Г дыбысы мен әрпі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Г дыбысы мен әрпіГ дыбысы мен әрпіГ дыбысы мен әрпіГ дыбысы мен әрпі

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы «№3 жалпы орта білім беретін мектеп-кешені» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Кутешова Жадыра Серикалиевна

Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы: Г дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:Г дыбысы мен әрпін таныстыру,г әрпі бар сөздерді дұрыс оқыту, «Ақ көгершін» өлеңімен таныстырып, мазмұнын ашу.
Сабақтың міндеттері:1. Г дыбысы мен әрпі туралы түсінік беру.Г дыбыс бар сөздерді буынға бөле отырып, орнын анықтау.

2.Г дыбысын білдіру арқылы оқушылардың тіл байлығын, ой - өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3.Ұқыптылыққа, жинақтылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс - тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап, ой қозғау, ой қорыту, топтастыру,талдау.
Көрнекілігі: суреттер, буындар, сөздер, көгершін макеті, үнтаспа, кеспе әріптер,слайд
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
Сабаққа зейіндерін аударту.
Психологиялық дайындық

Қайырлы таң достым,

Қайырлы күн болсын!

Аптаның әр кезі

Сәттілікке толсын.

Біздің алар бағамыз

Кілең бестік болсын.
2. Үй тапсырмасын пысықтау.
а)«Кім кінәлі» өлеңін мәнерлеп оқу.

Суретпен жұмыс:ә) Өлең мазмұнымен жұмыс

  • Өлеңнің авторы кім?

  • Өлеңдегі балалардың атын ата.

  • Мұғалім баллардан не деп сұрады?

  • Кінәлі кім?

  • Елеместің ісі дұрыс па?

3. Өткенді қайталау . Ойын «Құрастыру»

1. Тақтада қандай әріп жазылып тұр?Өткен сабақта қай әріпті өттік? (Ү)
2.Ү дыбысы қандай дыбыс?(Жіңішке дауысты)

3. Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай?(Дыбысты айтамыз, естиміз; әріпті жазамыз, көреміз)
4. Тақтада қандай сөз жазылған?(Үкі)
5. Үкі деген сөзде неше дыбыс бар?(барлығы үш дыбыс, оның екеуі дауысты, біреуі дауыссыз)
6.Үкі деген сөзге сөйлем құрастырайық? Сызбасын тақтаға сал.Сөйлем қалай жазылады?

7.Үйрек, үйшік, күй,түлкі сөздерін буынға бөл.

8. Төмендегі сөздерге дыбыстық талдау жаса.Тақтаға жаздырту.

Күміс,түйме,жүрек,Үсен,үміт сөздеріне дыбыстық талдау жаса.

9. Ү дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?

- Балалар, сұрақ - жауап арқылы нені құрастырдық?
- Гүл құрастырдық.
- Барлығың гүл деп айтып көрейікші. Гүл деген сөз бе, сөйлем бе?
- Гүл сөзінде неше дыбыс бар?(Үш дыбыс)
- Гүл деген сөзде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?(Г)

- Гүл сөзіне сөйлем құра.Сызбасын сал.

- Гүл не үшін керек?
3. Жаңа сабақ:
Балалар, олай болса біз бүгін «Гүл» дегенде келетін Г дыбысымен танысамыз. «Г» дыбысы мен әрпін көрсету.(Қай дыбысқа ұқсайды?)

«Г» әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру.Г дыбысын үш рет айтқызу. Қалай айтылады?

- Қандай дыбыс деп ойлайсыңдар? Неліктен?

Суретпен жұмыс:Суреттегі заттарды атап, буынға бөліп, орнын анықтау.

Оқулықпен жұмыс:Бағандағы сөздердің мағыналарын түсіндіре отырып, хормен буынға бөліп оқыту.«Г» дыбысына берілген бағандағы сөздерді оқушыларға тізбектей оқыту. Е гін-егіс алқабы,бидай егетін алқабы.
Е геу-үйге қажетті қолданылатын құрал.
Е гіз-бірге туған екі адам.
Се гіз- сан:жетіден кейін келетін.

Ке ре ге -киіз үйдің бөлігі «шаңырақ,уық кереге»
Бе те ге «шөптесін өсімдік қазақта «бетегеден биік, жусаннан аласа» деген мақал бар.
Ше ге- күнделікті тұрмыста қолданылады, ағашты бір-біріне біріктіру үшін шеге қағады.
Не ге- сұрақ.
Шең гел- тікенді өсімдік.
Мез гіл-уақыт, жылдың төрт мезгілі бар.

- Г дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?(оқушылар айтады)

Г дыбысы жанындағы дауысты дыбыстарға қарайық, г дыбысынан кейін не алдында жіңішке дауысты жазылады)
Сергіту сәті:
Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап демалам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.
Оқулықпен жұмыс кезеңі

Тақтадан ненің суретін көріп тұрсыңдар?(көгершін)

Кеспе әріптерден көгершін сөзін құра.

  • Көгершіннің түсі қандай?

  • Көгершін қандай құс (бейбітшілік құсы, хат тасушы құс)

  • Балалар бүгін біз көгершін туралы бекер айтпадық.Біз Н. Баймұхамедовтың «Ақ көгершін» өлеңімен танысамыз.(автор тура мәлімет беру)
    «Ақ көгершін»өлеңін мәнерлеп оқып беру.Оқушыларға оқыту. Мағынасына тоқталып өту.

Дәптермен жұмыс кезеңі

Дәптерімізді ашайық

Қолға қалам алайық.

Жалқаулықтан қашайық,

Әдемі етіп жазайық.
- Г әрпінің элементтерімен таныстыру.
- Ауада жазып көрсету.
- Тақтаға үлгі көрсету.

Дәптерге Г әрпін жазып үйрену.
4. Сабақты бекіту
1 - қатар «Жоқ буынды тап» ойыны

Ше..., өшір..., іл..., се..., бәй....

2 - қатар «Сөздерде неше буын бар» ойыны

мерген, ертегі, көгершін, ілгіш, гүл.
3 - қатар «Буындардан сөз құра» ойыны
Әң, гі, ше, ге, не,ме, мез, гіл, кө,шін, гер.
5.Сабақты қорытындылау

Топтастыру Жіңішке дауыстымен

Г дыбысы

әрпідауыссыз тіркеседі

дыбыс

сөздің басында , айтылғанда кедергіге

ортасынды ұшырайды.


Оқушыларды мадақтау.Өте жақсы жауап берген оқушыларға қызыл гүл, жақсы жауап берген оқушыларға көк гүл беремін.
Үйге тапсырма: «Ақ көгершін» жаттау, жазу үлгісі дәптерге жазу, дыбыстық талдау жасау.



© 2010-2022