Жол жүру ережесін сақтайық!

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жолың болсын, балақай!

Мақсаты: көшеде жүру ережесі, көше қиылысы, бағдаршам, жол белгілері, қоғамдық көліктегі тәртіп ережелері туралы білімдерін бекіту.

Көрнекі құрал: жол белгілері, әр түрлі суреттер.

Сөздік жұмыс: көше қиылысы, қарама-қарсы баыттағы жол қозғалысы.

Сабақ барысы.

  • Балалар, қазір қай жыл мезгілі?

  • Балалар жауабы

  • Қыстан кейін жылдың қай мезгілі келеді?

  • Көктемде, жазда сендер қандай ойындар ойнайсыңдар?

  • Балалар жауабы.

  • Доп туралы тақпақтарыңды айтып беріңдерші

Доп.

Добым, добым, домала,

Балшыққа тек жолама.

Бүлдіресің қолымды,

Ұнатпаймын оныңды.

Секіріп өт жолданда,

Секіріп өт ордан да.

Қуса күшік жетпесін,

Машина басып кетпесін.

  • Балалар, не басып кетпесін дейді?

  • Допты жол жиегіне ойнауға болады ма?

  • Мына суреттерден нені көріп отырсыңдар?

  • Оларды бір сөзбен қалай атауға болады?

  • Көліктерді неше топқа бөлеміз?

  • Егерде біз көлікте отырмай жаяу жүрсек, онда бізді кімдер деп атайды?

  • Жаяу жүргінші.

  • Жаяу жүргінші де жол тәртібіне бағыну қажет.

  • Жаяу жүргінші қай жермен жүрген дұрыс?

  • Жаяу жүргіншілерге арналған жолмен.

  • Жүргіншілер көшенің қай жерімен өте алады?

  • Балалар, енді жұмбақты мұқият тыңдаңдар

Жұмбақ

Менің үш көзім бар.

Бір көзім кідір, - дейді,

Бір көзім жүгір, - дейді.

Бір көзім абайла, - дейді,

Қарап ал, маңайға, - дейді.

  • Бағдаршам

  • Бағдаршамда неше көзі бар?

  • Үш көзі

  • Қандай түстер?

  • Жасыл, қызыл, сары

  • Жасыл көзі нені білдіреді?

  • Жүр

  • Сары түсі ше?

  • Абайла немесе дайындал

  • Қызыл түсі?

  • Тоқта.

  • Өте жақсы.

  • Тағы бір жұмбақ, мұқият тыңдаңдар.

Жұмбақ

Қарашы күшін керемет,

Көше тәртібін сақтар тұр.

Сілтеп еді оң қолын,

Дәу машина тоқтап тұр. (жол полициясы)

  • Сендер жол бойында тұрған белгілерді көрдіңдер ме?

  • Балалар жауабы.

  • Бұлар - жол белгілері деп аталады.

  • Қазір жол белгілерін еске түсірейік. Жол белгілерін балаларға көрсетіп, түсіндіру.

  • Біз жаяу жүргіншіден жолаушыға айналамыз. Біз автобусты қай жерден күтеміз?

  • Автобус аялдамасында.

  • Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.

Жұмбақ.

Бұл неғылған үлкен үй,

Айналасы көп терезе.

Аяғында етігі резеңке,

Ал өзі бензинге тойып алған.

  • Жауабы автобус.

  • «Жолың болсын, жолаушы» атты өлеңді оқып беру.

  • Біз көлікті оның ішінде қоғамдық көлікті жиі пайдаланғандықтан ондағы ережелерді еске түсірейік:

а) көлікке кірген кезде бос орынға ұмтылмай, алдымен жан жағыңа байыппен қарап ал, себебі сенің қатарыңда үлкен адам немесе балалы ана тұруы мүмкін.

ә) көлікте орын таңдап, бейбастық көрсетпе, кез келген бос орынға отыруың керек.

б) көлік жүріп келе жатқанда , жүргізушіні алаңдатуға болмайды.

в) терезеден сыртқа асылуға тыйым салынады,бұл - өте қауіпті!

г)көлікте қатты сөйлеуге болмайды, басқа жүргіншілерге кедергі жасайсың.

Жағдаяттарды шешу.

Абзал әкесімен автобусқа кірді.

Абзал алдына қарай ұмтылып, қолайлы бір орындықты таңдап: «Әке мен саған орын алып қойдым, тез кел», - деп айқайлады. Адамдардың барлығы оған таңдана қарады, ал әкесі оның құлағына сыбырлады. Әкесі Абзалға не деп айтты деп ойлайсыңдар?

  • Балалар берген жауаптарыңа көп рахмет.

© 2010-2022