Тақырыбы: Қазақ тілінің білгірі сайыс-сабақ

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы : «Қазақ тілінің білгірі» сайыс-сабақ.

Сөз таптары.
Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: сөз таптары бойынша алған білімдерін тиянақтау, сөз таптарын сөйлем ішінен тауып, оған сұрақ қоя білуге үйрету.
Дамытушылығы: оқушының сауатты жазуын, сөйлеу мәдениетін, тілін дамыту.Өздігінен қорытынды шығара білуге үйрету.
Тәрбиелігі: Отанына деген сүйіспеншілік, мақтаныш, ұлтжандық сезімін тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Іскерлік-ойын,сайыс сабағы.
Сабақтың әдісі: Топтау, ой қозғау, сын тұрғысынан ойлау, семан-
тикалық карта, « Бес жолды өлең» стратегиясы.
Сабақтың көрнекілігі: Жалаушалар, слайдтар,сандықша,үлестірме
кестелер, бағалау парақтары.
Техникалық жабдықтар: Компьютер, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі;.
Психологиялық икем:

Армысың, алтын Күн!
Армысың, туған Жер!
Армысың, мектебім!
Армысың, достарым!
Армысыз, қонақтар!
2. Кіріспе әңгіме.
( Интерактивті тақтада слайд №1.)
- Балалар, осы желтоқсан айында қандай үлкен мереке болғалы отыр?
- Еліміздің тәуелсіздігіне 22-жыл! (Слайд №2)
(Слайд №3.)
- Дұрыс айтасыздар.1991 жылы 16 желтоқсан Қазақстан Республикасы
өзінің Тәуелсіздігін жариялады. Биыл тәуелсіз елімізге 22 жыл толып отыр.
Жастығына қарамастан еліміз талай жетістіктерге жетіп, жылдан-жылға көркеюде, оның айғағы Астанамыз. Астана дүние жүзіндегі әсем қалалардың бірі. (Слайд №.4) Кең байтақ елімізде, достық қарым-қатынаста 130-дан астам ұлт өкілдері өмір сүруде. (Слайд №5) Биік тауларында қыраны самғаған, жазық даласында тұлпары желіген, байтақ туған жеріміз-Қазақстан!
(Слайд №6)
22 жыл өз бастамасымен халқын талай жетістікке жеткізген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Осының бәрі Тәуелсіздік қалаған елдің, оның болашақ жастарының, сіздер үшін үлкен жетістік екенін естен шығармаңыздар.
(Слайд №7)
- Бірінші қыркүйектен осы тақырып бойынша мектепте әр түрлі іс-шаралар өтілуде, соларға сіздер де ат салысып қатысып, тіпті жүлделі орындарға ие болып келесіздер. Бүгінгі сабағымызда да өздеріңіздің білімдеріңізді көрсете білесіздер деп ойлаймын.
( Слайд 8)
3.Негізгі бөлім.
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Қазақ тілінің білгірі» сайыс-сабақ.

Сөз таптары.
Жарыс ережесімен таныстыру.
Әділқазылар мүшелерімен таныстыру.
Cйыс 8 кезеңнен тұрады.
1. Таныстыру
2. Блиц - турнир
3 «Сиқырлы сандықша»
4. «Білімді мықта».
5. «Ұшқыр ой»
6. «Ойлан тап»
7. «Ой толғаныс»

8. «Өнерлі болсаң»
- Бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған екі топты қол соғып қарсы алайық.
Бас иіп топ алдына шығатын
Сәлемдесу парызы әрбір жастың
Білімдерін паш етер сайыскерлер
Сәті келіп қалғандай танысатын дегендей сайысымыздың бірінші кезеңі "Таныстыруды бастайық"!
І кезең.Сөз кезегін " Қазақстан" және "Астана"топтарына береміз. (Әр топ өз тобының атын, ұранын таныстырады.)
Әр топ өзінің топ жетекшісін таңдап алсын. Топ жетекшілері ортаға шықсын.
- Топ жетекшілері жалаушаның астындағы өз тобының атауын алады.
ІІ кезең. «Блиц - турнир»
Тапсырма: әр топқа кесте таратылады, оны толтыру керек

Сөз табы

Зат есім

Етістік

Сын есім

Сан есім

Нені білдіреді?

Сұрағы

Түрлері

(Слайд №9)
Әр топтан бір оқушы шығып кестені оқиды.
ІІІ кезең «Сиқырлы сандықша» (Слайд № 23) Жалқы, жалпы зат есімдерді теріп жазу.
Асан, ойнады, үлкен,Астана, жылы, Құтжол,қыздар, көк, жеті, Қуаныш,бар, биік, Қазақстан,өседі, елу, тоқсан,үстел, жазды, математика, он алты, алма, жүгірді, балапан, әсем, мұғалім,Көкшетау.
ІҮ кезең «Білімді мықта» . Оқулықпен жұмыс.

3- жаттығу.

Әрбір зат есімге қимылды білдіретін сөздерді көбірек таңдап жаз.
Бала,құс,балық,қар,ағаш

Үлгі: Күн (қайтеді?) жарқырайды,суытады,бұлттанады,ашылады,батады

Ү кезең. «Ұшқыр ой». Қызықты логикалық тапсырмалар. Шешуін тауып сан есімдерді атау.

  1. Алмаға кеп күн-ара

Қонушы еді бір ара

Бүгін тоғыз туысын

Ертіп келді бұл ара

Сонда бүгін алмаға,

Келіп қонды неше ара? (10)

  1. Табақта бес алма,

Қолымда үш алма,

Інімде екі алма,

Қосқанда барлығын

Болады неше алма ? (10)

  1. Тоғыз қабатты үйдің алтыншы қабаты жоғарыдан санағанда нешінші болады? (4)

  2. Жануардың 2 оң аяғы, екі сол аяғы, екі алдыңғы аяғы, екі

артқы аяғы бар. Бұл хайуанның қанша аяғы бар?

  1. Ахмет бір жарыста және соңынан санағанда 7-ші болғанына қарағанда, жарысқа қанша адам қатысқан?

  2. Алма ағашында 10 алма, ал үйеңкі ағашында одан аз өсіп

тұр. Үйеңкі ағашында неше алма өсіп тұр?

Жауабы: Үйеңкі ағашында алма өспейді.

  1. Барлық айлар 30 және 31 күнмен аяқталады. Қай айда 28 күн бар?

Жауабы: барлық айларда.

ҮІ кезең. «Ойлан тап» деп аталады.

4 жаттығу.Сын есімдерді байланысып тұрған зат есіммен бірге теріп жаз.Сын есімге сұрақ қой.

«Сақау бәтеңке» ертегісі.

Бөтен үйдің босағасына жеткен су жаңа бәтеңке жан-жағына тосырқай қарады. Ұсқынсыз аяқкиімдер табалдырықтан төр үйге қарай шашылып жатыр. Табаны сөгіліп, тістері ырсиып кеткен салпы ауыз етік,құныс бәтеңке таңғалды.

Бөтен үй, жаңа бәтеңке, ұсқынсыз аяқкиімдер, салпы ауыз етік, құныс бәтеңке.
ҮІІ кезең « Ой- толғаныс ». Семантикалық картамен жұмыс. (Слайд №26)

Сөз табы

Зат есім

Етістік

Сын есім

Сан есім

Қазақстан

жиырма екі

толды

Егеменді

ҮІІІ кезең «Өнерлі болсаң»

« Бес жолды өлең» стратегиясы / слайд №27-28/
Әр топқа бес жолды өлең жазуға сөздер беріледі.
1-топ.
Зат есім: Қазақстан.
Сын есім: тәуелсіз, егеменді, бақытты
Етістік: гүлденді, өркендеді, дамиды.
Сөйлем : Жайнай бер менің Қазақстаным!

Синоним: Отан.

Әр топтан бір оқушыдан шығып, шығарған өлеңдерін оқиды.
Қорытынды
Әділқазыларға сөз беру. Жеңген топты анықтау. Марапаттау.
Ойын толқын жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар.
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып дей отырып бүгінгі сайысымыз аяқталды.



© 2010-2022