Урок: Қазақ тілі Сөйлем (3-сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы:3

Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем
Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік мақсаты: Сөйлем және оның түрлері, сөз тіркестері туралы алған білімдерін қайталау;

2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ой - өрістерін, сөздік қорын, дүниетанымдарын кеңейту, шығармашылық, іскерлік қабілеттерін, белсенділіктерін дамыту;
3. Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды сауаттылыққа, бір - бірін сыйлауға үйрету.
Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың типі: алған білімді жетілдіру
Сабақтың әдістері: Сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгіме, көрнекілік әдісі, ойын элементтері.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану.

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту
1.Сабаққа психологиялық дайындық
- Амансың ба, Алтын күн!

- Амансың ба, Жер-ана!

- Амансың ба, достарым,

- Сендерді көріп қуандым!
2.Мағынаны тану:

  1. Ой шақыру Лездеме сұрақтар:

- Дыбыс дегеніміз не?

- Әріп дегеніміз не?
- Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
- Дауыссыз дыбыстар қалай бөлінеді?
- Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді?

-Сөз дегеніміз не?
- Сөз тіркесі дегеніміз не?

- Сөйлем дегеніміз не?

2. Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

3. Оқулықпен жұмыс:

1-жаттығу. Қайсысы сөйлем? Неліктен?

  1. Білім, кітап, бұлақ.

  2. Кітап - білім бұлағы.

Түйін: Сөйлемге тән белгілер:

  • Сөздер бір-бірімен мағыналық байланыста болады;

  • Аяқталған ойды білдіреді;

  • Бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады;

  • Соңына тиісті тыныс белгісі (нүкте (.), сұрау белгісі (?), леп белгісі (!)) қойылады.

2-жаттығу. «Адасқан сөздер» ойыны

Берілген сөздерден сөйлем құрап жазу:
Кітап,оқы, көп.

Сендер, білім, кітап, көмектеседі, болу.


3-жаттығу. Хайуанаттар бағына саяхат.

Жақшадағы сөздерді сөйлемнің мазмұнына қарай өзгертіп , мәтінді көшіріп жаз.

Алматы хайуанаттар бағына келушілер тоғанда жүзіп жүрген (ләйлек) қызыға қарайды. (Ләйлек) сырттай көкқұтанға ұқсатады. Бірақ (ләйлек) қауырсыны ашық болып келеді.

Түйін: Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен жалғау жалғану арқылы байланысады.

4-жаттығу. Ертегілер еліне саяхат

-Ертегі мәнерлеп оқиды, мазмұнын айтады.

-Ертегіні өз ойларынан жалғастырып айтады.

Көркем жазу.

Сөйлемдерге тиісті тыныс белгілерін қойып, көшіріп жаз.

Түйін: Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады. Сөйлемнің соңына нүкте, леп белгісі, сұрақ белгісі қойылады.

Сергіту сәті.

5-жаттығу. Поэзия минуты.

-Өлеңді мәнерлеп оқу.

- Нүкте не үшін қажет?

-Нүктеден басқа тағы қандай тыныс белгілерін білесің?

Түйін: Сөйлем аяқталған соң, соңына нүкте қойылады.


7-жаттығу. «Өз үйін тап» ойыны

Берілген сөйлемдерді тиісті үйге орналастырыңдар. Себебін түсіндіріңдер.

Түйін: Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай үшке бөлінеді. Хабарлы, лепті, сұраулы сөйлем. Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте, лепті сөйлемнің соңына леп белгісі, сұраулы сөйлемнің соңына сұрақ белгісі қойылады.

ІІІ. Ой толғаныс:
«Қатесін тап» ойыны

  1. Бүгін күн қандай тамаша.

  2. Қандай құстар жылы жаққа ұшып кетеді!

  3. Біз жәрмеңкеге қатыстық ?

Сабақты қорытындылау:

Рефлексия Не білдік? Не үйрендік?
Бағалау «Басбармақ» әдісімен бағалау.
Үйге тапсырма:

  1. 6-жаттығу сурет бойынша әңгіме құрау.









© 2010-2022