- Преподавателю
- Начальные классы
- Қазақ тілі: тақырыбы Жұрнақ пен жалғауды ажырату
Қазақ тілі: тақырыбы Жұрнақ пен жалғауды ажырату
Раздел | Начальные классы |
Класс | 2 класс |
Тип | Конспекты |
Автор | Тунгатарова А.Б. |
Дата | 16.12.2015 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
«Приозерск қаласы № 2 МББК» КММ
Қазақ тілінен ашық сабақ
«Жұрнақ пен жалғауды
ажырату»
2 «в» сыныбы
Тунгатарова Ақбөпе Бейсеновна
2015 жыл
Жұрнақ пен жалғауды ажырату
Сабақтың мақсаты:
- Оқушылардың өткен сабақта алған білімдерін кеңейту, әр түрлі тапсырмалар орындау арқылы жұрнақ пен жалғауды ажырату, сөздерге дұрыс жалғау жалғауды үйрету;
- Сөздік қорын, ой-өрісін дамыту, жұрнақ пен жалғауды бір-бірінен ажырата білуге дағдыландыру;
- Сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. - Балалар, бүгін біздің сабағымыз ерекше болмақ. Біздің сабағымызға апайлар келіп отыр. Бүгінгі сабақта күннің шуағы ананың ыстық алақанындай сендерді аймалап, жүректеріңе мейірім мен шаттығын үйе берсін демекпін. Күн нұрына алақанды созайын, Жүрегіме басып ұстай қалайын. Нәзік, әрі жылы, әрі мейірімді, Сонда дереу болып кетер жан жағым. Сендерге терең білім, көтеріңкі көңіл- күй тілеймін! ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі. 291-жаттығу. «Қысқы еңбек» тақырыбына жазған әңгімелерін оқыту. Салған суреттерін тексеру. ІІІ. Білімді тексеру кезеңі. А) Ереже сұрау: Жұрнақ дегеніміз не? Жалғау дегеніміз не? Ә) Ойын «Қар жинау». Шарты: Берілген сөздердегі жұрнақ пен жалғау жалғанған сөздерді топтау. Қысқы, орындық, биші, қармен, далада, оқушы. Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. ІV. Жаңа сабақ: Жұрнақ пен жалғауды ажырату. Балалар, «Ертегі әлеміне саяхат» жасайық. Ерте ерте ертеде біз білмейтін сиқырлы бір өлкеде бір қария өмір сүріпті. Оның бағында керемет бір ағаш өсіпті. Қария сол ағашта өскен жемісті базарға апарып сатып, күнін көреді екен. Оның көршісі қызғаншақ, сараң адам екен. Бір күні көршісі қызғанып, ағашты түбінен кесіп, оны өз үйіне апарып отырғызады.
- Сендер қалай ойлайсыңдар, ағаш өсе ме?
- Өспейді, себебі оның түбірі жоқ.
- Иә, балалар, себебі түбірі қарияның бағында қалып қояды.