Планирование на тему Еңбек - барін жеңбек

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзін - өзі тану 3 сынып
Тақырыбы: Еңбек - бәрін жеңбек.

Еңбек - қуаныш,
Жалқаулық айырылмас азап. (Абай)

Мақсаты: « Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
• еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсіндіру;
• еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту;
• еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Сюжетті суреттер, жеміс ағаштар дәптер,
оқулық, түрлі түсті қағаздар.

Шаттық шеңбері оқушылар шеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі. Өлең жолдарын хормен дауыстап айтады.
Болайықшы осындай (А. Меңжанова)
Жақсы бала еңбекшіл
Ер азамат болады.
Қ - ы
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүлге толады.
Еңбекшіл осындай,
Болайықшы досымай.
- Алдыңғы сабақтарда біз өнер мен білімді игеру мен ақылды болу үшін көп еңбектену қажеттігі туралы қызықты шығармалармен таныстық. Адам еңбектің дәмін тер төккенде ғана жақсы сезінеді. Бүгін біз осы туралы әңгімелесеміз.
Әңгімелесу
Автор пікірі ------------------------------------ Оқушы пікірі
Еңбек адамға не үшін қажет?
Қандай еңбек түрлерін білесің?
Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?
Өзің қандай еңбекті ұнатасыңдар?

Тапсырма
Суреттерге қарап, еңбектің түрлерін атаңдар.
Оқулықпен жұмыс.
Еңбексіз өмір - сүреңсіз Б. Әділов
- Мұғалім мәтінді мазмұндау.
- Оқушыларға оқыту.
Сұрақ - жауап алу.
- Мысалы мәтіндегі Қара пышақ қандай адамға ұқсайды?
- Сары пышақ қандай ісі сендерге ұнады?
«Еңбек - түбі береке» дегенді өздерің қалай түсінесіздер?
Жаттығу - ойлану
Оқушылардың сабақтан ұкқан ойлары жаттығу - ойлану арқылы бекітіледі.
Бізде ойланып еңбектеніп көрейік. Оқушылар екі топқа бөлініп жұмыс істейік.

1. тапсырма: Еңбек туралы мақал - мәтел айту, мағынасын түсіндіреді.
2. тапсырма: Н. Жанаевтың « Еңбек сүйсең»өлеңінің бір шумағын түсіндіріп беру.
3. тапсырма:
• Сергіту сәті. Еңбектің мәнін ұғындыру мақсатында сергіту сәті ұйымдастырылады.
Еңбек.
Н. Жанаев
Гүл өсірсең, терлеп,( Қолдарын кезек - кезек жоғары көтереді)
Мұның аты - Еңбек. (Екі қолын жаяды.)
Кесте тіксең, зерлеп, (Оң қолымен ине ұстап, тіккен қимылды көрсетеді.)
Мұның аты - Еңбек. (Екі қолын жаяды.)
Сабағыңа жөндеп (Жанындағы көршісіне қарап сол қолын жаяды.)
Әзірлесең - Еңбек.
Қиындықтың бәрін (Құшағын ашады.)
Еңбек қана жеңбек ( Екі қолын жаяды.)

Дәйексөз
Тақтадағы дәйексөздің мәні түсіндіріледі.
Абайдың «Еңбек - қуаныш,
Жалқаулық айырылмас азап»
деген мақалының мағынасы түсіндіріледі.
Абай атамыздың бес асыл ісін ата
- Адам, ең бастысы, еңбектенуге, яғни адам бір іске күш - қуатын, ақыл - ойын жұмсауға ерінбеуі керек. Өйткені жалқаулық, еріншек адамның өзін және өмірін тоздырады. Ал ерінбей еңбек етсең мақсатыңа, арманыңа жетесің. Арманың орындалса, өзіңді бақытты санайсың.

Қайдан келдің, бауырсақ? Ө. Тұрманжанов
Сахналау
Еңбектің адам өміріндегі мәнін рөлдік орындалу арқылы түсіндіру үшін сахналау тәсілін қолдану.
Үш оқушы ( автор, қуыршақ, бауырсақ ) рөлдерге бөліп оқиды.

Тапсырма
«Өздеріңнің жақын адамдарың қандай еңбек түрлерімен айналысады?» Әңгімелеп бер.

Жаңа ақпарат.
Оқушыларға еңбек, еңбекқорлық сөздерінің мағынасын ашып түсіндіру.
«Адал еңбектің нәтижесі адамды қуанышқа бөлейді. Адам өз мақсатына ерінбей еңбек еткенде ғана қол жеткізе алады».

• Ойын.
Балалардың денесін сергіту мен жұмыс істеуге дағдыландыру мақсатында «Аралар» атты ойын жүргізіледі. Бір топ бала қол ұстасып, шеңбер жасап тұрады да, үш - төрт бала ортаға шығады.
- Баудағы кім?
- Олар - аралар.
- Ара болсаң, ызыңда
- З - з - з, ж - ж - ж, з - з - з, ж - ж - ж!
- Жұмыс істе, тығылма!
Аралар бір - бірімен сөйлесе бастайды, қандай жұмыс түрлерін көрсеткілерін келеді. «Жұмыс істе, тығылма!» - деген сөзді естіген кезде де тоқыма тоқығандай, ағаш жарғандай, оны аралағандай, еден сыпырғандай қимыл - қозғалыстар жасайды:
Топ - топ ара ұшады,
Үстімен де бұтаның,
Астымен де бұтаның.
Үстімен де бұтаның
Аралардың қимылын қайталайды да: «Тап болсаң бір жалқауға, алып кел оны ортаға!» - деп хормен әндетеді.
Аралар осы сөздерді айта жүріп, өздерінің қимылын қайталай алмаған «жалқауларды» ортаға шығарады да, өздері солардың орнына барып тұрады. Шеңбер жасап тұрғандардың бәрі хормен дауыстап айтады.
Әй - әй, жалқау бұл қулар,
Жалқауды тез қуыңдар!
Сөйтіп, олар жалқауларды қуып шығады.

Дәптермен жұмыс.
Дәптердегі тапсырма оқушылардың еңбек туралы ойларын тереңдету мақсатында түсіндіреді.
«Еңбек бақыт бастауы» тақырыбына әңгіме жазу.

Тыныштық сәті. Үнтаспа тыңдау
Баланың өзінің ішкі күйіне үңілуге, олардың саяхаттан алған әсерлерін сезінуге мүмкіндік беретін тыныштық сәті төмендегідей ұйымдастырылады.

Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тынысалуларыңды ойланып бақытты, махаббат пен тыныштыққа толы таза шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашаңдарда болады.

Қорытындылау
- Адал еңбек адамды қуанышқа сезінуге, өзіне деген сенімділікке жетелейді, бақытқа, байлыққа жеткізеді. Еңбексүйгіш адам айналасына да сыйлы, беделді болады. Әрқашан өз ісімізге адал болып, еңбектің тәтті дәмін сезіне білейік. Адал еңбекті бағалап, қадірлейік.
Жүректен жүрекке
Шеңбер құрып, кезектесіп тілек айтады.
Бір - біріңе еңбектеріңнің жемісті болуына тілек білдіріңдер.
Бақытты бол!
Денсаулығың мықты болсын!
Ел мақтанышы бол!
Еңбектің тәтті нанын сезіне біл. Жетістіктерге жете бер!
Үнемі адал бол!
Еңбекте жемісті бол!
Жүздеріңнен күлкі кетпесін!



© 2010-2022