Ашық тәрбие сағат Қанатты достар

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық тәрбие сағат Қанатты достар

Илясова А. И.

№18 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.
Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау облысы.

Ащық тәрбие сағаты

Сабақтың мақсаты : Қанатты достар.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың құстар туралы білімдерін кеңейту, олардың пайдасы және құстар жайлы мағлұмат беру. Әлем құстарымен таныстыру.

2. Оқушылардың құстар туралы ой-өрісін , түсініктерін дамыту.

3. Балалардың жауапкершлік сезімдерін дамыту, табиғатты сүйіп , құстарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Құстардың суреті, сөзжұмбақ слайд

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.

Оқушылардың назарын өзіме аударамын.

Кіріспе ; Біздің елімізде көктем шығысымен қайнаған еңбек басталады. Ол еңбектің нәтижелі болуына құстар көмегін тигізеді. Олар зиянды жәндіктерді , құрттарды құртып егін мен орманды қорғайды.

/Құстар әні/

/Мадина/ Құстар, құстар келеді
Жерді шуға бөледі
Көктем келді деп бізге
Жақсы хабар береді.

Ән құрадым әніммен
Сән құрадым гүліммен
Қуантамын бәріңді
Құт - береке күнімен


/ А. Ерлан/ Көктем, көктем, көктемде,
Құстар келіп жеткенде,
Біз қуанып қаламыз
Әнмен қарсы аламыз.

/Мөлдір/ Көктем келді, құс келді,
Күн ұзын, түн қысқа енді
Көктем келді, су ақты
Күннің көзі шуақты
Көктем келді, гүл өсті
Көбелекттер гулесті.

/Мұғалім/Құстар жануарлардың ішіндегі көп тараған түрі. Олардың табиғатта 9мың түрі бар. Тіршілік ету әрекеттері әртүрлі, олар табиғат сақшылары. Құстардың пайдасы өте көп.
- Құстар нешеге бөлінеді? (2 топқа)

Құстар
Үй құстары
Жабайы құстар

Үй құстарына қандай құстар жатады?

Үй құстары : тауық, қаз, үйрек, үндік

Олар адамның көмегінсіз тіршілік ете алмайды.

/шөжелерім биі/

♦ Жыл құстары

Қараторғай, аққу, көкек, қарлығаш, бозторғай

♦ Қыстап қалатын құстар

Қарға, тоқылдақ, сауысқан, көгершін, торғай.
- Неге бұл құстарды «жыл құстары» деп атайды?
- Олар немен қоректенеді?
- Құстар табиғатқа қандай пайда келтіреді?


/ Еркін /Қар су болып жөнелді -
Қалды дала жалаңаш
Күн нұрына кенелді,
Бүршік атып бар ағаш
Келіп көктем құстары
Бау - бақшада ән салды.
Оларды жас достары,
Ұя жасап қарсы алды.

Бейне көктем жырлары
Сағынышпен жеткен
Құстардың әуенімен
Куанта бер көктем
/Жандарбек/
Елімізде 500 - ге жуық құстың түрі бар. Олар табиғатты зиянкестерден қорғайды. Сондықтан олар табиғат емшілері.
/Ақбөбек/
Олар тіршілік иелері. Олар ұрпақ өрбітеді. Балапандарын қанаттандырып, жауларынан қорғайды.

Құстар табиғатқа сән береді. Олардың әуені табиғатты құлпыртып,
адамдардың көңіл - күйін көтереді. Құстардың түрлері өте көп. Оның ішінде жыл құстары туралы әңгімелесек.
/Айсенем/
Жыл құстары дегеніміз - Салқын түсе жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта ұшып келетін құстар. Ол құстарға көкек, қарлығаш, аққу, қараторғай, бұлбұл, тоқылдақ, үйрек, қаз, тырна.
/Аяулым/
Құстар туған жерге топ - тобымен ұшып келіп жатыр. Олар жолда талай қиындықтарды бастан кешіреді. Биік асулардан асады. Өздерінің таныс жолдарынан адаспаған.
/Ақнұр/
Жыл құстарының кейбірінің тіршілік қамы туралы әңгімелейік. Мысалы: қарлығаш - адамға дос. Ол өзінің ұясын үйдің, ауланың айналасына салады. Оның өз әні бар. әні құлаққа жағымды.
/Салтанат/
Қарлығаш адамға саулық, жақсылық тілеп жүретін және қауіп қатерден қорғап жүреді. Үй салуды да адамдар қарлығаштан үйренген.


/ Акмаржан /Тоқылдақты халық орман емшісі деп атайды. Ол ағашты зиянды құрт - құмырсқадан тазартады.

Құртты іздеп ініне
Қарағайды үңгіген
Тоқылдақ құс дәрігер
Қашан да ол әбігер

/У. Ерлан/ ТОРҒАЙ
Білгің келсе көп жайды,
Бақылап жүр торғайды.
Кіп-кішкентай сол құстар
Табиғатты қорғайды.
Пайдалы құс торғайды
Үркітуге болмайды.
Бұзсаң егер ұясын
Қайтып келіп қонбайды.
Кіп-кішкентай торғайды
Жақсы бала қорғайды.
Жасап берсек ұясын
Қыста олар тоңбайды. (Бақыт Исаева)

/Еркін/ КЕКІЛІК
Кекілік - ау, кекілік,
Тау - таста жүрер секіріп
Қауіп төнсе кенеттен
Бұтаға олар бекініп

/Думан/ САУЫСҚАН
Селк етіп сырт дауыстан
Шықылықтайды сауысқан
Атамнаң жиған сымдарын,
Терекке тасып тауысқан

/Нұртілек/ ҚАРҒА
Қарға, қарға, қарғалар
Қар үстінде жорғалар
Екі шоқып, бір қарап
Қара басын қорғалар (Т. Айбергенов)

/Нұрболат/ Мен қараторғаймын
Шегірткеден жұртыңды
Қырғи болып қорғаймын
Егістікке, жайылымға
Қорғаушы болып тұрамын
Жәндіктерді зиянды
Құрттатұғын батырмын
Дайындайтын ұямды
Достарға келе жатырмын

/Ұлболсын/ Құс сұлуы аққумын
Табиғат көркі сыйлаған
Мылтығын кезеп еш мерген
Атуға көзі қимаған
Сұлулықты паш етіп,
Жырлаған талай ақындар,
Нәзік үнді, көл көркі,
Құс патшасы атым бар.

Би «Аққу биі» /

/мұғалім/ Аққу - 30 - 40 жыл өмір сүреді. Ол көрсе көз тоймайтын сұлу құс. Халық аңызына сүйенсек жылан да аққу жұмыртқасына тиіспеген, адамдар да аққуды атпаған. Ол киелі құс. Қазақ сұлу қыздарын аққуға теңеген.

Халық көктем келсе көкек келді дейді. Осы бір құстың аты неге ең тамаша ай атына теңеу келеді екен. Не деген ғажап, көкек деген. Өйткені көкек көктем келе салысымен көкек, көкек деп ән салады. Сондықтан сәуір айы көкек айы деп аталған.



( Құстарға арналған тақпақтар айтылғанда интерактивті тақтадан құстар суреттері көрсетіледі)
/мұғалім Құс - табиғат, өмір көркі. Халық шебер әншісін бұлбұлға, сүйікті азаматын - сұңқарға, кербез сұлуды - аққуға, нашар жігітті - жапалаққа теңеген. Бейбітшіліктің, достықтың белгісі ретінде көгершінді білеміз.
«Кептерлер» әні орындалады
Қазақстанда 500 - ге тарта құстың түрлері бар. Оның ішінде «Қызыл кітапқа» құстың 49 түрі қорғау үшін енгізілді.
Құстардың жеке түрлерінің ауысуын білу үшін нөмірленген сақина салады. Ол сақинаны құс өлгенде ғана алады. Құс қай жерде балапандаса сол жер оның отаны болып табылады.


Қыздар «Құстар» биін биле

- Балалар, енді біз құстар туралы жұмбақтар шешіп көрейік.
Қос қанатын иіп ап
Жарға келіп қонады
Қара киім киіп ап
Балшықтан үй салады (қарлығаш)

Тұмсығымен ояды
Ұя салып қояды
Табыңдаршы балалар
Ол қандай құс болады (тоқылдақ)

Ұшқаны қызық жалпылдап,
Өзі сондай қарқылдақ (қарға)

Күндіз соқыр не деген
Түнде қандай көреген (үкі)

Бүріп қойған сағаттай,
Айқайлайды таң атпай (әтеш)

Еркін самғап ұшсын деп
Мәпелейміз, баптаймыз
Бейбітшілік құсы - деп
Қайсы құсты мақтаймыз.(көгершін)

«Халық болжамдары»

Халқымыз құстардың келуіне, кетуіне қарап болжамдар жасаған. Енді солардың біразына тоқтала кетейік.

Қарлығаш жоғары ұшса, күн жылы болады, ал төмен ұшса жаңбыр жауады.
Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса, су тасқыны болады.
Жаңбыр жауарда қарғалар у - да шу болады.
Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады.
Шымшық ұя салса, қыс қатты болады.
Шағала келсе сең бұзылады.
Жыл құсы қаптап келсе, көктем ерте келеді.

- Құстар табиғатқа қандай пайда келтіретінін білеміз бе?

Көлдің сәні Орман, бау - бақшаның көркі
ҚҰСТАР
Емшісі Табиғаттың әні, сәні
Құстардың пайдасы көп. Олар орман мен егінді қорғайды. Өсімдіктердің тұқымын басқа жерге тарату арқылы адамға көмектеседі.
Қорытындылау:
Құстар - біздің досымыз.
Құстарға қамқорлық жаса, қорға. Көктемде құстарға ұяшық, қапаз жасауды ұмытпайық. Құстарға арнап жасаған ұяға құстар көп қонады. Оларға жем шашып, бақылап, қамқорлық жасаймыз.
Есіңде болсын!
- Құстардың ұясын бұзба, жұмыртқасын жарма.

Құс досымыз, қорғаймыз біз,
Сүп - сүйкімді сүйеміз торғайды біз
Ағаш ұя жасаймыз ақ көңілмен
Қанатты туысқанды қолдаймыз біз.



































© 2010-2022