Мен таңдаған сүйікті мамандық

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

МЕН - ТАҢДАҒАН МАМАНДЫҚ!

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бірлестігі

( Тәрбиешілермен өткізілетін шара)

Мақсаты: Педагогтардың кәсіптік деңгейін анықтау және шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыру, білім беру мекемелеріндегі педагогикалық, психологиялық қолдау, қызметкерлердің беделін көтеру , мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбие мен оқыту жүйесін дамыту, педагогтардың кәсіптік жұмыстарының үздік түрлерін және мамандық маңыздылығын көрсету.

  • Мамандардың өзін - өзі жетілдіруіне, олардың шығармашылық , әлеуметтік , танымдық қабілеттерін аша түсуіне жағдай жасау.

  • Дарында педагогтарды тану, оларды қолдау және мадақтау.

  • Білім беру мекемелеріндегі педагогтардың жұмыстарындағы озық тәжірибелерді кеңінен тарату.

1 тур. «Педагог болуда бір ғанибет» таныстыру.

2 тур. «Мамандығым - мақтанышым» шығарма немесе эссе жазу 1 бет жазу

3 тур « Шеберліктің кешені- тәжірибенің жемісі» іскерлік ойын көрсету.

4 тур « Өнерліге - өріс кең» өз өнерін көрсету.

Шалқытып мерекеде ән салайық

Өнерпаз өрендерге тамсанайық

Әділдік пен шындықты арқа тұтқан

Әділқазы алқасымен танысайық

Әділқазы алқасы

ЖББ Шежін орта мектеп- балабақшасының директоры: Кусинов А.А.

Оқу ісінің орынбасары: Дүйсенова Г.А.

Қосымша білім беру педагогі Мұхитанова С.Ж.

Жас маман Уксукбаева А.Б.

Ұстаз болу арман болу жасынан

Еңбек жолын бастаған тәрбие бастауынан

Қадірлеу, сыйлау, адал еңбек, әділдік

Табылған әркез тәрбиеші жанынан - дей келе сайысқа қатсушы тәрбиешілерді ортаға шақырамыз! ( тәрбиешілер таңдаулы сандар бойынша орналасады.)

№ 1 І санатты Мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Айжарикова Г.Т.

ІІ санатты Шағын орталық «Балауса» тобы тәрбиешісі Бакитова А.С.

ІІ санатты «Еркетай» тобының тәрбиешісі Канжагалиева Р.М.

ІІ санатты «Еркетай» тобының тәрбиешісі Сисекешева В.Е.

ІІ санатты «Балапан» обының тәрбиешісі Батырова С.Т.

ІІ санатты « Балапан» тобының тәрбиешісі Сержанова Г.С.

Сайыскерлеріміз дайындалғанша

Өмір ырғақ, нәзік әуен , асқақ үн

Айдын дала, аспан үн

Ей адамзат, бас әуенге қос әнге

Шырқат биік тіршіліктің дастанын деп Фариза апамыз жырлағандай

ортаға Сыдыкова Баттыгүлді шақырамыз

1 тур.

Ал кімнің өнері бар қаншалықты

Таныстырып өздерін, ән салыпты

Бүгінгі сайысымыздан бәйге алуға

Тәрбиешілер аянбай- ақ жан салыпты ТАНЫСТЫРУ

2 тур

Ұстазым менің, ұстазым

Өзіңмен өткен қыз - жазың

Қалдырған өзің мәңгілік

Жанымда тұрар жаңғырып

Ұстазым менің, ұстазым дей келе «МАМАНДЫҒЫМ-МАҚТАНЫШЫМ» эссе жазу

3 тур

Жүректерге терең сүңги бойлайтын,
Мұңайсаңыз жылу бермей қоймайтын.
Тәрбиешілер бізді нұрға бөлейді,
Жаны дарқан балаларды ойлайтын.

«ШЕБЕРЛІКТІҢ КЕШЕНІ- ТӘЖІРИБЕНІҢ ЖЕМІСІ»

Іскерлік ойын.

4 тур.

Би билесін , ән шырқалсын қалықтап

Күй тартылсын, көңілдерге шарықтап

Жыр оқылсын, нақышына келтіре

Біздер емес тыңдаудан сәл жалықпақ дегендей - «ӨНЕРЛІГЕ- ӨСІС КЕҢ» өз өнерін көрсету.

Би

Әділ қазы алқасы дайын болғанша әсем әнге кезек берелік!

Балам білім жолын қусын десеңіз

Бесігінде ақ ілім шоғын көсеңіз

Білім үйрет сәбиіңе сарыла

Уйздай ұйыт , сүттей сіңір қанына!- деп тәрбиешілерге амандық, денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз. Келесе кездескенше сау- саламат болыңыздар!



ЖББ Шежін орта мектеп- балабақшасы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бірлестігі

МЕН ТАҢДАҒАН МАМАНДЫҚ!

(тәрбиешілермен өткізілетін шара)

Мен таңдаған сүйікті мамандық.

Балабақша әдіскері Булатова Г.Е.



2014-2015 оқу жылы

© 2010-2022