Құрама есептер 2 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Құрама есептерді шығару

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушылардың құрама есептер және оны шығару тәсілдері туралы білімдерін бекіту, екі амалмен шығарылатын есептерді талдау
2.Сабақ барысында оқушыларды тапқырлыққа, жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге үйрету.
3.Оқушыларды жинақылыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: «Бауырсақ» ертегілерінің кейіпкерлері

Сабақтың әдіс-тәсілі: Топтық жұмыс, ойындар

Сабақтың құрылымы мен мазмұны:

  1. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық. Оқушылардың көңіл-күйін көтеріп, назарын сабаққа аудару.

Қүліп қағып қолымды, қошеметпен соғайын.

Қарап тұрған көршіме, қолымды мен бұлғаймын.

Жылы шырай жүзбенен, маңдайыңнан сипаймын,

Жылы-жылы жүзбенен, жүрегімді сыйлайын.

Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз.

Мұғалім: Балалар, бізде қазір қай сабақ?

Ойланып есеп шығартып,

Төрт таңбаны білдірген.

Ғылымдардың патшасы,

Математика сабағы.

ІІ. Қызығушылықты ояту.

-Балалар бүгінгі сабағымыз күндегі сабағымыздан өзгеше. Өйткені, бүгін біздер ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Ертегі тыңдауға қалай қарайсыңдар?

Кел, тыңдайық, ертегі,

Естіген жанды елтеді.

Талай ғажап оқиға,

Қызық сырын шертеді.

Ерте, ерте, ертеде бір ата мен әже болыпты. Әжей бір күні қаймаққа нан илепті.

Әженің бауырсағы піскенше мынадай тапсырмаларды орындап жіберейік. Үй тапсырмасын сұрау.

1м=100... 1 дм<1 ... 1 дм=10... 1м>1.......

Міне, өткен сабақта өткен құрама есеп дегеніміз бұл екі амалмен орындалатын есеп.

Салыстырып көрсету.

Екі немесе одан да көп амалмен орындалатын есепті құрама есеп дейміз.

Тек қана бір амалмен орындалатын есеп жай есеп деп аталады.

Құрама есепті шығару үшін оны жай есептерге жіктеу керек.

Жаңа сабақ. Күннің жады. Желтоқсанның 3-і.

Сынып жұмысы.

Құрама есептер шығару.

Көркем жазу.

-Жарайсыңдар, балалар! Міне, әженің бауырсағы пісіп, оны суытып терезе алдына қояды. Бауырсақ домалап кетеді. Орман ішіне домалап келіп қоян ананың көжегін шошытып жібереді. Көжек қашып кетеді.

Қоян: Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеп қоямын.

Бауырсақ: Жоқ, сен мені жеме, саған өлең айтып беремін.

Қоян: Жоқ бауырсақ, сен одан да менің тапсырмамды орында.

Тапсырманы орындауға көмектесу үшін «Зерек» балалар, «Алғыр» балалар, «Тапқыр» балалар тобы келіп отыр екен. Балалардың білімдерін бағалау үшін түрлі түсті бауырсақтар үлестіремін.

Қоянның тапсырмасы. №1

Өрнектер құрастыр және олардың мәнін тап:

50+20 80-30 80-40

+ -

1 3 4 6 8 10 20

Домалап келе жатып, аюға кездеседі.

Аю: Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін

Бауырсақ: Жемеші мені, мен саған өлең айтып беремін

Аю: Әй, балалар, балалар,

Менде қызық ойын бар!

Аюдың тапсырмасы. №2 «Кім шапшаң?»

Сыныпта барлығы 30 бала бар. Үзілісте 10 бала шығып кетті де, 5 бала кірді. Сыныпта неше бала болды?

Қай өрнек есептің шешуі болды? Ойыңды айт.

(30-10) -5 (30+10)-5 (30+10) +5 (30-10) +5

Бауырсақ: Жарайсыңдар, балалар мені тағы құтқарып қалдыңдар!

Ал, бауырсақпен серуедеп би билейікші. Сергіту сәті.

Аюдың тапсырмасы.

№3. Бір және екі амалман орындалатын екі есеп құрастыр.

Қыздар-7

Ер балалар-?, 3-еуі артық

Қыздар-7

Ер балалар-?, 3-еуі артық

Барлығы-?

Бауырсақ домалап, аюдан қашып, қасқырға кездеседі.

Қасқыр: Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін

Бауырсақ: Жемеші мені, мен саған өлең айтып беремін

Қасқыр: Жоқ, бауырсақ, өлеңің керек емес сен менің тапсырмамды орында.

Қасқырдың тапсырмасы:№4

Теңдіктер тура болатындай жақша қой.

10+60-40=30

70-20+10=40

100-50-50=0

80-30-30=20

100-50-50=100

70-20+10=60

Мұғалім: Міне, балалар, бауырсақты құтқару үшін барлығымыз есептер шығарып, қасқырдан аман алып қалдық. Бауырсақ домалап бара жатып түлкіні кездестіреді.

Түлкі: Амансың ба, бауырсақ!

Көргендерге ұнайды,

Жүзің қызыл шырайлы.

Мен сені жеймін.

Бауырсақ: Жеме, жеме, мен саған өлең айтып беремін.

Түлкі: Оңай құтыла алмайсың менің тапсырмамды орында.

№5

Көпбұрыштың периметрін тап.

Тіктөртбұрыш

Бесбұрыш

Үшбұрыш

«Ойлан, тап!»

Суретте қанша шаршы бар?

Құрама есептер 2 сынып

Тіктөртбұрыш шығу үшін қай фигураларды біріктіру екерек?

Құрама есептер 2 сынып

Суретте қанша шаршы, қанша тіктөртбұрыш бар? Оларды ата.

Құрама есептер 2 сынып

Қорытынды. Мұғалім:

-Міне, балалар, біз бауырсаққа көмектесіп, аман алып қалдық. Бауырсақ сендерге риза болды.

Тапсырмаларды орындағанда нелерді кездестірдік.

Қандай тапсырмалар орындадық?

-Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?

-Өз тілегіңді жаз.

Үйге тапсырма. №6 (77-бет)

№1 Алға мектеп-бақша





Математика пәнінен ашық сабақ

Тақырыбы:

«Құрама есептер шығару»

2 «Б» сынып











Өткізген: Муханова А.А.







2015 жыл

© 2010-2022