Сабақтың тақырыбы: Тіл және сөйлеу. «Анамның тілі-аяулы үні»

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақ №1 Пәні Ана тілі Күн реті: 01.2016ж Бекітемін ------------
Сабақтың тақырыбы:Тіл және сөйлеу.«Анамның тілі- аяулы үні ». Сабақтың мақсаты: а) Сөйлеу мәдениетіндегі тіл қызметі ана тілінің құдіреттілігі туралы түсінік беру. ә) Оқушылардың ана тілінде сөздік қорын қалыптастырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту. б) Ана тілін қүрметгеуге,оны шұбарламай таза сөйлеуге тәрбиелеу . Оқушылардың патриотгтық сезімін қалыптастыру Сабақтьң түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: плакаттағы сурет, ана тілі туралы нақыл сөздер, автордың портреті, автордың өмірбаяны. Сабақта пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгіме, магнитофон немесе баян. Пәнаралық байланыс: музыка Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу. Оқушьларды түгендеу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. ІІ. Мақсат қою кезеңі : -Балалар , біз сендермен 1 кезең «Әліппе кезеңін» аяқтап, бүгін сендермен 2-кезең «Ана тілі кезеңімен» таныс боламыз. III. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: -Бүгінгі өтетін жаңа тарау «Тіл және сөйлеу». -Балалар, сөйлеу не үшін қажет?Сөйлеуде тіл қандай қызмет атқарады? Бүгінгі өтетін тарау бастамасы С.Торайғыровтың «Сүйемін туған тілді анам тілін» өлеңімен басталады.Өлеңді мен сендерге мәнерлеп оқып берейін, содан кейін талдаймыз. Сүйемін туған тілді- анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім Шыр етіп жерге түскен минутымнан, Қулағыма сіңірген таныс үні Окушылардың өздеріне тізбектей оқыту. «Анамның тілі-аяулы үні» Ш.Смаханұлы, өлеңді оқи отырып әнімен айтқызу.Өлең арқылы ақын не айтқысы келді? Сергіту сәті ІҮ.Жаңа материалдар бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі --Балалар ,өлеңде не туралы айтылған? - Сөз неден құралады? Сөйлеу қалай жүзеге асырылады? -Дұрыс .Сөйлеу тіл арқылы жүзеге асырылады.Ал енді мына суретке мән берейік.Суретте не көріп тұрмыз? -Кім маған сурет бойынша шағын әңгіме құрып береді? Ү.Бекіту кезеңі: -Балалар, біз сендермен қандай жаңа тарау бастадық?- Өлең не туралы айтылады? - Сөйлеу не үшін керек? VI. Үйге тапсырма. Өлеңді жаттап келу(4 бет) VІІІ.Бағалау.Жауаптарына қарай, сабаққа қатысқандарына қарай бағалау.


© 2010-2022