Мектепалды дайындық тобында математикадан ашық сабақ

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Геометриялық фигуралардың құрылымдық элементтері туралы түсінік.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Геометриялық фигуралар және олардың қасиеттері туралы білім - білік дағдыларын кеңейту. Фигураның ауданын периметрін, көлемін табуды еске түсіріп, білімдерін тиянақтау. Ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру
Дамытушылық мақсаты: Геометриялық фигураларға байланысты логикалық есептер шығарту
Тәрбиелік мақсаты: Ұлттық ойындар арқылы ұлттық дәстүрді бала бойына сіңіру. Наурыз мейрамы арқылы салт - дәстүріміздің тәрбиелік мәнін түсінуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: геометриялық пішіндер, үлестірме қима қағаздар, кесте.
Сабақтың әдісі:
а) топпен жұмыс
б) халықтық педагогика элементтері.
Сабақтың түрі: сайыс түрінде өткен сабақты бекіту

Сабақтың жүрісі:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, танысу
Балалардың - құралдарын түгендеу.


2.Психологиялық дайындық
Ғылымның сырын ұғына,
Шығамыз биік шыңына.
Тапқырлық пен зеректік
Жеткізеді біздерді
Математика сырына.


3. Өтілген тақырыпты еске түсіріп алу

4. Қызығушылықты ояту
Көктем туралы, наурыз туралы қысқаша әңгіме
Ұлттық дәстүрдің бірі ұлттық ойындар туралы мәлімет алып, бүгінгі сабақта ұлттық ойындарды ойнаймыз. Ойын шарты бойынша сендер математикадан алған білім - деріңді көрсете аласыңдар. Олай болса мен сендерге сәттілік тілеймін.

Тәрбиеші:

Сәлеметсіңдерсе балалар. Біздің бүгінгі оқу іс-әрекеіміз өзгеше түрде өтеді.Бүгі сендер топқа бөлініп алған білімдеріңді қонақтарымызға көрсетесіңдер.


1. (слайдтан геометриялық фигураларды атату)
1 - сұраққа жауап бергендер І - топ
2 - сұраққа жауап бергендер ІІ - топ


Сұрақтар:
1. Қай геометриялық фигураның қабырғалары болмайды?
2. Қарама - қарсы қабырғалары болатын геометриялық фигура қалай аталады?

№1 тапсырманы орындап, топқа бөлініп, сабақтың тақырыбын анықтадық.


5. Мағынаны тану
«Кім тез құрастырады»ойыны.Ойын туралы қысқаша түсінік.
№2 тапсырманы орындап, сөйлемді аяқтаймыз
а) қабырғалары жоқ пішінді ... деп атаймыз

б)үш қабырғасы бар пішінді... деп атаймыз

в)қыздардың көйлегінің етегіне ұқсайтын пішін...деп аталады

г)асты дөңгелек, бірақ көрігісі үшбұрыш секілді пішінді...деп атаймыз
«Бәйге» ойыны (слайд)
Ойын туралы қысқаша түсінік. Бұл жарыста нағыз сәйгүліктер жеңеді
І - топ


ІІ - топ

Үлестірме қағаздармен жұмыс

«Көкпар» ойыны
Ойын туралы қысқаша түсінік. Қай топ тез орындап болса көкпар солардікі.
6. Сергіту сәті
«Тымақ ұру» ойыны
«Ақсүйек»ойыны
Ойын туралы қысқаша түсінік.
Дәптермен жұмыс
№5 тапсырма
а) әр топтың ұлдары ә) әр топтың қыздары орындайды.

Тақтада орындау.

Кеспе қағаздағы мысалдарды балалар тақтаға жазып орындайды.
«Лақша секіру»ойыны(слайд)
Ойын туралы қысқаша түсінік. Бұл тапсырманы орындап лақша секіріп келесі тапсырмаға өтіп кетеміз.
№6 тапсырма
«Жылдырт - жылдырт» ойыны. Ойын туралы қысқаша түсінік.
№7 тапсырма
а) жазбаша дәптерге орындату
ә) ауызша
7.Қорытындылау:
Не білемін? Не үйрендім? Үйренгім келеді?





Ашық сабақ:

Тақырыбы: Геометриялық

фигуралардың құрылымдық

элементтері туралы түсінік.



Тиленова С.Б.



© 2010-2022