушы Жұмыстарын жиып алып, тез тексеремін, бағалаймын. Балалар, біз бүгін азаматтық іс атқардық. Арал теңізін қалпына келтіру арқылы дүниежүзі табиғатын қорғап қалдық. Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ, - деп ақындар жырлағандай, та-биғатымызды аялайық. Макал-мәтелдер айткызу.
- Сулы жер -нұлы жер.
- Сусыз өмір жоқ.
- Судың да сұрауы бар.
- Нені үйрендік?
- Нені білу керек? •