- Преподавателю
- Начальные классы
- «Интеллектуалдық дағдыны қалыптастыру арқылы оқушылардың логикалық ойлауын дамыту»
«Интеллектуалдық дағдыны қалыптастыру арқылы оқушылардың логикалық ойлауын дамыту»
Раздел | Начальные классы |
Класс | - |
Тип | Другие методич. материалы |
Автор | Матаева А.Б. |
Дата | 04.10.2014 |
Формат | docx |
Изображения | Есть |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан облысы Зырян қаласы «№ 9 орта мектеп » КММ
«Интеллектуалдық дағдыны қалыптастыру арқылы оқушылардың логикалық ойлауын дамыту»
(педагогикалық кеңеске баяндама)
Матаева Аглиман Бултукановна
Бастауыш сынып мұғалімі
2012-2013 оқу жылы
Интеллектуалдық дағдыны қалыптастыру арқылы оқушылардың логикалық ойлауын ХХI ғасырда әлемдік өркениет төрінен орын алуы үшін, Қазақстанның жан-жақты дамуының бірден-бір жолы, ғылымды әр қырынан меңгеру қажет болып отырғаны белгілі. «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдың бірі» -деген елбасы өзінің жолдауында. «Қазақстан Республикасындағы 12-жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасында»: «Қазақстан қоғамындағы өзекті мәселелердің бірі- өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға шығады: креативтілік, белсенділік, әлеуметтік жауапкершілік, ой-өрісінің кеңдігі, танымдық әрекетке қызығушылығының сауаттылығы» деп айқын көрсетілген.[1,3] Бүгінгі күннің өзекті мәселесі адам ресурстарын арттырудың ұстанымдарын, шығармашылық ойлауды қалыптастырудың теориясын басшылықққа ала отырып әлемдік бәсекелестікке лайықты жаңа тұлғаны субъект ретінде тәрбиелеу болып отыр. Кез келген мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік гүлденуі мен қауіпсіздігі халықтың білімі мен интеллектілік ресурстарымен тікелей байланысты. Интеллектуалды ұлт болу тар шеңбердегі ұғым емес, оның түпкі мақсатында ұлттық негіз, ұлттық рух, ұлттық болмыс жатыр. Ұлттың сапалық құрамын арттыру тек қан тазалығын жақсартумен ғана шектелмейді, бұл жерде рух тазалығын тәрбиелеудің де маңызы зор. Ал оның түп негізінде инновациялық терең білім алу қажеттілігі мен технологиялар әлемінде қабілеттілік таныту сұранысы тұр. Интеллект (лат. іntellectus - таным, ұғыну, аңдау) - жеке тұлғаның ақыл-ой қабілеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты. Алғашында бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын белгілесе, казіргі кезде оған барлық танымдық үрдістер кіреді. Интеллект - адамның болмысты тануының негізгі нысаны. Интеллект - ақпаратты мақсатты бағытта қайта өңдеуге, реттеуге, оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті. Интеллект функциялары:
- оқуға деген қабілеттілік;
- қоршаған болмысының заңдылықтарын белсенді меңгеруге қабілеттілік. Бірқатар психологиялық тұжырымдамаларда интеллект ақыл-ой операцияларының жүйесімен теңестірледі.
- абстрактылы интеллект,
- ересектер зияты,
- нақты интеллект,
- кристалданған интеллект,
- қарапайым интеллект,
- жануарлардың зияты,
- жасанды интеллект.
- барлық логикалық ойлау операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастыру;
- ойлау белсенділігін, өзбеттілігін дамыту.
- Бастауыш сынып баланың логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі деп есептеледі. Өйткені логикалық ойлау кейінірек бейнелік ойлаудың негізінде қалыптасады, ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіндік береді.Әйтседе бұл баланы қайткенде де, неғұрлым ертерек логикалық «жолға» шығару дегенді көрсетпейді. Біріншіден, ойлаудың логикалық формаларын игерудің өзі ойлаудың логикалық жетілген бейнені формалары ретінде игерілмейінше, толық құнсыз күйде қалып отырады. Дамыған көрнекі схемалық ойлау баланы логика табалдырығына жеткізеді. Екіншіден, логикалық ойлауды игеріп болғаннан кейін, бейнелік ойлау өзінің мәнін ешбір жоғалтпайды.
- Тәжірибе барысында жасөспірімдерде ой тұтастығының сақталмауы байқалады. Мұндай қателерді болдырмау үшін оқушының ой жүйелігінің қажеттігін сезінуіне көз жеткізудің амал - тәсілдерін тауып, орнықты ой түйіндеуге жетелеу қажет.
- Ал оқушылардың ойлауын дамытып, дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйрету - математика сабағының міндеті.
- есепті, жаттығуларды талдай білу іскерліктерін қалыптастыру;
- сызба графиктік модель бойынша есеп объектілерінің арасындағы байланыстарды түсіндіру;
- Есептегі нақты заттарды оның моделімен ауыстыру;
- Пәнге деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру;
- Сыныпқа дұрыс психологиялық жағдай орнатуға мүмкіндік туғызу.
- Оқу процесіндегі осындай іс-әрекеттердің арқасында қоғам талап етіп отырған шығармашылық қабілеті жоғары, өз ойын жүйелі де ашық айта алатын, қоғамға еркін сіңетін, өндіріске белсене араласатын азамат қалыптасады. Оқу материалын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады.Сондықтан да мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады.
- Дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп, ал ой қорытындыларының обьектив пікірлерге негізделетін процесі логикалық ойлау деп аталады.
-
Оқыту арқылы ойлаудың төмендегі сапаларын дамытуға ықпал етуге болады:
1.Ойлаудың икемділігі.
2.Ойлаудың тереңділігі мен кеңділігі.
3.Ойлаудың сынилығы.
4.Ойлаудың мақсаттылығы.
5.Ойлаудың жалпылығы.
6.Ойлаудың өз бетіншелдігі.
7.Анықтылығы,дәлелдігі.
Ойлауға тән осы сипаттар оқушылардың ойлауының мәдениетін көтеруге, олардың интеллектуалдық потенциалын дамытуға көмектеседі. - .
Бұл жағдайда оқушы есіне үлкен көлемдегі ақпараттарды сақтай алады, бірақ оны пайдалана алмауы да, құрғақ жаттап алған материалдың мазмұнын жете түсінбеуі де мүмкін. Міне осы жерде ойлау мәдениетіне үйрету керек болары сөзсіз.
Әрине, оқушы білімді меңгеру кезінде ойлау әрекетінің белгілі бір тәсілдері мен әдістерін меңгереді, бірақ мұндай стихиялы, жүйесіздік жеткіліксіз екендігі анық. Бұл мәселені қалай шешуде педагог психологтардың көзқарастары әртүрлі, біреулері оқытуды өз бетінше ойлауды дамытатындай етіп ұйымдастыру керек деп есептейді,егер соңғы нәтижесінде оқушылар дұрыс ойлау мәдениетіне үйренетін болса, бұл жерде түбегейлі айырма жоқ.
Жақсы өңделген және берік тұрақталған әдістердің қалыптасуына әкелетін ақыл-ой дамуының аса маңызды жағын құрайды. Бірақ бұл пікір жалпылама сипатта ғана, себебі нақты әдіс-тәсілдері сан алуан, әр текті болып келеді. Бұл жерде біз ойлау мәденеитіне тоқталамыз.
Соңғы кездердегі педагогикалық ізденістерде ақыл-ой біліктерінің мақсатты түрде дамуына ойлау әрекетінің арнайы қалыптасуына ерекше назар аударылуда, яғни ойлау дағдыларына үйретуге, танымдық ізденіс процестеріне ден қойылуда. Бұл ізденіс басталғаннан бері педагогикалық тәжірибеде әртүрлі оқу курстарына ақыл-ой дамуына байланысты тапсырмаларды енгізуге ұмтылыс жаппай сипат алды. Мамандар мен оқытушыларға жаппай бағдар беру мақсатында ойлаудың білік-дағдыларының ортақ көрініс көрсету үшін ортақ үрдісіне мақсатты түрде қалыптастырылуға тиіс осы ойлау машықтарының бірыңғай үлгісі жасалды. Ақыл-ой/интеллектуалдық/ дағдыларының орталық тірегі, діңгегі болып ойлау белгіленеді. Оқушылардың ойлауын дамытып, дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйретудің жолы логикалық тапсырмалар орындату. Осындай тапсырмалар, әдетте, тосын, болжауға келмейтін және қарапайым болады. Оқушылар мұндай есептерді зор ықыласпен шығарады және өздігінен анализ жасауға үйреніп, өз жұмыстарының қорытындыларын жалпылауға, салыстыруға дағдылана бастайды. Мен оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда мынандай талаптарды басшылыққа алдым:
- Сабаққа оқушыларды түгелдей қамту;
- Жеке дара қасиеттерін ескере білу;
- Іс-әрекетке қызықтыра білу.
Тапсырмалар Нәтижесі 1. Ми қозғау жаттығулары Ми жұмысы және көру жүйесі жақсарады. Шығармашылық жұмыстардың көрсеткіштері артады. 2. Ойлау сәті Оқушылардың пайдалы эмоционалдық негізі қалыптасады, танымдық мүмкіндіктерін дамытуға көмектеседі. 3. Психикалық механизмдерді жаттықтыру Есте сақтау қабілетін дамытып, зейінін тұрақтандырады. Қызығушылығын арттырып, байқағыштыққа баулиды. 4. Көңілді үзіліс Баланың қозғалыс икемін дамытады және бір мезетте бірнеше тапсырманы орындауға үйретеді. 5. Логикалық тапсырмалар Ізденімпаз болуға, тың шешім қабылдай білуге дағдыланады. Өзіңе деген сенімділік қасиетін арттырады.
Өткен оқу жылы мен былтырғы оқу жылының қорытындыларын салыстырғанда оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерінің деңгейінің өскенін, кейбір оқушылардың жағдайлары өте жақсы көтерілгені байқалды.
№ Көрсеткіш 2012-2013 оқу жылының басы
2012-2013 оқу жылының аяғы
1. Жоғары деңгей
2. Орта деңгей
3. Төмен деңгей
Осы жұмыстардың нәтижесінде биыл осы мектепте бірінші жыл жұмыс істеп отырсам да бірнеше оқушыларым мектепішілік олимпиадаға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Облыстық «Дарын» орталығынан келген интеллектуалдық «Айналайын» конкурсынан 4 оқушы ІІ-орынды, 1 оқушы ІІІ-орынды,облыстық интеллектуалдық «Асыл тас» сайысынан 1 оқушы 3- орын, аудандық пәндік олимпиадада 2 оқушы-1, 1 оқушы-2 орын, аудандық «Жас зерттеуші» кіші ғылыми жоба сайысынан техика, физика бағыты бойынша 2 оқушым «Цифрлар және сандар» тақырыбынан қорғаған жобадан -3 орын, «Өзін өзі тану» пәні бойынша ұйымдастырылған сайыста «Ардақтайық ата-ананы» тақырыбында жоба қорғаудан 1 оқушым-3 орын иеленді. Сондай- ақ аудандық «Дарын» орталығы ұйымдастырған бастауыш сыныптардың «Интеллектуалды лабиринт» сайысына мектептен қатысқан команда құрамына 1 оқушым кіріп, сайысқа қатысты.Нәтижесінде мектеп 2- орынды иеленді. Баланың интеллектуалды шығармашылық дағдыларын бірден дамыту мүмкін емес. Сол себептен логикалық тапсырмаларды жүргізу кезінде оқушылардың бойында мынандай өзгерістер байқалды: - қорқыныш пен қате жасап қоямын-ау деген мазасыз ойлар төмендеді; - тұрақтылық пен сенімділіктері дами түсті; - білім сапасы бұрынғыдан да жақсарды;
- бағдарлама материалын оңай, терең игере бастады, оқуда да жақсы ілгері жылжушылық байқалады. Сондықтан да оқушының интеллектуалдық логикалық ойлау қабілетін дамытамын деп алдыма мынандай жоспар құрудамын
1. Оқушының логикалық ойлауын дамытуда әр түрлі тәсілдерді пайдалану. 2. Логикалық есептерді шығаруда қажетті білім-білік дағдысын қалыптастыру. 3.Оқушыны тапқырлыққа, іскерлікке жетелеуге арналған дидактикалық тапсырмаларды орындату, жинақтау.
4.Логикалық есептер жинағын жасау.