Әдебиеттік оқу. Сабақ жоспары Сақина (2 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№23. Ана тілі. 2-сынып.

Сабақтың тақырыбы: Сақина.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды ертегіні түсініп, ертегі кейіпкерлеріне мінездеме беру, өзіндік пі-кір айтуға үйрету, шығармашылық қабілеттерін арттыру. Дамытушылығы:

Тілін, сөздік қорын, сөйлеу қабілетін дамыту. Деңгейлік тапсырмалар бере отырып, өз бет-терінше ізденуге төселдіру.

Тәрбиелігі: Адамдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Әдісі: Сұрақ-жауап, талдау, түсіндіру, пікірлесу стратегиясы.

Көрнекілігі. Слайдтар, суреттер.

Түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа әзірлік.

2. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Топ бойынша «Ұр тоқпақ» ертегісінің мазмұнын сұрау.

2. Білімдіктерін тексеру: Ауыз әдебиеті дегеніміз не? Қандай түрлері бар? Ертегі туралы не білесіңдер? Олардың қандай түрлері болады?

3. Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

4. Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс. Ребус шешу арқылы ертегінің атын табу «Сақина». Ертегіні дұрыс, түсініп оқу.

Оқушылар мәтінді тізбектей дауыстап оқып шығады. Сөздік жұмысын жүргізу. -Ертегіні қандай ертегі түріне жатқызуға болады?

-Ертегіден не түсіндің?

Деңгейлік тапсырмалар.

1-деңгей. 3ұпай.

1. Ертегіні дұрыс түсініп оқы. Мазмұнын айт.

2-деңгей. 4ұпай.

1. Ертегі кейіпгерлеріне мінездеме жаз. (Дәптермен жұмыс)

2. Ертегіні бөлімдерге бөліп, әр бөлімге ат қой.

3-деңгей. 5ұпай.

1. Ертегінің соңғы сөйлемін қайталап оқы, егер осы сақина сенің қолыңа түскен болса, не тілер едің?

2. Осы ертегі бойынша қандай сурет салар едің?

Сабақты қорыту: Оқушылардың ұпай санын анықтау. Оқушылардың білімдерін бағалау.

Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу, ертегі бойынша сурет салу.



© 2010-2022