Математика 1 класс 5 санын қосу және азайту

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы : 5 санын қосу және азайту
Сабақтың мақсаты: сандар құрамы туралы білімдеріне сүйене отырып, қосу және азайту амалдарының өзара байланысын түсіндіру;
білімділік: 5 санын қосу және азайтудың тәсілдерімен таныстыру.
тәрбиелік: адамгершілікке, достыққа, ұжымшылдыққа, ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу;
дамытушылық: есте сақтау қабілетін, ой - өрісін, сабаққа қызығушылығын арттыру;
Түрі: дәстүрлі
Типі: аралас сабақ
Әдістері: сұрақ - жауап, түсіндіру, индуктивтік
Көрнекілігі: кеспе сандар, фигуралар, сызбалар, кеспе қағаздар

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық
Біз оқушы баламыз,
Қағаз, қалам аламыз.
Ұстазымыз үйреткен,
Сандарды ұғып жазамыз.

ІІ. Үй тапсрмасын қайталау

Үй тапсырмасының орындалуын тексеріп шығу

III.Ауызша есептеу.

Кел, ойнайық! Құлпынай теріп алайық.


ІІІ. Жаңа сабақ

1.Кіріспе

Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Алма бағы жайнаған,
Қызыл алма айналам.
Алдым үзіп екеуін,
Тағы да алдым үшеуін
Алдым сонда нешеуін (5 )
-Дұрыс балалар ,біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы 5 санын қосу және азайту

-5 санына байланысты қандай заттарды білеміз?

-5 қару: мылтық,садақ, найза, қылыш, айбалта.

-5 дұшпан: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ

-5 асыл: талап, еңбек, терең ой, қанағат ету, рақым жасау

- 5 саусақ: басбармақ, балан үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек

5 санының құрамын анықтау.
5 =2+3
5=4+1
5=5 - 0

Қоянға сәбіз жинауға көмектесеміз.
Ол үшін мына өрнектердің мәнін табу керек.
1+5 3+5 5+5 7 - 5 9 - 5
2+5 4+5 6 - 5 8 - 5 10 - 5
Сергіту сәті
Құлақтары жыбырлап,
Ақ қояным отырды.
Тоңып қалып қолдары
Шапалақтап секірді.

2.Оқулықпен жұмыс
№1
5 + 1 =6
5 + 2 =7
5 + 3 =8
5 + 4 =9
5 + 5=10

№2
5 санының қосу және азайту кестесін жазу.
1+5 =6 6 - 5=1
2+5=7 7 - 5=2
3+5=8 8 - 5=3
4+5=9 9 - 5=4
5+5=10 10 - 5=5
№3Есепті шығару

Сурет салды- 9

Бояды - 5

Бояуы керек -?

Ш: 9-5 = 4 (о)

Ж: 4 ою бояуы керек.

№4 Кесінділердің ұзындықтарын салыстыру
ІV. Сергіту сәті
Бұғының үлкен үйі бар.
Терезеден қарайды ол.
Қоян жүгіріп келеді.
Бұғының үйі көреді.
Тук - тук досым, есікті аш.
Ана орманда аңшы қаш.
Қоян, қоян келе қойшы.
Қолыңды маған бере қойшы

Айырмашылығын тап

Сурет бойынша айырмашылыгын табу

VI.Сабақты бекіту

a) Венн диаграммасы: жұп сандар мен тақ сандардың ұқсастығы мен айырмашылығын табады.
ВЕНН ДИАГРАММАСЫ
ТАБ №1
а) Геометриялық фигураларды топтастырады:
Топтастыру әдісі.
Геометриялық фигуралар
ә) «Жоқ санды тап» ойыны
Әр топтан оқушылар шығып жіліктерді алып, орнына жоқ сандарды қояды.
ТАБ №2
a) Шығармашылық тапсырма
4=4
6=6
7=7
9 5
6 5
10 9
Теңдіктерді бірінші бағанға, теңсіздіктерді екінші бағанға теріп жаз:
1 топ: 4=4 6=6 7=7
2 топ: 9 5 6 7 10 9
б) «Кім тапқыр» ойыны
Мен бір сан ойладым. Оған 4-ті қосқанда, қосындының мәні 9 болады.
Мен қандай сан ойладым? (5)
Мен бір сан ойладым. Оған 5-ті азайтсақ, айырмашының мәні 5 болады.
Мен қандай сан ойладым? (10)

VII.Шығармашылық тапсырма Балалардың әкелерін анықтау

Ұшқыш дәрігер мұғалім

Асқар Талғат Дәулет

VII.Сабақты қорытындылау

-Сабақта қандай тақырыппен таныстық ?

-5 санының құрамын ата

-5 санына байланысты не білесіздер ?
Үйге тапсырма: №5 есеп
Бағалау




© 2010-2022