Ашық сабақ Қазақстан картасы

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мерзімі:

Бекітемін:

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Қазақстан картасы.

Мақсаты

а) Оқушылардың тасымал туралы түсініктерін, білімдерін кеңейту.Е.Өтетілеуовтың «Қазақстан картасы»өлеңімен таныстыру.Мақал жаттау.

ә) есте сақтау, ойлау, өз ойларын жеткізе білу қабілеттерін дамыту.Сөздік қорларын молайту.

б) тазалыққа, ұқыптылыққа, елін сүюге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:Қазақстан картасы, кесте, бағалау смайликтері,Алтын ереже, бағалау парағы, таратпалар, сөзжұмбақ.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу,Ыстық орындық әдісі.

Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушыларорындарынан тұрып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындау.

-Балалар, біз бүгін сабағымызда саяхатқа шығамыз. Саяхатқа шығу үшін дайындалуымыз керек. Ал, қане бәріміз жолға шығуға дайындалайық. Олай болса, жолға шығу үшін біз жол тәртіп ережесін білуіміз керек. «Алтын ережемен» таныстыру. Жолға шығайық. Билеттер тарату-тапсырмалар бар карточкалар.

II.Үй тапсырмасын сұрау:

1.«Қазақстан-Республикам менің» өлеңін .мәнерлеп оқыту

2.Менің Қазақстаным тақырыбындағы жазып келген шығармаларын тексеру.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:«Ыстық орындық»ойынын ойнату арқылы сабақтан алған білімдерін жан-жақты тексеру.

IV. Мақсат қою кезеңі:

Бірінші бізге жақын орналасқан қала-Алматы қаласы

-Біз бүгін «Қазақстан картасы» өлеңімен танысып, Ермек Өтетілеу туралы мағлұмат аламыз.

Ермек Өтетілеуұлы 1938 жылы Ақмола (қазіргі Астана) қаласында туған. Ол кісі «Жалын» баспасында, «Балдырған» журналында, «Жазушы» баспасында редакция меңгерушісі болып қызмет атқарған. Ақынның шығармашылығы бірыңғай балаларға арналған. Ол мектеп жасына дейінгі балалардың және оқушылардың жаттап алуына лайықты деген өлеңдері мен тақпақтары енген. «Балдырғандар үшін», «Естиярлар үшін», «Ересектер үшін» деп аталып, 3 бөлімнен тұратын «Жаттамақтар» деген көлемді жинақты құрастырды. Ақын жыл сайын жарық көріп тұрған балаларға арналған әдеби календарь «Жыл он екі айдың» бірнеше кітабына да сарашы болғанын атап кету керек.

-Келесі баратын жеріміз Ақтөбе қаласы.

Тасымал туралы түсінікті кеңейту мақсатында жаттығу жұмыстарын орындаймыз

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану



Сергіту сәті:

V. Жаңа сабақ:Оқулықпен жұмыс.

«Қазақстан картасы» өлеңімен таныстыру. Өлеңді оқып беру, түсіндіру. Картадан қалаларды көрсету.

Келесі қала баратын қаламызға саяхатқа шығамыз. Ол-Ақтөбе облысы.

1-3-ші жолаушының билеті: -Өлеңді мәнерлеп кезекпен оқыту.

4-ші жолаушының билеті:Іштей оқыту.

Сұрақ қоя отырып теріп оқыту.

Мен даланың ұлымын,

Жас түлектің бірімін.

Көкірегін аймалап,

Көктеп шыққан гүлімін.

Жазба дәптерлеріндегі тапсырмаларды орындату.

-Келесі саяхатқа шығатын қаламыз-Жамбыл облысы, орталығы Тараз қаласы. Жолаушыларға тапсырмалар жазылған карточкаларды таратып беру. Жаттығуды орындамас бұрын келесі жолаушының билетін беру. Онда тасымал ережесі туралы сұрақ жазылған карточка. Ережені еске түсіру.

Тасымал туралы түсінгендерін сұрай келе жаттығулар орындату. Келесі баратын қаламыз-Көкшетау қаласы.

Тақтамен жұмыс.

Дәптермен жұмыс: Күн ретін жазу, көркем жазу, сол әріпке байланысты сөз ойлату, дыбыстық талдау жасату.

74-жаттығу Сөздерді оқыту , й әрпінен басталған буындарды тапқызу.Сөз бөлігін и әрпінен бастап тасымалдату.

Жай-йылым, тү-йе, қа-йық, сү-йек, ме- йірімді.

Келесі аялдама-Талдықорған қаласы. Жолаушыларға билеттер таратып беру.

Карточкада 75-ші жаттығу тапсырмалары жазылған. Сөздерді оқып, у әрпінен басталған буынды атаңдар. Сауысқан, дауыс, жауап, тауық, бауыр.

Келесі аялдама-Қызылорда қаласы.

Тапсырмасы Ж.Жабаевтың «Елім менің жерге бай,

Айдынды шалқар көлге бай» мазмұнының мағнасын түсіндіріп, жаттату.

Шығармашылық тапсырма: Шымкент қаласына саяхат. Туған ел, туған жер туралы мақал-мәтелдер айтқызу

  1. Кісі елінде күркірегенше,

Өз еліңде дүркіре.

  1. Әркімнің өз жері жұмақ.

  2. Туған жер тұғырың,

Туған ел қыдырың.

  1. Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

  1. Ерінен айырылған көмгенше жылайды,

Елінен айырылған өлгенше жылайды.

  1. Жат елдің қаршығасынан,

Өз жеріңнің қарғасы артық.

  1. Туған елдің тезегі де дәрі.

VI.Жаңа материалды пысықтау:

Келесі аялдама-Астана қаласы.

Тапсырмасы.

Берілген әріптер б/ша қала атауларын табу.

А- Алматы, Ақтөбе, Атырау, Астана.

Ой толғаныс

VII.Бекіту кезеңі:

-Біз бүгін не үйрендік? Сабақ ұнады ма? -Несімен ұнады?

Кері байланыс

-Балалар олай болса, Қазақстан Республикасының қалаларына өз тілектерімізді жазып қалдырайықшы. Картаға жалаушаларға жазылған тілектер ілінеді.

Үйге тапсырма

1.«Қазақстан картасы» өлеңін мәнерлеп оқу 2. Өз облысы туралы әңгімелеу.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасына әр оқушының берген жауаптарына қарай смайликтер жабыстырылып отырылады. Сол смайликтердің санына қарай бағалау.



© 2010-2022