Сабак жоспары 4 түлік

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қаратөбе орта мектебі









Ашық көрнекі сабақ: «Төлдер»

Ана тілі, 1-сынып.

Сабак жоспары 4 түлік





Өткізген: Қайрадинова Жұлдыз Жұмағалиқызы

2014-2015 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Төлдер

Сабақтың мақсаты: 1. Төрт түлік тарауы бойынша білімдерін тиянақтау. Жіңішке, жуан дауыстыларды айыра білуге жаттығу жұмыстарын жасау.

2. Мәнерлеп, жүргізіп оқуға баулу. Өз ойын ашық айтуға, топпен жұмыс жасай білуге машықтандыру.

3. Төрт түліктің қадір-қасиетін, пайдасын ұғына отырып, оларды баға, қорғай білуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері.

Оқытудың әдіс-тәсілдері: топтасу, СТО технологиясы

Көрнекілігі, құралдар: Интертақта, сиқырлы күн, төлдер суреті, бағалау бетшесі, түрлі-түсті сырлар. Жүрісі: 1. Психологиялық дайындық: Балалар тақта алдына шығады. Қолдарына сиқырлы күнді алады. Мұғалім: «Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады» Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын. Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым. -Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Төлдер»

-Қай төлді ұнатасың?

Топтасып отыру. Оқушылар 4 топқа бөлінеді.

1-топ: «Құлын» тобы

2-топ: «Бота» тобы

3-топ: «Бұзау» тобы

4-топ: «Қозы-лақ» тобы

Сабақ 6-бөлімнен тұрады:

1-бөлім: «Ой-толғау»

2-бөлім: «Төлдер тапсырмасы»

3-бөлім: «Мәнерлеп оқы»

4-бөлім: «Жаттығу жұмысы»

5-бөлім: «Постер қорғайық!»

6-бөлім: «Өзіңді-өзің бағала!»

Үй тапсырмасы: Өткенді қайталау.

1-бөлім: «Ой-толғау»

Әр топ өзіне берілген төл туралы сөйлейді. Төлдің аты, енесі, оны қалай шақырады, оның иесі, өзіне тән ерекшелігі, пайдасы, одан алынатын тағамдар, ол туралы білетін өлең, жұмбақ, мақал, жаңылтпаштар т.с.с айтуға болады.

2-бөлім: «Төлдер тапсырмасы:»

Әр топ өз тапсырмасын алады.

Сұрақтар:

  1. Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай? Дыбыстар нешеге бөлінеді?

  2. Сөз неден құралады? Сөйлем неден құралады? Мысал келтір.

  3. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

  4. Жуан, жіңішке дауыстыларды ата.

3-бөлім: «Мәнерлеп оқы»

Оқулықтағы «Төлдер», «Әнші төлдер», «Бөрте лақ» өлеңдерін хормен буындап оқу. Әр топқа оқыту, мағынасын ашу.

Сергіту сәті: «Қарлығаш» әніне би билеу.

4-бөлім: «Жаттығу жұмысы»

37-жаттығу. Сөздерді оқып, көшіріп жазу. Жіңішке дауысты дыбыстардың астын сызу.

Қой, ешкі, серке, түйе, тоқты, теке, саулық.

Тақтаға орындату.

38-жаттығу. Мәтінді түсініп оқу, Құрамында жіңішке дауыстысы бар сөзді атату. 4 сөйлемді 4 топ оқып, жауап береді.

Ойын: «Қасқырдан құтқарайық».

Балалар, мына лақ дауысты дыбыстарды шашып алыпты. Оларды өз үйшігіне орналастырса жол ашылып, ол өз енесімен табысады да лақты қасқыр жей алмайды. Қане, лаққа көмектесейік.

5-бөлім: «Постер қорғайық!»

-Балалар, осымен «Төрт түлік» тарауын да аяқтадық. Сонымен төрт түлік мал жақсы өсуі үшін не керек? Әр топ берілген қағазға сурет салып, бір оқушы қорғайды.

Үй тапсырмасы: Өлеңдерді мәнерлеп оқу, төрт түлік туралы тыйым сөздер жазып келу.

Бүгінгі сабақ маған не берді? Әр топ жаңа сабақтан не алғанын бір сөйлеммен қорытындылайды.

6-бөлім: «Өзіңді-өзің бағала»

Сабаққа қатысыңды бағалау парақшасына бағала. Бағалау парақшаларын тарату.

Сабак жоспары 4 түлікСабак жоспары 4 түлікСабак жоспары 4 түлік

Өте жақсы Орташа Төмен



Бағалау бетшесі:



Қ\с

Аты-жөні

Өте жақсы

Сабак жоспары 4 түлік

Орташа

Сабак жоспары 4 түлік

Төмен

Сабак жоспары 4 түлік

1

Ақбота




2

Әділжан




3

Аружан




4

Әлібек




5

Санназар




6

Айдана




7

Асылжан




8

Әділет




9

Аягөз




10

Бекасыл




11

Шынар




12

Әділбек




13

Дильназ




14

Бекнияз




15

Жанбота






© 2010-2022