Разработка урока по математике на тему Өткенді пысықтау. 3-сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Солтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы

Заря орта мектебі

бастауыш сынып мұғалімі Оразалина Раушан Саимовна
Сабақтың тақырыбы: ӨТКЕНДІ ПЫСЫҚТАУ Математика 3-сынып

Сабақтың мақсаты:

1.Көп таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға "баған" түрінде жазбаша көбейту мен "бұрыштап"бояу тәсілдерін қайталау.

2. Оқушылардың ой-өрісін дамытуға, тез есептеуге, өздіктерімен жұмыс жасап білуге дағдыландыру, таным қабілеттерін дамыту.

3.Өткенді қайталауда уақытты ұтымды пайдалану себебімен сабақты көркем әдебиетпен сабақтастыру.

4.Адалдыққа, еңбексүйгіштікке, ізгілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі:"Жақсы сөздер парады"-әртүсті қағаздарға жазылған сөздер: денсаулық,жақсылық, нұр, сұлулық, адалдық, білімділік, қарапайымдылық, еңбексүйгіштік, ақыл, жігер,қайрат, бақыт,байлық.

/тақтаға ілінеді/

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру.

1.Психологиялық дайындық: ілулі тұрған сөздерді іштей оқып, біріншіден, өздеріңе, екіншіден, өзгелерге тілеңдер.

2. Бүгінгі сабақтың ұраны: "Адал еңбек-бәрін жеңбек"/тақтаға ілінеді/

"Іске сәт!" деп сабағымызды бастаймыз. Бүгінгі сабақ ерекше.

Кесте арқылы сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Математика

3 таңбалы сандарды 1 таңбалы сандарға көбейту және бөлуді пысықтаймыз,.

ауызша тез есептеуге дағдыланамыз.

Көркем әдебиет. Л.Н. Толстой. Жұмыртқадай бидай

Ертегінің мазмұнын меңгереміз.

Өткенді пысықтау

- Лев Николаевич Толстой кім? /балалардың жауабы/

- Қандай әңгімесімен танысқанбыз?

- "Ана тілі" "Шың" т.с.с

Олай болса, мәтінді тыңдаңдар:

Балалар ойнап жүріп жұмыртқадай бір нәрсе тауып алады. Ортасында бидай сызығындай сызығы бар. Тұрпаты нақ бидайдай.

Бір жолаушы балалардан 5 тиынға сатып алып, қалаға апарып, табылмайтын нәрсе деп патшаға қымбатқа сатады.

Патша данышпандарды жиып сұрайды: "Бұл жұмыртқа ма, бидай ма?"деп.

Данышпандар олай-бұлай алып қарайды, бірақ, патшаның сұраған сөзіне жөнді жауап бере алмайды. Терезе алдында жатқан нәрсені тауық келіп келіп шоқып теседі. Жұрт бидай екенін біледі. Данышпандар патшаға айтыпты: "Бұл кәдімгі арыш бидай екен" деп.

Патша бидайға таң-тамаша қалып: "Қайда һәм қай уақытта шыққан бидай бұл! Табыңдар!" деп данышпандарға жарлық қылады.

Ал, сендер данышпандарға көмекке келіңдер. №1 (154-бет) Ауызша есеп.

45:15 23 х 3 424:2

36:12 41 х 3 936:3

99:3 32 х 2 426:2

/жауаптарына фишка алу/

Данышпандар ойлайды-ойлайды, талай кітапты тінтті, түк таба алмай, патшаға келіп айтты: "Біз түк таппадық. Кітапта бұл туралы ешнәрсе айтылмаған екен. Мұның жайын мұжықтан сұрау керек"

Бұл сияқты бидай қай жерде һәм қай кезде егілгенін естігендер бар ма екен, десті жұрт. Патша шабарман шаптырып, кәрінің кәрісі мұжық шалды тауып әкелуге бұйырды. Айтқанындай шалды тауып, патшаға алып келді. Аузында тіс жоқ, бойында күш жоқ, тәнінде ет жоқ, көз шала, құлақ мүкіс, адам сыны жоқ, қурап тұрған бір шал екі таяққа сүйеніп, патшаға келді. Патша бидайды көрсетті. Шалдың көзі шала, оңды көре алмай, көргенін көріп, көрмегенін қолмен сипап қарайды.

- Ақсақал, бұл бидай қайда шықты екен, білесіз бе? Өзіңіз мұндай бидайды егіп көргеніңіз бар ма? Өзіңіз екпесеңіз, сатып алып көргеніңіз бар ма? Қайда һәм уақытта сатылғанын білесіз бе?-деп сұрады патша шалдан.

Мұжықтың жауабын білу үшін №3 есепті дәптерге шығару.

1. Орамда 240 шар бар. Осы шарлардың алтыдан бір бөлігі жасыл. Орамда қанша жасыл шар бар?

240:6=40

2. Кері есеп: Орамда 40 жасыл шар бар.Бұл барлық шардың алтыдан бір бөлігі. Орамда барлығы неше шар бар?

40х 6=240

ІІІ. Құлағы мүкіс шал айтқан сөздерді әзер естіді, әрең түсініп, әзер жауап берді.

- Жоқ, мен мұндай бидайды егіп те, орып та, кісіден сатып алып та көргенім жоқ. Сатып алған бидай мұндай ірі емес, қу шөлмек болады. Менің әкемнен сұрау керек.Мұндай бидай қайда шығатынын сол кісі білмес пе екен? -дейді өлмелі шал. Патша шалдың әкесіне кісі жібереді. Жігіттер таяғына сүйенген бір шалды патшаға алып келеді. Патша оған бидайды көрсетеді. Шалдың көзі көрмейді екен. Бидайды қолына алып сипап көреді.

- Қане, ақсақал, бұл қай жерге шығатын бидай һәм қашан шыққан? Өзіңіз егіп көргеніңіз бар ма?-деп сұрайды патша шалдан.

Құлағының азырақ қағысы болса да, баласынан анағұрлым пысық, бойы сергек, әлдеқайда жас көрінеді әлгі шал.

Мәтіннің жалғасын тыңдау үшін:

№ 2. Баған түрінде жазып, есепте /кезекпен тақтаға амалдарды түсіндіре отырып орындату/

ІV.

- Жоқ, мен мұндай бидайды өмірімде еккен де, орған да емеспін, кісіден сатып алғаным да жоқ. Мен өмірімде ақша дегенді естіген емеспін.Біздің заманымызда халық өз нанын өзі тауып жейтін. Ашаршылық болса, барлары азығын көршісімен бөліп жейтін... бұл бидайдың қашан һәм қай жерде шыққанын мен біле алмадым. Біздің бидайлар осы күнгі бидайдан шығымды да үлкен болушы еді, бірақ нақ мынандай ірі болмайтын.Әкем айтушы еді, біздің заманымыздағы бидайлар өте үлкен һәм шығымды болушы еді деп. Сонан сұрасаңдар екен,-дейді шал да.

Патша шалдың әкесін алдырады. Баладай ойнап жымпыңдаған, құп-құнақ шал патшаға жүгініп келіп сәлем береді. Құлағы сап-сау, көзі жайнаған оттай, сөзі судай сылдырлайды.

Патша бидайды шалға көрсетеді. Шал бидайды қолына алып, айналдырып қарайды.

-Көп заман болды шырағым көрмегелі,-деп шал бидайды тістеп үзіп алып, шайнап,-нақ өзі,-дейді.

-Айтыңызшы, ата, қай уақытта, қай жерде мұндай бидай шыққан еді? Өзіңіз егіп, орып көріп пе едіңіз? -деп сұрайды патша одан да.

V. Жалғасын тыңдау үшін теңдеулерді шеше қойыңдар:

х · 7=330-274 х:4=100-22

502+а=1000-98 х· 30=365+535

Соңынан тақтаға жауаптар ілінеді.

х = 8, 400, 30, 17

-Менің заманымда,-дейді шал,-бұл бидай қайда болса, сонда шығатын. Менің жеп өскен наным, көршімді сыйлаған асым-осы болатын. Өмірі естігенім де, орып, бастырғаным да осы бидай еді.

- Бұл бидайды,ата, өзіңіз егетін бе едіңіз? Жоқ, сатып алатын ба едіңіз?-деп патша тағы сұрайды қайталап.

Шал мұртынан күледі.

-Біздің заманымызда сатқанды кім көрген?! Сатқан күнә емес пе?! Онда ақшаңды кім білген?! Әркімнің өз наны өзіне жетерлік болатын,-дейді шал.

-Бұл бидайды қайдағы егіндікке ектіңіз? Ол егіндік өзіңіздікі ме еді?-тағы сұрайды патша.

-Менің егіндігім-Құдайдың жері. Қай жерді жыртсам, сол жер менің егіндігім. Еңбегім, терім сіңген жер менікі болатын. Құдай жері кім еңбек сіңірсе-сонікі. Жердің менікі не сенікі болу шарты жалғыз-ақ еңбек еді.Тек табан ақы, маңдай тер ғана сенікі, менікі болатын. Жердің менікі, сенікі болуы сол табан ақы, маңдай тердің сіңуінен ғана еді, дейді шал.

Мәтіннің соңын тыңдау үшін мына тапсырманы орындай қойыңдар:

Ұзындығы а, ені в болатын тіктөртбұрыштың периметрін әртүрлі тәсілдермен тап:

а

18 см

12 см

21 см

36 см

в

6 см

7 см

9 см

14 см

р





Мәтінді жалғастыру:

-Тағы екі ауыз сөзіме жауап беріңіз, ата,-дейді патша және- бұрын неге мұндай бидай шыққан, енді неге шықпайды? Бұл-бір. Сіздің немереңіз екі таяқпен сүйретіліп әрең келді, балаңыз да таяққа сүйеніп келді. Сіз таяқсыз келдіңіз.Көзіңіз шоқтай жайнап тұр. Тісіңіз-түгел, пышақтай өткір. Сөзіңіз -анық, бойыңыз-қунақ, кескініңіз-сергек, пішініңіз-түзу. Бұл неден мұнша екі түрлі болды?

- Адам баласы Құдай көрсеткен табан ет, маңдай терімен күнелткен таза жолдан шыға жайылды. Аңдығаны көрші қазынасы, көрші пұлы болды. Бұрынғылар өз табан ет, маңдай теріне сүйенген. Құдай көрсеткен хақ жолымен жүрген. Ендігі адам іздегені- арамзалық, көрші қазынасы, бөтеннің пұлы. Сен сұраған екі түрлі күй осыдан болған,-дейді шал.


  • Ал, балалар, әңгіме ұнады ма?

  • Не түсіндіңдер?

  • Баласы қандай? Ол не айтты?

  • Әкесі қандай? Ол не айтты?

  • Атасы қандай? Оның жауабы қандай болды?

Тақтаға сипаттарын ілу

Баласы

Әкесі

Атасы

Аузында тіс жоқ, бойында күш жоқ, тәнінде ет жоқ, көз шала, құлақ мүкіс, адам сыны жоқ, қурап тұрған бір шал екі таяққа сүйеніп, патшаға келді.

Құлағының азырақ қағысы болса да, баласынан анағұрлым пысық, бойы сергек, әлдеқайда жас көрінеді әлгі шал.

Баладай ойнап жымпыңдаған, құп-құнақ шал патшаға жүгініп келіп сәлем береді. Құлағы сап-сау, көзі жайнаған оттай, сөзі судай сылдырлайды.

Сіз таяқсыз келдіңіз.Көзіңіз шоқтай жайнап тұр. Тісіңіз-түгел, пышақтай өткір. Сөзіңіз -анық, бойыңыз-қунақ, кескініңіз-сергек, пішініңіз-түзу

Жоқ, мен мұндай бидайды егіп те, орып та, кісіден сатып алып та көргенім жоқ. Сатып алған бидай мұндай ірі емес, қу шөлмек болады.

Жоқ, мен мұндай бидайды өмірімде еккен де, орған да емеспін, кісіден сатып алғаным да жоқ. Мен өмірімде ақша дегенді естіген емеспін.Біздің заманымызда халық өз нанын өзі тауып жейтін. Ашаршылық болса, барлары азығын көршісімен бөліп жейтін

Менің заманымда,-дейді шал,-бұл бидай қайда болса, сонда шығатын. Менің жеп өскен наным, көршімді сыйлаған асым-осы болатын. Өмірі естігенім де, орып, бастырғаным да осы бидай еді.

Менің егіндігім-Құдайдың жері. Қай жерді жыртсам, сол жер менің егіндігім. Еңбегім, терім сіңген жер менікі болатын. Құдай жері кім еңбек сіңірсе-сонікі. Жердің менікі не сенікі болу шарты жалғыз-ақ еңбек еді.Тек табан ақы, маңдай тер ғана сенікі, менікі болатын. Жердің менікі, сенікі болуы сол табан ақы, маңдай тердің сіңуінен ғана еді

Салыстыру жұмыстары.

Мәтін мазмұнын қорыта келе автор бізге не айтқысы келеді? /балалардың жауабы/

  • Мәтіннің негізгі ойы неде?Адал еңбек.

  • Алланың жері, кім еңбек сіңірсе-сонікі.

Адам баласы Алланың жолымен жүруге тиіс.Сонда ғана адам сабағымыздың басында бір-бірімізге тілеген жақсылықтарға ие болады.

Ал, балалар, бүгінгі сабақтағы жұмыстарыңды адал еңбек деуге бола ма?

/Балалардың жауабы/

Иә, мен сендермен келісемін. Адал еңбектеріңнің арқасында бір сабақтың ішінде екі пәннің жұмысын атқардыңдар.

Олай болса, сабағымыз өз мәресіне жетті.

Жақсы еңбек еттіңдер, фишкаларыңды санай қойыңдар.

7-8 фишка «4», 10-нан астам «5»

Үйге тапсырма: №6


© 2010-2022