Сабақтың тақырыбы: 3-ке көбейту және бөлу

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: 3- ке көбейту және бөлу

Бастауыш сынып мұғалімі: Толымбекова Роза Тәліпбайқызы

Сабақтың тақырыбы: 3- ке көбейту және бөлу

Сабақтың мақсаты: 1. 3- ке көбейтудің және бөлудің кестелік жағдайы жөніндегі білімдерін және белгісіз бөлгішті табу тәсілдерін пысықтай түсу.

2. 3 санына байланысты өзгермейтін ұғымдарды, қасиетті дәстүрді атай отырып, ұлттық дүниетанымын дамыту.

3. Сабақ үстіндегі әрекеттерді орындай отырып, ұқыптылық пен әдептілікке тәрбиелеу, ұйымшыл болуға, ата дәстүрді білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: карта, 3- санына байланысты атаулар.

Сабақтың түрі: Саяхат.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ- жауап.

Пәнаралық байланыс: ана тілі.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру.

Оқушылардың назарын өзіме аударып, психологиялық дайындық жасату.

«5» болсын алар бағамыз

Білімнен бақыт табамыз,

Өнер, білім көп оқып

Өсе берсін санамыз.

Мұғалім: Біз бүгін көптен бері аңсаған АСТАНА қаласына саяхатқа шықпақпыз. (Картамен жұмыс) Енді біз автобусқа міну үшін үй жұмысын тексерейік.

2. Үй жұмысын тексеру.

№ 7. Өрнек түрінде жаз және оның мәнін тап:

100:(10+0)=10 (30*2)+130=190

2* (15+25) =80 (21:7)-3=0

Білімнің тұңғиығы бойлайтұғын

Тоқысаң жалықтыра қоймайтұғын

Ғылымдар патшасы боп дараланып

Математика қызықты тоймайтұғын

Жаңа сабақ.

3. Келесі аялдама үш би деп аталады екен. Оның сыры неде екенін анықтау үшін мына тапсырмаларды орындайық:

3*8=24 7*3=21 3*6=18

24:3=8 21:7=3 18:3=6

Төле би Әйтеке би Қазыбек би

4. Сергіту сәті:

5. Дәптермен жұмыс.

Бүгінгі күнді, сынып жұмысы

Көркем жазу 345 саны.

6. Келесі аялдамамыз үш жүз деп аталады екен. Өздерің қай жүзге жатасыңдар?

Оқулықпен жұмыс:

№ 1 Үйеңкі - 5

Жөке - ? 3 есе көп

Ш: 5*3=15 Ж: 15 жөке ағашы

1 - бригада - 18 км.

2 - бригада -? 3 есе кем

Ш: 18:3=6

Ж: 2 бригада 6 км.

Ұлы жүз, кіші жүз, орта жүз.

7. Үш арсыз аялдамасы: Ұйқы, күлкі, ас.

№ 3 ауызша:

Ақ мата - 10 м.

Қызыл жиектеме - 10 м. Қызыл мата - ? 3 есе артық.

Ақ жиектеме - ? 3 м. ұзын. Ш: 10*3=30

Ш: 10+3=13 Ж: Қызыл мата 30 м.

Ж: Ақ жиектеме 13 м.

8. Сергіту сәті.

3 - үш

3 тентек баласы

3-інші сыныптың

Доп 3ін таласып,

К3терін сынасты.

Бір допты кішкене

3еуі ап құшаққа,

Барынша к3ене,

Тартысты 3 жаққа.

9. Жұмбақ аялдамасына келдік. Неге бұлай аталады? Сыры неде?

Оны білу үшін біз мына тапсырманы орындауымыз керек.

3* (25-20) =15 (15-9)*3=18

(100-73):3=9 3*6+6=21

5*3+18:9=17 (8+12)*3=60

15:(22-17) =3 (160+140):3=100

10. Сандықша ашылып ішінен жұмбақ шығады:

Таңертең төрт аяқты

Түсте екі аяқты

Кешке үш аяқты

Ол не? (Адам өмірі)

Адам өмірінің үш кезеңі: 1. балалық шақ

2. орта жас

3. кәрілік жас

11. Үш мұрат аялдамасы: 1. Жол мұраты жету.

2. Қыз мұраты кету.

3. Сауда мұраты ұту.

Сөз жұмбақ шешу.

12. Сабақты қорыту.

13. Үйге тапсырма беру. 7 тапсырма.

14. Бағалау.

Бәрекелді ! Балалар!

Бәріңе бестік баға бар

Азамат боп өсіңдер

Ел қадірін бағалар

Міне, оқушым қаншама,

Кеңейді өріс өреміз!

Әр сабақтан тамсана

Інжу маржан көреміз.

Келесіде қалғанын

Тағы да айтып береміз

Ал қазірге қош бала,

Күнделікке баға қойып береміз.


Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебі



Математика.

Сабақтың тақырыбы:

Сабақтың тақырыбы: 3- ке көбейту және бөлу




Сынып жетекшісі: Абдихожаева Г.

Қызыл жұлдыз ауылы

© 2010-2022