Ата әжеме хат 2-сынып

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы 2 - а

Күні 19.01.2015

Сабақтың тақырыбы:

Ы.Алтынсарин. Ата әжеме хат

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды мәтіннің мазмұнымен таныстыра отырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Өз ойларын, пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей отырып хат жазуды меңгерту.
Топта бірлесе жұмыс жасауға қалыптастыру.

Міндеттері:

Өз ойларын, пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге машықтандыру. Байланыстырып сөйлеу, сын тұрғысынан ойлауын, топпен жұмыс істеу,хат жаза отырып шығармашылық танымдық қабілеттерін дамыту. Өлеңінің мазмұнын түсіну, сөздік қорларын толықтыру, мазмұнын қысқаша баяндау, сұрақтарға толық жауап беру дағдыларын жетілдіру; Топта бірлесе жұмыс жасауға қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер:


Оқушыларды мәтіннің мазмұнымен танысады, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғынады. Өз ойларын, пікірлерін еркін айтады, өз көзқарастарын дәлелдей білуге машықтанады.Өлеңнің мазмұнын түсінеді, мазмұны бойынша көңілге түйгенін анықтайды. Хат жаза отырып, өз ойларын айтуға машықтанады.Топта бірлесе жұмыс жасауға қалыптасады.

Әдіс-тәсілдер:

Топтастыру . Шығармашылық жұмыс.Суреттермен жұмыс,мақал-мәтелдер сөздер.



Сабақтың кезеңі

уақыты

Сабақ барысы

ресурстар

Жағымды ахуал қалыптастыру

3 мин

Оқушылар қағаздарға жазылған әжеміздің мейірімді сөздері арқылы 4-топқа бөлінеді. (алтыным,қошақаным,ботақаным,айналайын) Мұғалім: - Көз не үшін керек?
Оқушы: - Жақсыларды көру үшін.
Мұғалім: - Екі құлақ не үшін керек?
Оқушы: - Ақыл - кеңес тыңдау үшін.
Мұғалім: - Екі қол не үшін керек?
Оқушы: - Елге көмек беру үшін.
Мұғалім: - Екі аяқ не үшін қажет?
Оқушы: - Шетте жүрсең,
Туған жерге жету үшін.

Қағаздарға жазылған мейірімді сөздер

Үй тапсырмасын сұрау

7мин

Өлеңді жалғастыру арқылы айтады.Жазған мақал-мәтелдерін жатқа оқып шығады.Бұл өлеңнен біз нені алдық?не үйрендік?

Жұмыс дәптерлері

Тұсаукесер

2мин

Астанадан хат .Хатты оқып балалар жұмбақты шешеді. Бүгін біз Ы.Жақаевтің «Ата-әжеме хат» әңгімесін оқып танысамыз.

Хат жұмбақ.

Негізгі бөлім

Оқулықпен жұмыс

Ата әжеме хат 2-сынып


3мин

7мин

10мин

5мин

І.Ұжымдық жұмыс. Оқулықтан Ата-әжеме хат әңгімесін оқып танысасыңдар. ІІ.Топтық жұмыс. 1.1-топ: Хаттың басталуы. 2-топ: Назардың оқуы. 3-топ: Назарға атасының айтқан ақылы. 4-топ: Хаттың аяқталуы.

2.Шығармашылық жұмыс. 1-топ: Досыма хат 2-топ:Ұстазыма хат 3-топ: Әскердегі ағама хат 4-топ: Авторға хат

ІІІ.Жұптық жұмыс. Мақал-мәтелдің жалғасын тап.

Оқулық

Тапсырмалар жазылған парақтар

Тапсырмалар жазылған парақтар

Мақал-мәтелдер жазылған парақтар

Сергіту сәті

3мин

Қимылды жаттығулар жасату

Қорытындылау

2мин

Сиқырлы әріптер-ойыны. (Әріптер арқылы туыстарымызға жақсы тілектер айтамыз)

әріптер

Үй тапсырмасы

1мин

Мәтінді түсініп оқиды,әңгімелейді, дәптерлеріне өздері қалаған адамға хат жазып келеді.

Оқулық, жұмыс дәптерлері

Рефлексия

1мин

Оқушылар бүгінгі сабақты қаншалықты түсінгендігін смайликтер арқылы білдіреді.

смайликтер

Қалыптастырушы қорытынды баға

1мин

Топтық және жеке жұмыс бағаларын ескере отырып бағалаймын.

Күнделік



© 2010-2022