Шығыс шынары. Әзиза Нұрмаханова

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Атырау облысы Атырау қаласы

М.Әуезов атындағы №7 орта мектеп

Дощанова Сауле Курманбаевна

Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Шығыс шынары. Әзиза Нұрмаханова
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы елі үшін жанын қиған ерен ерлер өмірін дәріптеу.
Дамытушылық: Отанымыздың тарихына қызығушылықтарын арттыру, достық ынтымақтастық, жауапкершілік сезімдерін ұялату.
Тәрбиелік: Қазақ халқының қайсар қызы Ә. Молдағұлованың ерлігі негізінде отансүйгіштікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие беру.
Оқушыларды көпшіліктің алдында өзін - өзі ұстай білуге, ұялмай сөйлеуге, өз ойын ашық жеткізуге үйрету.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, әңгіме, көрнекілік, «топтастыру»
стратегиясы, сұрақ - жауап әдісі.
Көрнекіліктері: Интерактивті тақта, суреттер.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сабақтың ерекшелігін атап өту:. Бүгінгі сабақта Ұлы Отан соғысы тақырыбына жазылған шығармалар топтамасымен әрі қарай танысамыз. Өздерің білетіндей Ұлы Отан соғысы жылдарындағы елі үшін жанын қиған ерен ерлер қазақтың маңдайына біткен жұлдыздары емес пе? Сендер де еліміздің ертеңісіңдер, болашақ қазақтың қамын ойлар азаматтарысыңдар! Олай болса, мен сендерден үлкен үміт күтіп, жарқын болашақтарыңа сенім білдіріп, бүгінгі сабақ барысында мынадай жұлдызшалармен бағалағым келеді.

ІІ. Психологиялық дайындық:
Күн көзіндей күлімдеп,

Көңілді болып жүрейік.

Қазіргі болар сабаққа

Жүректен ақ жол тілейік!

Ой қозғау

Білсін ұрпақ осынау келсе баққа,

Ер қыздарды кезінде ер сап атқа.

Жігіттермен майданға бірге кіріп,

Ерлік жасағандарың сын сағатта.

Екі жұлдыз, екі үміт, екі қыран,

Аттарыңды өтерміз етіп ұран.

Көңіліміздің сәулесі көбейгенде ,

Көзіміздің азаймас оты бұдан.

Есіл менің екі әпкем тәрбиелі,

Бас иеді сендерге ер киелі.

Бас иеді сендерге әзіз ана,

Жүздеріңді аймалап жел күйеді.

Осы Әлия мен Мәншүк туралы кім не біледі?

Бүгінгі сабағымызда Әзиза Нұрмаханованың « Шығыс шынары» әңгімесімен танысамыз.
Сабақтың мақсаты: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы елі үшін жанын қиған ерен ерлердің, қазақ халқының қайсар қызы Ә. Молдағұлованың ерлігін дәріптеу.

Әзиза Нұрмаханова «Шығыс шынары»
Нұрмаханова Әзиза Нұрмаханқызы 1924жылы 15 желтоқсанда қазіргі Қарақалпақ АССР - інің Мойнақ ауданында туған. Қазақ Совет түркологы, филология ғылымдарының докторы, профессор. Ол түркі тілдерінің интонациясын алғаш зерттеуші. Оның «Қыздар» (1969), «Шығыс шынары» (1973) повестерінде қазақ әйелдерінің әлеуметтік тағдыры, Совет Одағының батыры Әлия Молдағұлованың өмірі мен жанқияр ерлігі суреттелген.

Топпен жұмыс

І топ. Әлия бала кезінде қандай болған?

ІІ топ Әлия өсірген гүлдердің атын ата.

ІІІ. Әлияны «Артек» лагеріне жіберу туралы ұсыныс

Сергіту сәті

«Радиоға қоңыраулар шалу» әдісі

Талқылау тақырыбы радио жүргізушісімен таңдалады. Төрт қонақ рольдік карточка алып, сол карточкадағыдай роьдерін ойнау тиіс.

  1. Жүргізуші

  2. Әдебиетші

  3. Оқушы

  4. Ата-ана

«Топтастыру» стратегиясы

Әлияға мінездеме беру

ІҮ. Қорытынды

«Ыстық орындық» әдісі

Үйге тапсырма: Ер есімі-ел есінде тақырбынды эссе жазу, мазмұнын айту

Бағалау.


© 2010-2022