Ознакомление с окружающим миром

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тауағаш орта мектебі












Ашық сабақ

4 сынып

Тақырыбы: «Қазақстан табиғатын қорғау»



Бастауыш сынып мұғалімі: Сиванбаева Ш.Е.











2012-2013 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан табиғатын қорғау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік- Қызыл кітапқа енген сирек жануарлар мен өсімдіктермен танысуы. Қорықтар жайлы мәліметтер беру.

Дамытушылық - қосымша тапсырмалар, жұптық жұмыстар арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Өздігінен жұмыс істеп қорытынды шығаруға машықтандыру.

Тәрбиелік - оқушылардың өсімдіктер мен жануарлар әлеміне деген сүйіспеншілігін ояту, қоршаған ортаға қамқор болуға тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері:

  1. Кейбір құрып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктермен таныстыру. Олардың жойылу себебін, қорғау шараларымен таныстыру.

  2. Қоршаған ортаны қорғауға арналған экологиялық ережелерді сақтау керектігін түсіндіру.

Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, қима қағаздар.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың дайындығын қадағалау, сәлемдесу, сәттілік тілеу.(1слайд: дәптерге жазу)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Жұптағы жұмыс:

І жұп:шалғын өсімдіктері мен жануарлары

ІІ жұп:дала өсімдіктері мен жануарлары

ІІІ жұп:орман өсімдіктері мен жануарлары. Орманның шаруашылықтағы маңызы?

ІV жұп: су қоймаларындағы өсімдіктер мен жануарлар. Су қоймаларының шаруашылықта маңызы?

ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. (4-5 слайд)

IV. Шыңға шығу.

1. Қазақстанда шаруашылықтың қандай түрлері дамыған?

2. Егіншілікпен еліміздің қай аймақтары айналысады?

3. Біздің өлкеде қандай дақылдар өсіріледі?

4. Топырақ құнадыр сақтау үшін не керек?

5. Орманның адам мен жануарлар өміріндегі маңызы?

6. Киелі құсты ата?

7. Еңбекқор жәндікті ата?

8. Қыста ұйықтайтын жануарларды ата?

V. Оқулықпен жұмыс(6 слайд)

Оқулықта 66-67 бет. Тізбектей оқу арқылы мазмұнын меңгеру.

VI.

Ознакомление с окружающим миром.

Қызыл кітап қалай және не үшін құрылғаны туралы мәлімет. Өсімдіктер мен жануарларды жүйелеу сызбасы.

VII. Сөзжұмбақ шешу. Қорық тақырыбына (8слайд)Ознакомление с окружающим миром.

Сұрақтарға жауапты оқушылар тақтаға шығыпа жазады.

  1. Мысыққа ұқсас, құлағы қара Қызыл кітапқа енген жануар?

  2. Аңшылардың әрекетінен 1947 жылы тоғайдан, еліміздің жерінен құрып кеткен жануарлар?

  3. Ағаштар топтасып өсетін жер?

  4. Шөлді жерде мекендеп, жойылып кеткен жануар?

  5. Сирек кездесетін, Қызыл кітапқа енген құс

  6. Слайдтағы картамен жұмыс(10 слайд)Ознакомление с окружающим миром.

VIII.Жұптармен жұмыс

І жұпқа: жойылу алдында тұрған жанаурлар орны?

ІІ жұпқа: сирек құрып бара жатқан өсімдіктер?

ІІІ жұпқа: адам табиғатты қорғауға қандай үлес қосады?

ХІ.Қабілетті оқушылармен жұмыс: эссе өлкеміздің табиғатын қорғау.

Топтағы жұмыстарды қорғау

Х.Сабақты қорытындылау:Табиғат жанашырларының ережелері:

  • Ормандағы және шалғындағы гүлдерді жұлма

  • Табиғатқа серуендеу кезінде айқайлама

  • Жануарларды себепсіз өлтірме

  • Бұталар мен ағаш бұтақтарын сындырма

  • Суқоймаларды ластама

«Қазақстан - 2050» стратегиясы.

ІІ. ХХІ ғасырдың он жаһандық сын-қатері.Алтыншы сын-қатер табиғи ресурстардың сарқылуы. Бізге өз табиғи байлықтарымызға деген көзқарасымызды ой елегінен өткізудің принціпті маңызы бар.

(16-17 слайдтар)

ХІ.Үй тапсырмасын беру: 66-67 бет

ХІІ.

Тауағаш орта мектебі

4 сынып

Ашық сабақ: «Қазақстан табиғатың қорғау» тақырыбында Дүниетану пәнінен

Оқушыларды бағалау парағы


Аты-жөні

Жұмыс түрі

Баға

Үй жұмысы

Топтағы жұмыс

Сұрақ- жауап

Шығармащылық жұмыс

1

Ақжолова Айғаным

2

Айтжан Мади

3

Еркін Сайпи

4

Жанибеков Айдын

5

Нұран Нұрислам

6

Рүстемов Нұрболат

7

Серғали Зухра

8

Шаймолда Дильназ



Пән мұғалімі: Сиванбаева Ш.Е.


2012-2013 оқу жылы


© 2010-2022