2 сыныпқа арналған дүниетанудан сабақтың тақырыбы: Қазақстан - көп ұлтты тәуелсіз мемлекет

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан - көп ұлтты тәуелсіз мемлекет

Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларға «Қазақстан - тәуелсіз мемлекет» ұғымын бекіту; Қазақстанның физикалық картасымен жұмыс жасауды үйрету; пікірін қорытындылап, түйіндей білуге үйрету.

2.Оқушылардың сөйлеу қабілетін, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру.

3.Халықтар арасындағ дрстықты сақтауға тәрбиелеу. Түрі:жаңа сабақ Әдісі: түсіндіру, әңгіме, топтық жұмыс. Көрнекілігі: Қазақстанның физикалык картасы, суреттер. Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру.
Қызығушылықтарын ояту.

Туған жер

Кеңсің дала,

Туған ана.

Көйлегің кең, көк ала,

Жан беретін,

Тән беретін

Мейірімді ана сен ғана.

С. Сейфуллин - Ақын өлеңде туған жерді қалай суреттейді? - Туған жердің кең байтақ екенін айтады. - Табиғатының кереметтігін айтады. - Туған жерді мейірімді анаға теңейді. - Батыр ағаларымыз бен апаларымыз Отанға қауіп төнсе, әрқашанда корғауға әзір екендігі айтылады. - Туған жерді тағы калай айтамыз? - Отан, туған өлке, атамекен. - Біздің Отанымыз калай аталады? - Қазақстан Республикасы. - Қазақстан Республикасында тұратын адамдарды кім деп атайды? - Қазақстан Республикасының азаматы деп атайды. - Қазақстан Республикасының азаматы қандай міндеттерді орындайды? - Конституция бойынша заңдарды орындайды, оның оқуға, еңбек етуге, т.б. құқығы бар. ІІ. Жаңа сабақ. 1. Қазақстанның физикалық картасымен жұмыс. а) Картадан Қазақстан Республикасын табу. ә) Қазақстанмен көршілес республикаларды тауып көрсету. 2.Сұрақтарға жауап беру. а) Қазақстанда қандай ұлттар тұрады? ә) Қандай рәміздерін білесіңдер? 3.Топпен жұмыс. 1-топ оқушылары Қазақстан Республикасының Елтаңбасы туралы әңгімелейді. 2-топ оқушылары Қазақстан Республикасының Туы туралы әңгімелейді. 3-топ оқушылары Қазақстан Республикасының Әнұраны туралы әңгімелейді. 4. Оқулықпен жұмыс Мәтінді бөліктер бойынша оқытып, сұрақ-жауап арқылы мазмұны ашылады. ІІІ.Жаңа сабақты бекіту.

  • Қазақстанды неліктен көпұлтты мемлекет дейміз?
  • Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?
  • Ұлт өкілдерін бір-бірінен қалай ажыратады?
  • Қазақстан ненің арқасында көпұлтты мемлекет болып отыр?
ІV.Қорытынды
  • Бұл тақырыптан не түсіндің?
V.Үйге тапсырма беру. Оқулықтағы мәтінді түсініп оқу және Қазақстан туралы қосымша материалдар қарастыру.



© 2010-2022