Әдебиеттік оқу. Тақырыбы: Көжек 3 класс

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақтың тақырыбы: Көжек (Ертегі) Мақсаты: Туған жер, аяушылық жайлы түсінік бере отырып, оқушыны түсініп оқуға, ойлап сөйлеп, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құрып, ой-қиялын тиянақтай білуге дағдыландыру; аяушылық, қорқыныш, мейрімділік сезімін сезе білуге, туған жерге деген сезімін арттыруға баулу. Сабақтың түрі : аралас. Көрнекілік: оқулық, қоянның суреті. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа даярлық,оқушылардың зейінін сабаққа аудару. «Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.» ІІ. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Ертегіні түсініп оқу. Шаруаның көжекке аяушылықпен айтқан сөзін білдіріп тұрған сөздерді тауып оқы. (- Сорлы көжек! Балаға рақымсыз шешең сені тастаған соң, ...). Көжектің қорқынышты халі суреттелген жерді тауып оқы. ( Әрқайсысы қолына бір-бір шыбық жасап алып, ...) Мәтіннің соңындағы көжектің сөзін оқып, оның мәнін түсіндір. ІІІ. Пысықтау: «Жат жерде көзге түрткі болып өлгенше, мұз да болса, анамның тапқан жерінде өлемін!- депті.» қалай түсінесің? Әңгімелеп көр. Туған жердің ыстық, қымбат болатыны жайында бұрын оқыған мәтіндеріңді еске түсіріп көр. (Ж. Аймауытов. «Қартқожаның туған жері», С. Жүнісов «Кімнің мекені жақсы», Ө. Тұрманжановтың өлеңі «Туған өлкем» - 2 кластан; «Туған елім, туған жерім» атты тарауында «Туған ел» өлеңі, С. Мәуленов «Мен елімді сүйемін» т.б. ...) ІҮ. Қорыту: Бүгін қандай тақырып өттік? Не жайлы білдік? Туған жер жөнінде мақал-мәтелдер айт. (Ит тойған жеріне, Ер туған еліне. Туған жердің түтіні де тәтті. Ел дегенде езіліп, Жұрт дегенде жұмылып істе. Туған жерің түсіңе кіреді. Елің- панаң, Жерің-анаң. ...) Ү. Үйге тапсырма: мәтінді түсініп оқу, әңгімелеу. Бағалау



© 2010-2022