Математика пәнінен қысқа мерзімді жоспар Белгісіз азайтқышты табуға арналған есептер (1 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қысқа мерзімді жоспар


Пәні: Математика

Мектеп: Шаған ЖОББМ

Күні: 24.02.2016 ж.

Мұғалім: Мухамбетжанова С.О.

Сынып: 1 а

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

Белгісіз азайтқышты табуға арналған есептер

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

1.4.1.2 Сандар мен шамалар арасында қатынастарды =, ≠, >, < таңбаларын қолдану арқылы көрсету.

1.4.1.5 Сандық өрнектердің мәнін есептеуді жазуда «+»,«-» «=» таңбаларын қолдану.

1.4.1.9 Қосынды мен қалдықты табуға берілген есептерді талдау және шығару, санды деректер бойынша және оған кері есеп құрастыру.

1.4.1.10 Берілген саннан бірнеше бірлік артық немесе кем санды табуға берілген есептерді талдау, шығару және кері есеп құрастыра білу.

1.4.1.6 6 + = 10, 10- =4 өрнектерде белгісіз санды таңбамен белгілеуді қолдану.

1.4.1.8 Есептерді шешу үшін тірек схемаларын таңдау.

Табыс критерийлері

Барлық оқушылар білуге тиісті: есептерді шешу үшін тірек схемаларын пайдалануды біледі;

Оқушылардың көпшілігі: есептерді шешу үшін тірек схемаларын пайдаланып, есепті шығара алады;

Кейбір оқушылар: есептерді шешу үшін тірек схемаларын таңдап, кері есеп құрастырып шығарады, оны түсіндіре алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

• берілген сызбаға сүйене отырып, есепті шығаруды үйренеді;

Негізгі термин сөздер мен сөз тіркестері:

Есеп, шарты, сұрағы, шешуі, жауабы, сызба

Сабақта диалог жазу үшін пайдаланылатын тіл:

-Есептің құрамдас бөліктерін ата.

- Бірінші есепті қандай амалмен орындадыңдар? Неге? (қосу амалымен)

- Бірінші есепте бүтін белгісіз. (бүтінді табу үшін, белгілі бөліктерді қосады)

- Екінші есепті қандай амалмен шығардыңдар? Үшінші есепті ше?

Алдыңғы сабақ

Есептің құрамдас бөліктері туралы түсініктері бар.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Басы (0-5мин.)

Ширату.

Санамақ айту.

1,2,3 ал қанекей ұш,

4,5,6,7 мынау ауыл шеті,

8,9,10 ал қанекей қон.

Асықпа да саспа,

Бірден қайта баста.

• монеталары бар конверт;

• А4 форматтағы қағаз;

• маркерлер;

• ламинатталған қағаз парақтары.

Ортасы

(5-40 мин.)





Тура және кері санау.

Толық ондықтармен тура және кері санау.

Ауызша есептеулер (электронды оқулықтан)

10-ға дейінгі сандарды қосу және азайту.

Ой қозғау сұрақтары:

-Есеп дегеніміз не?

-Есептің құрамдас бөліктерін ата.

-Енді үш топқа бөлініп, топ ережесін сақтай отырып, есептің құрамдас бөліктерін сәйкестендіреміз.

-Алдымен топ ережесін құрып алайық.

Топ ережесі:

1.Топ мүшелері ұйымшыл болуы керек.

2.Тәртіп сақтау керек.

3. Тапсырманы мұқият орындау.

4.Уақытқа бағыну. 3 мин

(Т) Есептің құрамдас бөліктерін еске түсіру мақсатында сәйкестендір тапсырмасын орындатамын.

Оларда барлығы неше машина бар? Шешуі

4+3=7 (машина) Шарты

Болатта 4 машина, Арматта 3 машина бар. Сұрағы

7 машина Жауабы

Әр топ өз жұмысын ұсынады. Қалған топтар оларды бақылап, бағалайды.

(Қошемет көрсету)

-Балалар, сендер есептің құрамдас бөліктерін ажырата білесіңдер екен.

-Бүгінгі сабағымызда тірек сызбаларды пайдаланып, есептер шығаруды үйренеміз.

(Т) Есептің мәтіні мен сызбасы дайын ұсынылады. Топ мүшелері тек шешуі мен жауабын қағаз беттеріне жазады. Қағаздағы есепті алған оқушылар оны шеше бастайды.Топтардың қалай жұмыс істеп жатқанын бақылап жүремін. Оқушылардың есептердің сызбасын қалай талдау жасағанына және қалай шығарғанына назар аударамын. Үш топтың жұмысын талдап, берілген есептер өзара кері есептер екенін қорытындылаймын. Жұмыс соңында оқушылар: «Қосу амалымен берілген есепке кері есеп азайту амалымен орындалады және керісінше болады» деген қорытындыға келеді.

Оқушыларға мынадай сұрақтар қоямыз:

- Бірінші есепті қандай амалмен орындадыңдар? Неге? (қосу амалымен)

- Бірінші есепте бүтін белгісіз. (бүтінді табу үшін, белгілі бөліктерді қосады)

- Екінші есепті қандай амалмен шығардыңдар? Үшіншіні ше? (Азайту амалымен. Екі кері есепте де бөлік белгісіз. Белгісіз бөлікті табу үшін, бүтіннен белгілі бөлікті азайтамыз.)

Шешуі:

  1. 6+4=10 машина (Оларда барлығы 10 машина бар)

  2. 10-4=6 машина (Арманда 6 машина бар)

  3. 10-6=4 машина (Ермекте 4 машина бар)

(Ө) Бос орынға тиісті санды қой.

90-□=70 100-□=50

40-□=10 90-□=40

80-□=50 60-□=30

70-□=20 50-□=10

Тақтадағы дұрыс жауаппен тексеріп, бірін-бірі бағалау.

Соңы

(40-45 мин.)

- Бүгін сендер қандай тапсырмалар орындадыңдар?

-Есеп шығару сендерге қиындық тудырды ма?

-Есеп шығаруда сендер нені пайдаландыңдар?

-Бүгінгі сабақ саған ұнады ма, қай бөлігі ұнады?

Кері байланыс "Жаттығу"

-Егер сендер бүгінгі сабақты толық түсінсеңдер екі қолымызды жоғары

көтерейік.

-Егер түсінбеген тапсырмаларың болса, екі қолдарыңды жанымызға созайық.

-Егер тапсырмаларды орындау барысында қиындық туғызған болса, екі қолымызды жанымызға қояйық.

Қосымша мәліметтер

Дифференциация

Кестені толтыру.

Азайтқышты тап.

Бағалау.

Оқушылар сабақ соңында:

• есептерді шығаруда сызбаны пайдалануды меңгереді.

Пәндік байланыстар:

Өнер сабағымен байланысады.

Рефлексия

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды

ма,неліктен?


© 2010-2022