Cөйлем соңында қойылатын тыныс белгі. 2 класс

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:Қайталау.Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілер.

228-231-жаттығулар.

Сабақтың мақсаты:1.Жаттығулар орындай отырып,сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсете білуге үйрету, сөйлемнің соңындағы тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге үйрету. 2.Ой-өрісін кеңейту,танымын арттыра отырып, жылдам ойлауға, пікірін жеткізе алуға,дұрыс шешім қабылдай білуге бағыттау,өз ойын дәлелдей алуына мүмкіндік туғызу. 3.Оқушыларды бірлікке, ұйымшылдыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Сабақтың түрі: топтық,ұжымдық.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, ребустар,анаграмма, үлестірмелі қима қағаздар.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, музыка.

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушыларды 3 топқа бөлу.

2.Психологиялық дайындық.

1.Шеңбер құру.

2.Оқушыларға дәптердің парағын беру (оны әртүрлі заттарға теңеу) мысалы: «Ақ қарға» т.б.

3.Жұмбақ шешу.

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)

4.Қыс туралы оқушылар өз ойларын айтады.

5.Қысқы ойын түрлерін атау.

6.Ақ қағазды умаждап,қарғып бір-біріне лақтыру,оны жинау.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

1.226- жаттығу. Өлеңді оқу, екінші сөйлемдегі сөздердің байланысын табу.

Ақ қар, көк мұз айнала,

Қыс кетпеске бекінді.

Желпіп өткен жел ғана.

Шымшылайды бетіңді.

2.Сұрақтарға жауап алу.

1.Сөйлем дегеніміз не?

2.Сөйлемнің неше түрі бар?

3.Ендеше, балалар біз топтарымыздың атын осы сөйлем түлерінің атымен атайық

1 топ «Хабарлы сөйлем»

2 топ «Сұраулы сөйлем»

3 топ «Лепті сөйлем»

4. 3 топқа тапсырма беру.

Берілген сөздерден сөйлем құрастырып жазу. Сөйлем соңынан тыныс белгісін қою.

1.Қар, қалың,қыста, жауды

2.Келді, қашан, Ардақтар

3.Бәрекелді,болған,дұрыс

(Тапсырманы дұрыс орындағандарға стикерлер беремін «Бағдаршам» қызыл-өте жақсы, жасыл- жақсы, сары- орташа)

5.Дәптерлерін ашу, күн жұлдызы мен көркем жазу жазу. Ққ Ққ Қар.

6.Оқулықпен жұмыс. (жаттығулар орындау,тақтаға)

230- жаттығу.Сөйлемдегі сөздерді байланысына қарай талдау.


  1. топ. 1 сөйлем. Назым тақпақ айтты.

  2. топ. 2 сөйлем . Әнуар тапсырманы бұлжытпай орындады.

  3. топ. 3 сөйлем. Қалада сәнді үйлер көбейді.

(Стикерлермен бағалау)

7.Сергіту сәті. «Қара жорға» биін билеу.

8.Өздігімен жұмыс. 228- жаттығу. Тиісті тыныс белгілерін қойып,сөйлемдерді көшіріп жазу. 3 топ өз сөйлемдерін көшіріп жазады.

1. Хабарлы сөйлемді. Үйдің ауасын үнемі тазартып отырыңдар. (Ережесін еске түсіру)

2. Сұраулы сөйлемді. Сен қысқы демалыста қайда барасың? Медет домбыра үйірмесіне қатысты ма? (Ережесін еске түсіру)

3. Лепті сөйлемді. Мына тау қандай биік! Мұзайдынында коньки тебу қандай тамаша!

( Ережесін еске түсіру) (стикерлермен бағалау)

9. 3 топқа ребустар беру.

1.Тақия 2.Қария. 3. Ел іші- алтын бесік. (стикерлермен бағалау)

10.Оқулықпен жұмыс. 231- жаттығу.Суретті қара. Әрқайсысының мазмұнына лайық сөйлемдерді келесі беттегі мәтіннен таңдап ал.

1. Күзде екі аққу өзенде қалып қойды. Өйткені олардың біреуінің қанаты жарақаттанған еді.

2.Қыс түсті. Өзен қата бастады. Аққуларға қиын болды.Олар суықтан өлуге айналды.

3.Айдын аққуларды үйіне әкелді.Оларға жем берді. Құстар осында қыстап қалды.

(Мәтінге ат қою.Мәтінді ретімен көшіру.Әр бөлігін жаңа жолдан бастап жазу.

«Екі аққу» Қандай мәтінге жатады? (әңгімелеу). Әрі қарай жалғастыр.

( стикерлермен бағалау)

11.Анаграмма шешу. Е дыбысынан басталатын сөздер жазу. 3 топқа тапсырма.

1. Ер 2.Екі. 3.Есіл 4.Ескек 5.Еламан 6.Еркелік

(стикерлермен бағалау)

Сабақты қорыту:Оқушылар сендер бүгінгі сабақта берілген тапсырмаларды дұрыс орындап, әлдерің келгенше жауап беруге тырыстыңдар.Сендерге көп-көп рахмет.Енді біз стикерлерімізді санайық.Қызыл түстіні кім көп алса,сол балалар 5 алады.

Жасыл түстіні алғандар 4. Сары түстіні алғандар 3.

Бағалау. Үйге тапсырма: 229- жаттығу


© 2010-2022