Урок по родной литературе на тему Ақ шаш. Ана. 3 класс

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Видеоуроки
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Нурканова Мадина Салимовна

Бастауыш сынып мұғалімі

Қ.Дамитов атындағы орта мектеп

Үлкен Нарын ауылы

Катонқарағай ауданы

Сабақтың тақырыбы: Ақ шаш. Ана.

Сабақтың мақсаты: Орыс жазушысы В. Сухомлинскийдің «Ақ шаш» мәтінінің негізгі мазмұнын ашу.

Міндеттері:

Мәтіннің мазмұнының мағынасын ұғындыру

Ананы құрметтеуге, сыйлауға, ана сүтін ақтай білу керектігін түсіндіру.

«Ананың көңілі балада,Баланың көңілі далада» екенін білдіру.

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру: Балалар, бүгін біз сабақта балапан бағдарламасында қонақта боламыз.Барлығымыз балапан каналын көреміз бе?

Ендеше қазір бағдарламада «Алақай-балақай» таңғы жаттығулар. Олай болса орнымыздан тұрып бәріміз бірге жаттығу жасаймыз.

Топқа бөліну.Ал қазір суреттер бойынша 3 топқа бөлінеміз.

Келесі бағдарлама бойынша «Бала тілі- бал» айдары.

Видео көру ,тыңдаймыз. Кім туралы деп ойлайсыңдар?

Ол неге күн сияқты деп ойлайсыңдар?

Көп көрмесеңдер сағынасыңдарма?

Ол кім туралы? Әрине ол Ана.

Телеарнада саяхатымызды жалғастырайық.Кәне көрейік қайда келдік? Олай болса балалар бүгін біз сабақта В.Сухомлинскийдің әңгімесі «Ақ шаш» мәтінімен, және Ғ. Ормановтың «Ана» өлеңімен танысамыз.

Авторлар туралы слаид көрсету.Келесі бағдарлама «Сиқырлы кітаптар» айдары.

Мәтінді оқимыз. Балалар келесі қандай бағдарлама екен қарайық.

«Ол кім,бұл не» бағдарламасы . Осы мәтінді түсінгенімізді білу үшін «Ыстық микрофон» ойынын ойнаймыз.

  1. Әңгіме кім туралы. Кейіпкерлерін ата.

  2. Миша анасының басынан не байқап қалды?

  3. Мишаның анасының шашы неге ағарды деп ойлайсың?

  4. Анасының жауабы қандай болды?

  5. Миша ең соңында не деді?

Ал қазір балалар біз топпен жұмыс орындаймыз.

Келесі бізде «Ойлан тап» бағдарламасы.

1-топ Осы мәтінді сахналайды.

2-топ «Ананың көңілі балада,Баланың көңілі далада» осы мақалды қалай түсінесіңдер?

3- топ Аналарыңның басына ақ шаш түспеу үшін не істейсіңдер?

Сергіту сәті. «Биле-биле» бағдарламасы.

Ғали Ормановтың «Ана» өлеңін оқу.

Алдымыздағы кітапша бойынша жұмыс жасаймыз.

Беттерін толтырамыз.

Сабақты қортындылау: Ана туралы монолог тыңдау.

Бағалау. Ананың суреті ілінеді , оқушылар суреттерін жапсырады.Балапанның суретін тарату.

Үйге тапсырма «Ана» өлеңін жаттау. «Ақ шаш» мәтінін оқу, мазмұндау.



© 2010-2022