Бабалар ізімен сынып сағаты

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Күні: ___ қыркүйек 2015 жыл Тақырыбы: «Бабалар ізімен» Мақсаты: 1. Ұрпақ бірлігі мен сабақтастығын, ата-бабамыздан аманат болған ұлттық салт- дәстүрімізді, меңгерту, қазақ хандығының 550 жылдық тарихын түсіндіру.
  1. Оқушылар қазақ хандығы жайлы білім деңгейін,
шығармашылық ізденістерін шыңдау.
  1. Отаншылдыққа, бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу.

Түрі: әңгімелеу, сұрақ-жауап алмасу Көрнекіліктер: нақыл сөздер, ел рәміздері, баспасөз материалдары, киіз үйдің ішкі көрінісі, шарлар, техникалық құралдар, Өткізілу барысы:
  1. Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
  • Ән: "Елім менің" (оқушылар орындайды)

ІІ. Кіріспе. Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар, биылғы жылдың еліміздің тарихындағы, халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше. Биыл біздің мемлекетіміздің, яғни Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Бабалар ізімен...».Сабақ қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналады.
Жаңа сабаққа дайындық ІІІ. Сұрақ- жауап алмасу
  • балалар, теледидардан, радиодан естідіңдерма, ҚР президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған 2015 жылғы жолдауы қалай аталады? («Нұрлы жол болашаққа бастар жол»)
  • 2015 жылы қандай атаулы мерейтойлар тойланды? (қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығы, Ұлы жеңістің 70 жылдығы).
  • ҚР мемлекеттік тілі ? (қазақ тілі)
  • Ресми тіл қандай тіл? (орыс тілі)

ІҮ. Негізгі бөлім
-Жалғассын бүгінгі той- мерекеміз, Шайқалып төгілмесін берекеміз Ел сенімін арқалаған шәкірттердің, Істерін әрқашанда үлгі етеміз. Ұлы бұлт торламасын көгімізді, Сақтайық өзен, тоғай, көлімізді. Бөлейік жасыл желек ну егіске Сан ұлтқа сая мекен жерімізді.

Қорытынды «Қазақтың бүкіл тарихы - бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық» - деппрезидентіміз Н.Ә.Назарбаев айтып өткендей бұл ғасырда өмір сүріп отырған барша ұрпақ ғылым, білім саласында өзіндік жол салар дара ұрпақ болуы тиіс. Олай болса болашаққа нық қадам жасау бүгіннен басталады.



© 2010-2022