Сан есім (3 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Сан есімді қайталау.

Сабақтың мақсаты:1.Сан есім туралы алған білімдерін

арттыру,пысықтау,қайталау.Қай сөзбен байланысып

тұрғанын ажырата білуді қалыптастыру.

2.Шығармашылық ойлау қабілетін дамытып, сөздік

қорларын, тілдерін жетілдіру.

3.Білімді, ынталы болуға тәрбиелеу.

Әдісі:Ойын,сандар арқылы болжау.

Пән аралық байланыс:математика.

Көрнекілігі:АҚТ слайдтар.

Сабақтың барысы:

Ι. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Психологиялық дайындық.

«Тілек шоғы» Партадағы көршілер бір-біріне тілек тілейді.

Мұғалім:Ал менің сендерге не тілейтінімді білгілерің келсе ,мына өрнектерді шығарып беріңдер.

100-25 с 54-49 л

64-57 у 72-7 н

88-77 е 32-31 қ

84+13 ы 50+40 а

80-76 д

4 11 65 75 90 7 5 97 1

д е н с а у л ы қ

-Міне, балалар,менің тілегім ,басты байлық-денсаулық.

ΙΙ. Кызығушылықты ояту.

-Балалар мына суретте тауықтарды көріп тұрмыз. Тауық нешеу, балапан нешеу?

Көктемнің ашық жанға жайлы күнінде тауық балапандарымен жайылып жүр.

-Ал бұл не?

-Түлкі.

Түлкі тауықтың балапандарын ұрлап алды, мына тапсырмаларды орындасақ түлкі балапандарды кайтарады.

2.Үй жұмысын сұрау.

4-жаттығу.Сан есімдерге сұрақ қою.

Үй жұмысын қорытындылау.

-Осы сызбадағы сандарды қалай топтауға болады.

1таңбалы. 2таңбалы.

4 11

5 65

7 75

1 90

-Берілген цифрларды сөзбен жазып көрейік.

Қорытынды ереже:Екі сөзден тұратын сан есім бөлек жазылады.

3.Жаңа сабақ.

Тірек сызба бойынша сан есімді талдау.

Сан есім.

анықтамасы:заттың санын,ретін білдіреді.

сұрақтары: неше? қанша? нешінші? нешеу?

1.Көркем жазу.

Қырық қабат жейде,

Осыны да жейді ел.

2.Оқулық пен жұмыс.

1-жаттығу.Төмендегі сұрақтарға жауап жаз.

1.Неше?қанша?нешеу?нешінші?

2.Алтау,төртеу,бесеу.

3.Мыңыншы, алпысыншы,бірінші,екінші, алтыншы

2-жаттығу.Берілген сөздердің ішіндегі сан есімдерді тауып, зат есімдермен тіркестіріп жаз.

Осы сөздерді қатыстырып бірнеше сөйлем құрастыру.

3.Логикалық жұмбақ.

Аулада бес үйрек,

Қорада үш үйрек.

Бір үйрек тығылды,

Біреуі жығылды,

Қалғаны неше үйрек? 6 үйрек.

11 түйе,5жылқы,2сиыр, 2ешкі, 2қоян, 3түлкі,

таба алмасаң,

бол күлкі. 25

4-жаттығу.Өлеңді түсініп оқы.Сан есімдерге -інші, -ыншы жұрнақтарының тиістісін жалғап жаз.

Бірінші, оныншы.

ΙV.Сергіту сәті.Санамақ.

4.«Адасқан сөздер ойыны»

1.Қалам,бес,Жанар,әдемі,алды.

2.Сыныпта, Саматқызы, Алма, екінші,оқиды.

5.Шығармашылық диктант.

Сандарға тиісті жалғауды жалғап, сөзбен жазу.

1. Өрмекшінің 8 аяғы бар. Ат жарысында Жалғастың аты 1 келді. Сыныптан спорттық жарысқа 7оқушы қатысты. Асқар 5үй, 16 пәтерде тұрады.

V.Қорытынды.

Семантикалық картамен жұмыс.Сөз таптарының ережелері мен сұрақтарын қайталау.

Сөз таптарының ережелерін сұрау.

Біз түлкінің барлық тапсырмаларын орындадық, түлкі балапандарды тауыққа қайтарды. Тауықтың жанындағы балапандарды санайықшы. 7 балапан.

Жеті киелі сан. Жеті санына байланысты не білетіндерін сұрау.

Бағалау.

Үйге тапсырма беру.

© 2010-2022