Дос болайық бәріміз (даярлық топ)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дос болайық бәріміз!


Мақсаты: балалардың достық құндылықтары туралы түсініктерін одан әрі жетілдіру.Сыйластық, сүйіспеншілік туралы түсінік беру. Өзара сыйластық қарым - қатынастарын дамыту.Бір - бірімен тату дос болуға, адамгершілік тәрбиеге баулу.

Шаттық шеңберіне жиналып өлең жолдарын айтады.

Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп танымыз.

Балалар бір - біріне достық ниеттерін білдіріп, орындарына жайғасады.

Тәрбиеші: Бүгін біздің әңгімеміз достық туралы болмақ. Дос деген сөзді қалай түсінесіңдер? Достық туралы мақал - мәтелдер білеміз бе?

1.Жақсы дос үшін жан пида.

2.Досыңның көзінде болғанша, көңілінде бол.

3. Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.

  • Жарайсындар. Мен сендерге «Достық» туралы әңгіме оқып берейін.Құлақ салып тыңдандар.

- Балалар сендерге жалғыз ойнаған немесе серуендеген ұнайма? Ойлап көріңдерші?

Дұрыс атасыңдар, балалар. Жалғыз ойнасақ, жалғыз серуендесек. Жалғыз тамақтансақ көңілсіз екен. Сондықтан біз эалғыз қалиау үшін біздерге дос, жолдас керек. Достық - адамдардың бір - біріне деген адалдығы, өзара сыйластығы, татулығы қамқорлығының белгісі.

Сергіту сәті

Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнаймыз, күлеміз.

Бірге балық аулаймыз.

Міне, біздер қандаймыз!

  • Балалар, оқу іс - әрекетіміздің дәйек сөзі «Дос - бәрінен де қымбат»деген

мақалды бүгінгі сабағымыздың дәйекі сөзі ретінде аламыз.Қолындағысымен бөлісетін, үнемі бірге жүріп, қуаныштарын бөлісіп, қиналғанда бір - бірінің жанынан ьабылатын адамдар.

Ойын: «Досыңды тап».

Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлінеді.Бір топ балаларының көздері таңылып, өз достарын танып, табу ұсынылады.

Олар өз досын қолын, шашын, киімдерін ұстап, сипау арқылы табуына болады. Достарын тапқаннан соң орындарын ауыстырады.

Тыныштық сәті (баяу музыка)

Балалар , енді аздап демалып, денемізді бос ұстап, көзімізді жұмып, бір - бірімізге топта, серуенге шыққанда, суға түскенде қандай көмек беруге болатынын көз алдымызға елестетейік.

Суретпен жұмыс. Енді мына суретке қарап, досымыз туралы әңгіме құрастырайық. Сенің досың кім? Досыңды сипатта.

(Балалардың жауабы тыңдалады).

  • Балалар бүгін біз оқу іс - әрекетімізде қандай ғажайып сөздерді үйрендік.

Біздің достығымыз топтпға қарым қатынастан басталады.Доссыз бала

болмайды.Дос бода білудің маңызы зор. Дос көп болуы үшін әдепті, инабатты, тату, ақылды болу керек. Сондықтан «Әрқашан дос, біргеміз, ажырамас іргеміз» деп босқа айтылмаған.

Енді жылы лебізімізді «жүректен - жүрекке» жеткізейік.

Ән: «Дос болайық бәріміз!»

Күтілетін нәтиже: балалар, бүгін біз адамдар арасындағы достық қалай қалыптасатынын білдік.

Түсінігі: достар қашанда бір - біріне қол ұшын беріп, қуаныштары мен реніштерін бірге бөлісетіндерін түсінді.


© 2010-2022