Математика Сабақтың тақырыбы: 4 саны мен цифры

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика
Сабақтың тақырыбы: 4 саны мен цифры
Мақсаты: Білімділігі: 4 саны және оның цифрымен таныстыру. Сан қатарындағы орны, құрамы туралы түсінік беру және кері санауға үйрету.
Дамытушылығы: Балалардың ой-өрісін, танымдық қабілетін дамыту. Есептеу, жазу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, тапқырлыққа, байқампаздыққа тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойындар.
Көрнекілігі: кеспе сандар, суреттер, әліппе дәптері.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
а) Балалардың назарын сабаққа аудару;
ә) Сабаққа қажетті құралдарын дайындау.
ІІ. Өткен сабақты қайталау.
а) Сан қатары: 0, 1, 2, 3 тура және кері санау.
ә) Ойын: «Көршісін тап»
Торкөзде берілген санның алдыңғы және кейінгі көршісін тауып жаз:
а)
б) Өрнектің мәнін тап:
1 + 2 =
1 + 1 =
3 + 0 =
3 - 1 =
3 - 2 =
2 - 1 =

ІІІ. Жаңа сабақ.
а) «Тірі табиғат бұрышы» тақырыбына әңгіме жүргізу. 4 санының пайда болуын аквариумдағы балық, тордағы қояндар санымен түсіндіру:
3 балық + 1 балық = 4 балық
3 қоян + 1 қоян = 4 қоян
б) 4 санының цифрымен таныстыру. 4
- Неге ұқсайды?
- Төңкерілген отырғышқа.

ІV. Дәптермен жұмыс.
а) 4 санының цифрын ауада жазу;
ә) 4 санының цифрын екі жолға толтырып жазу.

Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай балалар,
Үп-үлкен боп өседі.


Ойын «Кім жылдам?»
1. 1 табақта 3 алма, ал қолымда 1 алма,
барлығын қосқанда болады екен неше алма?
2. Тарелкада 4 қияр бар, оған қосамыз 2 қияр.
Барлығы неше қияр болады?
V. 4 санының құрамына байланысты тапсырмалар.
а) Әрбір екінші жидекке жалпы есебі жапырақтағы санға тең келетіндей етіп нүкте сал.
ә) Қанша дөңгелек жетіспейді? Сонша дөңгелек сал.

VІ. Қорытынды.
1. Әр суретте қанша алма бар екенін сана және қажетті цифрды шеңбер ішіне жаз. Әр суретте қанша қызыл алма және қанша сары алма бар екенін жеке-жеке санап, қажетті цифрларды торкөзге жаз.


2. Жұмбақтар:
Қазда бар екі аяқ,
Құста бар екі аяқ.
Екеуін қосып санаса,
Болады сонда қанша аяқ? (4 аяқ)

Далада тұр екі ешкі,
Қорада тұр екі ешкі.
Екі ешкі мен екі ешкі,
Болады бәрі неше ешкі? (2 +2 = 4 ешкі)
Мадақтау.

© 2010-2022