Проект Ақылды болып өсеміз

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: АҚЫЛДЫ БОП ӨСЕМІЗ

Тапсыру мерзімі: Тезаралық проект (4 апта)

Мақсаты: Дидактикалық ойындар арқылы балалардың логикалық қабілеттерін жоғарлату

Міндеті: Жалпы білімдерін дидактикалық ойын арқылы көрсету

әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану: слайд, құрастыру т.б

Балалардың логикасын дамытуға ата-аналарды қатыстыру

Түрі: Ойын

Мәселесі: баланың ойынға деген қызығушылығы арқылы логикалық ойлауын дамыту.

Жобаға қатысушылар: балалар, тәрбиешілер, ата-аналар.

Күтілген нәтиже: Балалардың жалпылауға, бүтінді құрауға, бүтіннен бөлекті айыруға, салыстыруға, жалғастыруға дағдылары.

Жұмыс кезеңдері:

I кезең: (мониторинг)

Балалардың логикалық қабілеттерін байқау

  • Жалпы мағналарды білу

  • Бүтінді жинау

  • Бөлігін атау

  • Тізбекті жалғастыру

II кезең: (дайындық)

Алынған мәліметке сүйеніп балалармен жұмыс жолдарын ойластыру:

«Танграм», «Колумбово яйцо», «Мозайка», «Төртінші артық», «Ерекшеліктерін тап», «Жұбын тап», «Екі ұқсас суретті салыстыр», пазлы, құрастыру, схема бойынша затты тап, «Жұбын тап», «Не біріктіреді?» ойындарын дайындау

IIIкезең: (негізгі)

ҚМТҚ, тіл дамыту, қоршаған ортамен танысу сабақтарында, бос уақытта дидактикалық ойындарды өткізу, жеке жұмысқа еңгізу,

Ата-аналармен жұмыс:

Кеңес: «Баланың логикалық қабілетін қалай дамытуға болады»

Үйде әр түрлі ойындарды бірге ойнау, пазлы жинау, логикалық үстел үстіндегі ойындарды ойнау, дидактикалық құралды жасау «Колумбово яйцо», «Танграм», «Төртінші артық», «Тұтасын жина»

IV кезең: Қорытынды

Ойын-сауық: БІЛГІШТЕР сайысы

Мақсаты: Жоба барысындағы балалардың алған білімдерін нығайту, бекіту

Логикалық ойлау-қабілетін дамыту

Қызығушылықтары мен белсенділігін тәрбиелеу

Демонстрациялық құралдар: танграм суреті 2 (сиыр, жираф), «Айырмашылығын тап», суреттер тізбегі: «Қоян мен аққала», «Мысық пен домалақ жіп», слайдтар «Логикамен ойлап үйренейік», эмблема «Қошақан», «Балапан»; алма, кітап, керней, металлофон, банан, т.б суреттер және оларға қатысты жеке карталардағы схемалар - д/о «Дүкен», көңілді әуен сергіту сәтіне.

Үлестірмелі құралдар: «артығын тап», «танграм» конвертте әр балаға, «жұбын тап», қарындаштар, «бір сөзбен айт»- суреттер, схемалар әр балаға, эмблемалар 1 топ - «Қошақан», 2 топ-«Балапан»

Алдын-ала жұмыс: ата-аналармен, балалармен өткізілген жұмыс туралы презентацияны дайындау, дидактикалық ойындардың көрмесін ұйымдастыру

ЖҰМЫС БАРЫСЫ

  1. Презентацияны көрсету

  2. Дидактикалық ойындардың көрмесі

Буратино келеді: «Мальвина маған көп тапсырма берді, өзім істей алмаймын маған көмектесіңдер»

Жүргізүші: Әрине біз саған көмектесеміз.Балалар саған өздерін таныстырсын сосын тапсырмаларыңды шешуге көмектесеміз.

1.Сәлемдесу

Қошақан тобы

Ұраны: Біз жеңеміз бәріңді

Қошақандармыз ақылды

Балапан тобы:

Ұраны:Балапандармыз сабырлы

Жеңіп көреміз бәріңді.

Үстел басына отырғызу

Мальвинаның берген тапсырмаларын шешуге дайынсындарма? Жақсы, дұрыс жауапқа сендерге алтын кілттер беріледі.

  1. Айырмашылығын тап: Ұқсас суреттің айырмашылығын табу

  2. Танграм: сиыр мен жирафтың суретін жинайды.

  3. Бір сөзбен айт: карточкадағы суретті бір сөзбен атайды

  4. Артығын тап: артық суретті сызып тастайды

  5. Сергіту сәті «Аталған санға тұр» (1 деген кезде бір мүшеге тұрады, 2 екі аяққа т.с.с 5ке дейін)

  6. «Жұбын тап» ұсақ саусақ қимылына арналған тапсырма

  7. Схемамен д/о «Дүкен» берілген схема арқылы өзіне керекті затты тауып алады.

  8. Көңілді би «Буратино»

  9. Тізбекті жалғастыр «Қоян мен аққала», «Мысық пен домалақ жіп» капитандар өрындайды

  10. Слайдпен жұмыс: «Логикалық ойлап үйренеміз»

Қорытынды жасау: Кілттерді санау

Шеңбер : (2 шеңбер: іште сыртта, балалар қарама-қарсы)

Мен және сен,

Біз екеуміз әр қашан,

Дос болайық мәңгілік

Буратино риза болып кәмпит таратады.

© 2010-2022