Сауат ашудан Х х дыбысы мен әрпі атты ашық сабақ жоспары

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні/айы 28.11.14

Пәні: сауат ашу

Сабақ №82

Сабақтың тақырыбы

Х х дыбысы мен әрпі

Жалпы мақсаты

Х х дыбысы мен әрпі туралы түсінік беріледі, мәтінмен, суретпен жұмыс жүргізіледі

Күтілетін нәтижелер

Х х дыбысы мен әрпі туралы біледі, мәтіннің мазмұнын түсінеді Ресурстар

Кеспе әріптер, қима қағаздар, электронды оқулық, т.б. Ұйымдастыру кезеңі

1.Сабақтың мақсатын түсіндіру

2.Психологиялық тренинг

Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды даламыз,
Қайырлы күн, достарым!
Қайырлы күн, ұстазым!

Қайырлы күн, қонақтар!

1.Сабаққа назар аудару

2.Сабаққа психологиялық жағынан дайындалады.Бір-біріне деген жақсы қарым-қатынас орнатады.


Негізгі бөлім

І. Өткенді қайталау

Ойын «Сенесің бе?» Айтқан тұжырымдарға «Ия», «Жоқ» деп жауап береді.

  • Дыбыстар дауысты, дауыссыз болады. (ия)

  • Дауысты дыбыстар әндетпейді. (жоқ)

  • Дауыссыз дыбыстар кедергіге ұшырап айтылады. (ия)

  • Дауысты дыбыстар екіге бөлінеді. (ия)

  • П - үнді дауыссыз дыбыс. (жоқ)

  • Ы - жуан дауысты дыбыс.(ия)

  • І - жіңішке дауысты дыбыс. (ия)

  • Дыбыстарды біз жазамыз, көреміз.(жоқ)

  • Әріптерді біз жазамыз, көреміз.(ия)

  • Һ дыбысы қазақ тіліне ғана тән дыбыс. (ия)

  • Ю дыбысы қосарлы дыбыс. (ия)

ІІ. Жаңа сабақ

  1. Қызығушылығын ояту

Туысқаннан, таныстан

Келетұғын хат, хабар.

Қай әріптен басталған?

Х әрпінен басталған.

Х х х х дыбысы қандай дыбыс? Х - дауыссыз, қатаң дыбыс. Х дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі? х сөздің басында, ортасында, соңында келеді (мысалдарды оқушыларға келтірту). Хат, хабар - басында Асхана, дәріхана - ортасында Тарих, шах - соңында

  1. Хат туралы мәлімет беру.
Хат жанры - ерте заманан бері келе жатқан адамдардың қарым-қатынас жасау құралдарының бірі. Хатты не арқылы жазамыз? Тағы да қалай жазуға болады?
Компьютер арқылы хат жазуға болады. Оны интернет арқылы жібереді.
Хат тасушы адамды кім дейді?
-Пошташылар күнделікті 46 000 адамдарға хат тасиды, поштаға барған 1500-2000 адамдарға қызмет көрсетеді екен. Олар суық, ыстық күндерге қарамай елдің көптен күткен хаттарын тасиды екен. Хатты жазып болған соң оны конвертке салып, сыртына хат алушының мекен жайын жазып, поштаға апарып саламыз .Бұрынғы кезде пошта болмаған кезде көгершіндер пошташының рөлін атқарған. Хат түрлерін айту. Топтарды таныстыру (топ басшысы алады) 1-топ - «Жабық хат» 2-топ - «Ашық хат» 3-топ - «Жеделхат» 4-топ - «Электронды хат»
  1. Оқулықпен жұмыс

1. Сөздерді оқу Хор, хат, хабар, халат, кітапхана, шеберхана, асхана.

2.Сөздік жұмысы жүргізіледі (түсінбеген сөздерін сұрау) Шеберхана - белгілі бір заттарды жасайтын орын, арнаулы кабинет.
3.Тақтамен жұмыс Дыбыстық талдау Халат, хабар сөзіне дыбыстық талдау жасау.( 2 оқушы тақтада сөзді жазып, ауызша талдайды) Бір уақытта есік тарсылдатып вахтерша тате келіп хат береді. Хат Аяз Атадан келген екен. «Құрметті 1 «Ә» сыныбының оқушылары! Мен сендердің 1-сыныпқа келіп, білім алып жатқандарыңа ризамын. Жаңа жыл келе жатыр, барлығын менен сыйлық күтесіңдер. Мен тек жақсы оқып, диктантты қатесіз жазатын, оқу жылдамдығы жақсы, есепті де жақсы шығаратын оқушыларға сыйлықты беремін. Желтоқсан аяғына аз ғана ғана қалған уақыттарыңды тиімді пайдаланып, оқуларыңды дұрыстаңдар. Енді сендерге бір сұрағым бар, қыс мезгілінде ойнайтын қандай ойындарды, қандай спорт түрлерін білесіңдер?

Құрметпен Аяз Ата

2. Мәтінмен жұмыс «Хоккей»

- Қандай спорт түрлерін білесіңдер?

а) мен оқимын

ә) оқушылар оқиды

б) сөздік жұмысы

оқушылар үшін түсініксіз сөздерді түсіндіремін

в) сұрақ-жауап

- Хасан мен Хамит қандай ойынды жақсы көреді?

- Хасан кім, Хамит кім?

- Кімнің тобы жеңіп шықты?

Сергіту сәті


Карточкамен жұмыс Х әрпін тауып, сызыңдар. Неше бас әріп, неше кіші әріп? Қайсысы көп? Ендеше, бүгін кіші әріпті жазып үйренеміз. ЙМУхКЕНхГШХМИХТЯхАЫДЖОхПРХНЕКхНПР

  1. Дәптермен жұмыс

Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық,
Көлбеу қойып дәптерді,
Әдемі етіп жазайық.

  1. х әрпінің кіші әрпін жазу

Сергіту сәті (қолды жаттықтыруға байланысты)

3.Топпен жұмыс. Хамит пен Хасан сияқты біз де топқа бөлініп жұмыс жасайық.

1-топ. «Жабық хат» Буындардан сөз құрау

2-топ. «Ашық хат» Коллаж жасау. (х, һ дыбыстары бар суреттер жапсыру)

3-топ. «Жеделхат» «Қатесін тап».(Жазба түрінде қате жазылған сөздерді табу)

4-топ. «Электронды хат» Буын, сөз, сөйлем құрау. Жұппен жұмыс жасап, бір-біріне WhatsApp арқылы жібереді.


Бекіту, қорыту, кері байланыс

-Бүгінгі сабақта не үйрендік?

-Қандай әріппен таныстық?

Кері байланыс «Хаттар». ( Қажеттісіне оқушылар стикер жапсырады)

Жабық хат - көп нәрсені түсінген жоқпын.

Ашық хат - біраз нәрсені түсіндім.

Жедел хат - бәрін де түсіндім.


Бағалау

Жинаған фишкалары бойынша ауызша бағалау. Бүгінгі күннен естелік ретінде ашық хат сыйлау. Үйге тапсырма

Аяз атаға хат жазу

Рефлексия

Ең сәтті өткен екі дүние

1.

2.

Ең сәттіз өткен екі дүние

1.

2.


© 2010-2022