Математика. 3-сынып. Ауданды өлшеу

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оңтүстік Қазақстан облысы

Ордабасы ауданы

«Төрткүл» жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Жүсіпбаева Ботагөз Сәрсенқұлқызы

3-сынып

Сабақтың тақырыбы: Ауданды өлшеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Аудан және оны өлшеу тәсілдерін пысықтау. Ауданды өлшеудің жаңа бірлігі- квадратметрмен оқушыларды таныстыру.

Дамытушылық : Оқушылардың ой-өрісін , өзіндік іс- әрекетін, дүние туралы танымын дамыту. Пәнге деген қызығушылығын және белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік : Адамгершілікке, сүйіспеншілікке, ұқыптылыққа , табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ жауап ,іздендіру.

Түрі. Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Көрнекілік: тест, геометриялық фигуралар. , сызғыш, метр, ребус, логикалық есеп, математикалық сөзжұмбақ.

Пәнаралық байланыс: ана тілі.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын 9 -теңдеуді тексеру.

Сыныпты 3 топқа бөлу.

І топ. «Көбейту»

ІІ топ. «Бөлу».

ІІІ топ. «теңдік»

-Балалар сабақты бастамас бұрын өткенді еске түсірейік.

Балалар, сендер аудан деген ұғыммен таныссыңдар. Тіктөртбұрыштың,шаршының ауданын таба аласыңдар ма? Кім айтады?
І топ. «Көбейту» кесінділерді өлшеу бірліктерді атаңдар. Сантиметр, дициметр, метр.

ІІ топ. «Бөлу» ұзындықты өлшеу бірліктерді атаңдар. Метр, километр.

ІІІ топ. «Теңдік» Ауданды өлшеу бірліктерін атаңдар. Квадрат см, квадрат дм, квадрат м болады.

ІІІ.Жаңа сабақ.

-Балалар қазақ халқының өмірі мал шаруашылығы, егін егу болғандықтан ертеректе осы шаруашылықтарға сай өлшем бірліктерін дене мүшелері: саусақпен, қадаммен, қолмен, буынмен өлшеудің әдістерін меңгерді. Бұнымен бірге судың тереңдігін,көлем өлшемдерін, уақытты өлшей білген. Азық-түлікке қатысты: бір асым ет, бір уыс, бір шөкім, бір шымшым.
Саусақпен өлшенетін өлшемдер: елі, тұтам, сүйем, қарыс.
Қолмен өлшенетін өлшем бірліктері: білем, шынтақ, қолтық, құлаш, кере құлаш.
Ауырлық өлшемдері: мысқал (5г), қадақ (400г), пұт (16кг), қап (4пұт,64кг) Аудан, көлем және салмақ өлшеуіштері. Ертедегі адам бір нәрсенің ауданын, үлкендігін (көлемін) сөз еткенде, оны да өзіне таныс басқа нәрсенің ауданымен, үлкендігімен (көлемімен) салыстырып, мысалы, аудан туралы айтқанда: "түймедей", "теңгедей", "ат төбеліндей", "алақандай", "туырлықтай", "ауыл", "ауыл аумағындай", деп албір нәрсенің үлкендігін: "жұдырықтай", "ат басындай", "үйдей", "таудай" деп ұсынған.

-Балалар бүгінгі сабағымызда біз квадрат метрмен танысамыз.

Ауданды квадрат сантиметрмен немесе квадрат дициметримен өлшеу қолайсыз болғанда біршама ірі аудан бірлігі квадрат метрді пайдаланады.

Есіңде сақта.

1 м=10 дм 1м=100 см

2=100 дм2 1 м2=10000 см2

4. Оқулықпен жұмыс.

2 тапсырма. Кестені толтыр.

Тік төртбұрыш

Пішінді бет

Ұзындығы

Ені

Ауданы

Сынып бөлмесінің едені.

8 м

6 м

?

Алаңқай

80 м

60м

?

Бақша

80 м

60 м

?

Көбейту тобы. 3 өесепті орындайды. Ауызша.

Сынып бөлмесінің ауданын табады.

«Бөлу» тобына 4 тапсырманы орындайды. Ауызша.

Қабырғасының ұзындығы 6 м шаршы пішіндес бөлменің ауданын табады.

«Теңдік» тобы тапсырманы орындайды .

Қабырғаларының ұзындығы 6 м және 4 м тік төртбұрыш тәріздес бөлменің ауданын тап.

Сергіту сәті жасату .

Қолдарыңды көтеріңдер - бір дейік.

Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.

Қолды создық, басты бұрдық - екі деп,

Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.

Алға, артқа қарадық та - үш дедік.

Тағы жаңа жаттығулар істедік.

Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,

Отырайық көңілді енді марқайтып.

Математикалық жұмбақ.

1. «Үйрек»

Су құып ем астауға,

Үш қаз ұшты аспанға.

Үш қасқалдақ, бір қазан,

Екі үйрек, бір сазан,

Бір көксерек, бір қарға,

Қосылды кеп бұларға.

Айт, неше құс ұшып жүр?

(11 құс.)

6- есеп. Тақтамен жұмыс .

Мотоциклші бір күнде 200 км жол жүрді. Ол осының төрттен бір бөлігін түске дейін жүрген еді.Мотоциклші түстен кейін неше километр жол жүрді.

Шешуі. 208:4=52

7- есеп.

Сауыншы 8 сиырдың әрқайсысынан 6 литр сүт сауып, оны 10 литрлік бидондарға толтыра бөліп құйды. Неше бидон сүтке толды? Тағы бір бидоны толтыру үшін неше литр сүт жетпей қалды?

Шешуі. 12*8=96 л барлық сауылған сүт.

96:10=9 қалд. 6

Демек , сүт толық 9 бидонға құйылған.

Тағы бір бидонға толтыру үшін 4 л сүт қажет. 6+4=10

3 топ жарыса отырып 8 өрнек түрінде жазып орындайды.

а) а: 8+1050

ә)а+ 2070 : 9

б)870-в*6

9- өрнекті 3 топ жарыса тақтаға орындайды.

83417*2+11035:5=

64203:3-72018:9=

7619*5+6120*3=

Логикалық есеп.

Квадрат тәрізді егін жайды периметрі 228 м. Осы егін жайдың ауданы қанша.

Шығармашылық тапсырма.

Салыстыр.

1*8+1=9

12*8+2=98

123*8+3=987

1234*8+4=9876

Қортындылау.

Тест бойынша жұмыс.

1.Есепте : 624:2+ 900-585

2. 7 жүзд. 5 бірл. 5 мыңд 6 ондық.

3.Дециметрмен өрнекте.

3 м 9 дм=

4.Машина 350 км қашықтықты 70 км/ сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Осы қашықтықты жүруге қанша сағат керек?

5.Квадраттың периметрі 20 см. Осы квадраттың ауданы қандай ?

Сабақты қортындылау.

Жеңген топты анықтау, марапаттау , бағалау.

Үйге тапсырма. 9- өрнектің екінші жартысы.

© 2010-2022